- Учителю
- Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару. 9 Сынып
Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару. 9 Сынып
Сабақ жоспары
№10
Пән: алгебра
Сынып: 9 «а»
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Теңдеулер жүйесін құрастырып, есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушыларды екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ Жаңа тақырып:
Теңдеулер жұйесі арқылы есеп шығарғанда келесі алгоритмді қолдану қажет:
Есептің шартын талдау
берілген шамаларды әріппен белгілеу
белгіленген әріптер арқылы берілген шаманы өрнектеу
теңдеулер жазу және олардан жүйе құру
жүйенің шешімін табу
Есептің берілгені бойынша жүйе шешімдерінің қайсысы есептің берілгенін қанағаттандыратынын зерттеу
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №63(ә), №67(а), №69
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №65(а), №73(а)
Сабақты бекіту кезеңі:
Алгебралық қосу тәсілі
Алмастыру тәсілі
Графиктік тәсіл
Жаңа айнымалыны енгізу тәсілі
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма: №68, №73(ә)