- Учителю
- Математика бойынша сабақ ' Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу. '
Математика бойынша сабақ ' Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу. '
Тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.
Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім-білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.
Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексереміз. Сабақтың қожайыны - оқулық, оның көмекшілері - дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 7, 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Мақсат қою кекзеңі: Тақырыбы, мақсатын хабарлау. Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру
ІҮ. Жаңа сабақ: Ауызша жұмыс: 1. Математикалық диктант.
-
7 саны 91 -ден неше есе кем? (13)
-
68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек? (4)
-
8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек? (7)
-
Азайғыш - 1000 , азайтқыш - 450 . Айырманың мәнін тап. (550)
-
Бөлінгіш - 320. Бөлінді - 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
-
Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең? (240)
№ 1. Жасырын санды ата.
Қосылғыш
785
135
710
425
808
Қосылғыш
43
125
290
245
92
Қосындының мәні
828
260
1000
670
900
Азайғыш
950
1000
285
400
925
Азайтқыш
190
690
215
201
25
Айырманың мәні
760
310
70
199
900
№ 6. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада)
Ү. Өтілген материал бойынша жұмыс. Түсіндіріп шығару.
1). № 3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
1 тәсіл. Амалдарды немесе өрнек бойынша есептеу.
Торкөз дәптер - 30 дана 70 дана Ш: 70 - 30 = 40 (жолды дәптер)
Жолды дәптер - ? дана Ж: 40 жолды дәптер.
2 тәсіл: Теңдеудің көмегімен есептеу. Теңдеу құрамыз:
Торкөз дәптер - 30 дана 30 + х = 70
Жолды дәптер - х дана 70 дана Х = 70 - 30
Х жолды дәптер сатып алдық дейік. Х = 40 (жолды дәптер)
Ж: 40 жолды дәптер
(ә, б тапсырмаларды орындап теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қорытындылау.)
2). № 4. (3 топқа бөлініп, І топ - а, ІІ топ - ә, ІІІ топ - б.)
І сөреде - 45 кітап. Ш: 145 - (45 + 45 ∙ 2) = 10
ІІ сөреде - ? , 2 есе артық 145 кітап Ж: ІІІ сөреде 10 кітап бар.
ІІІ сөре ?
3). Өздік жұмыс: № 5. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.
165 : 5 < 29 ∙ 4 425 + 230 < 333 2 1000 - 111 > 150 - 117
ҮІ. Сабақтың қорытындысы. № 8. Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.
Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) S = 5 ∙ 3 = 15 (см2)
Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) S = 3 ∙ 3 = 9 (см2) № 9 . шығармашылық жұмыс.
ҮІІ. Үйге тапсырма : № 2,7. 9, 11 бет. Бағалау.