- Учителю
- Қарама-қарсы сандар .Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама-қарсы сандар .Бүтін сандар. Рационал сандар
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні: |
Базарбаева Айнұр Ермекқызы | |
Сынып: |
6 «а»-сынып | |
Тақырыбы: |
Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар | |
Жалпы мақсаты: |
Оқушыларға қарама-қарсы сандар, бүтін және рационал сандар туралы біліктілігін арттыру. Ойлау, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. | |
Күтілетін нәтиже: |
Берілген санға қарама-қарсы санды табуды, натурал сандар
жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн
дөңгелектері арқылы кескіндеуді, бүтін сандар жиыны рационал
сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектері
арқылы кескіндеуді, таңбалар ережесін пайдалануды біледі.
Матемтикалық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады және ойлау,
есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттері дамиды. | |
Сабақтың типі: |
Бекіту сабағы | |
Ресурстар: |
Геометриялық фигуралар, слайд, таратпалы материалдар, стикер, суреттер, интербелсенді тақта, «табыс» ағашы | |
Сабақбарысы: | ||
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу
|
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру. |
Сәлемдеседі, шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жағымды қасиеттерін айтады. Геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бөлінеді.
|
Үй тапсырмасын тексеру «Қайталау оқу анасы». |
Оқушыларға өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары қойылып, жауап алынады. Сұрақтар: 1. Қандай сандар қарама-қарсы сандар? Мысал келтіріңдер 2. Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды? Мысал келтіріңдер 3. Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды? 4. 0 санына қарама -қарсы сан? 5. Эйлер-Венн дөңгелегі 6. Таңбалар ережесі Интербелсенді тақтада үйге берілген есептің жауабы тұрады. |
Сұрақтарға жауап береді, үйге берілген есептің дұрыстығын топ басшылары тексереді. Өз-өздерін бағалайды. |
Дамыту кезеңі Толықтыру | ||
«Тарсия» |
Топтарға есептер жазылған сурет бөлшектері таратылады: Тіктөртбұрыш тобы: Күз келбеті суреті Квадрат тобы: Байтерек суреті Үшбұрыш тобы: Мектеп суреті беріледі. |
Берілген есептерді шығарып, суреттер құрастырады. Шешкен есептерінің санына байланысты бірін-бірі бағалайды.
|
Сергіту сәті |
Сіздер шаршаған шығарсыздар |
Билейді |
Ой толғау |
Тақтада деңгейлік есептер жазылады. (оқулықтан ) В-деңгейі: 325 С-деңгейі: №332 |
Әр топтан бір -бір оқушыдан шығып, тақтада есеп шығарады. Әр топ берілген есептерді топпен талдап шығарады. Топ ішінде бағалау жүргізіледі. |
Бекіту кезеңі | ||
«Поле чудес» ойыны |
Тақтада берілген есептерді шығарып, жасырын сөзді табады. ( ҚАЗАҚСТАН ) Тапсырмалар: Қ ( - 7 ) санына қарама-қарсы сан А 45 санына қарама-қарсы сан З -2,5-пен 5 сандарының арасында неше бүтін сан бар? С Рационал сандар жиыны Т Жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса жақша ішіндегі санның таңбасы өзгереме? Н Жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса жақша ішіндегі санның таңбасы өзгереме? |
Оқушылар топтық сайыс түрінде жасырын сөзді табады. Топ ішінде бағалау жүргізіледі. |
Қорыту | ||
Рефлексия |
«Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні сабақтың тақырыбы, ал ағаштың жемістері- сіздердің білімдеріңіз. Алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. Жапырақ: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналым. Жерге түскен жапырақ: Сабақ маған түсініксіз |
«Табыс» ағашына сабақты меңгердім, қиналамын, меңгерген жоқпын деп жазып жапыстырады.
|
Бағалау |
Оқушыларға бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау ұсынылады. |
Оқушылар өздеріне әр тапсырма бойынша қойылған бағалардан қорытынды бағаны анықтайды |
Үйге тарсырма |
№324, №335 |
Күнделіктерін толтырады, бағаға әкеледі. |