- Учителю
- Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Күні: 16.10.
Пәні: математика
Сыныбы: 2 «Б»
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: жауабы 17,18 болатын қосудың кестелік жағдайы мен азайтудың сәйкес жағдайлары туралы білімін пысықтау.
Міндеті:
-
Есеп, теңдеу, өрнектер шығару барысында сандар құрамы біліміне негізделген есептеу дағдыларын машықтандыру
-
Логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту
-
Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Көрнекілік: тапсырмалар, бағалау парағы, слайд, геометриалық фигуралар
Типі: қайталау сабағы
Түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ тәсілі: сұрақ - жауап, ойын,көрнекілік, деңгейлік тапсырмалар, өзін-өзі бағалау,топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін-өзі тану
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
-
Көңіл күйлеріңіз қандай?
-
Ендеше жақсы көңіл күйлеріңізді сыйлау үшін бір бірімізге қарап жымиямыз. Екінші жаққа бұрылып жымиямыз.Енді артымызға бұрылып қонақтарымызға жақсы көңіл күйлеріңді сыйлаңдар . Енді маған жақсы көңіл күйлеріңізді сыйлаңдар.
-
Рахмет, енді сабағымыздан жақсы әсер алу үшін- дұрыс отырып, белсенді қатысып, бірінің жауабын бірі тыңдап, жауаптарын толықтырып отырыңдар.
ІІ. Өткенді қайталау
А) «Ми жаттықтыру»
-
Аулада тауықтар жүр.Тауықтың аяғы 10 Барлық құстар қанша? (5)
-
Екі күннен кейін қазанның нешесі болады? (қазанның 18)
-
Қазақ әліпбиінде бесінші әріп қандай?(г)
-
Қазақстанда теңге, ал Ресейде - ..... (рубль.)
-
Отбасында 4 бала. Қыз қанша болса сонша ұл. Қыз бала қанша?(2)
-
Бес пен жетінің қосындысы он бір ме әлі он төрт пе?
-
Бұл сұраққа дұрыс жауап беру үшін не білу керек? (санның құрамын)
-
Бүгінгі сабақта біз сандар құрамын қайталаймыз.
-
Қандай сандар құрамымен біз таныстық?
-
Не үшін оларды білу керек?
-
Бұл білімді өмірде қайда қолданасыңдар?
-
Ендеше, білімдеріңді тексерейік.
Топтастыру.
Оқушыларға геометриалық фигураларды таратамын.
1-топ шаршы
2-топ үшбұрыш
3-топ дөңгелек
«Математикалық шыршаны құрастыру» ойыны.
Балалар сандар құрамын плакатқа жапсырады
15 16 17 18 13 14
9 9 9 9 9
Ә) Тақтада түрлі тапсырмалар жазылған геометриалық фигуралар ілулі тұр.(жасыл шаршы - есептер, жасыл дөңгелек - теңдеулер, көк шаршы - өрнектер, қызыл тіктөртбұрыш - құпия)
- Бірінші тапсырма түрін сендер білесіңдер, егер айтсаңдар қандай геометриалық фигура қызыл емес, көк те емес, дөңгелек те емес? (жасыл шаршы - есептер)
-Бірінші қысқаша жазуы бойынша ауызша есеп құрастырайық.
Болды - 17 бет І - 15 І-16 ? артық
Оқыды - 8 бет ІІ - ?. 7-еуі кем ІІ-9
Қалды?
-
44-беттегі, №3 есеп шығару
-
Бір оқушыға оқыту.
-
Қысқаша жазуға қандай сөздер керек?
-
Есепті шығару, тексеру.
-
Қай санның құрамы сендерге осы есепті шығаруға көмектесті? (12)
Сергіту сәті
-
Балалар, далада жаңбыр себелеп жатыр. (саусақтарымен партада жауынның дыбысын келтіреді)
-
Жаңбыр күшейіп жауып жатыр.
-
Найзағай сөқты. (шапалақ)
-
Күн күркіреді. (аяқтарымен тарсылдатады)
-
Күн шықты.
-
Бәрі тынышталды.
Б) Келесі тапсырманы анықтау үшін фигуралардың ішінен қайсысы артық екенін табу керек. Неге?
(Дөңгелек - оның бұрыштары жоқ)
Берген теңдеулерді таңдап екеуін шығарады
-
9+х=17 18-у=9 а - 6=7
В) Келесі фигура шаршы. Ол туралы не білесіңдер?
Шаршының тапсырмалары мынадай:
12-5 7+9 14-8 18-8 30+40 а+6
Бұл өрнектерді қолданып қандай тапсырмалар орындауға болады?
(әр түрлі тәсілмен оқып беру,артығын табу, мәнін табу)
-
Біз өрнектерді салыстырамыз. 44-бет, №5
-
Бірінші баған тақтада, қалған екеуін өздігінен орындап,бір-бірін тексеріп бағалайды.
Г) Келесі фигураның тапсырмасын білу үшін демалып, сергіту сәтін орындайық
Сергіту сәті
Құпия тапсырма - ол деңгейлік тапсырмалар.
Оқушылар тапсырмаларды орындап, өзін өзі тексереді
а) І-деңгей
7 + 3 + 4 = …
5 + 5 + 3 = …
4 + 6 + 1 = …
15 - 5 - 7 =…
12 - 2 - 4 = …
14 - 4 - 3 = …
б) ІІ-деңгей
6 + 9 = …
5 + 6 = …
7 + 7 = …
13 - 8 = …
12 - 9 = …
15 - 6 = …
в) ІІІ-деңгей
7 + … = 15
… + 6 = 12
8 + … = 13
14 - … = 8
… - 4 = 7
12 - … = 8
Тақтада жауаптары ілінеді:
14
15
8
13
11
6
11
14
5
3
5
6
6
3
11
7
9
4
- Кімде қате жоқ және бір де бір түзету жоқ. Орнынан тұрады.
-
Кімде 1-2 қате немесе 1-2 қате болды.Солар орнынан тұрады.
-
Кімде одан да көп қате болды орнынан тұрады.
-
ІІІ. Сабақ қорытындысы
-
Сабақта нені қайталадық?
-
17-18 сандарының құрамын кім біледі орнынан тұрғызу
Рефлексия
-
Стикерді қай тапсырма сендерге ұнады соған жапсырыңдар.
Үй жұмысы: 44-бет 2,4,6
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні: _________________________________________________
Жұмыс түрі
ұпай
Теңдеу шығару
Өрнектерді салыстыру
Деңгейлік тапсырмалар
Жалпы ұпай саны
Баға
5 ұпай егер қате жоқ болса
4 ұпай 1-2 қате болса
3 ұпай 3-4 қате болса
14-15 ұпай - «5»
12-13 ұпай - «4»
10-11 ұпай - «3»