7


  • Учителю
  • Презентация, математика апталығындағы сайыс сабақ

Презентация, математика апталығындағы сайыс сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ойлы болсаң,озып көр!»

Физика-математика ғылымдарының докторы,профессор Асқар Жұмаділдаев 60 жаста



5- 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ



Өткізген: Ахметова Күлшат

12.05.2016























































































































Физика, математика ғылымдарының докторы, профессор А.Жұмаділдаевтің 60-жасқа толуына орай өткізілген сайыс сабақ. 5-6 сынып. 12.05.2016 жыл

Тақырыбы: «Ойлы болсаң,озып көр!»

Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету,ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту, окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру

Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар және сайысқа қатысушы 5-6 сынып оқушылары «Ойлы болсаң озып көр» сайысына қош келдіңіздер!

Физика,математика ғылымдарының докторы, профессор А.Жұмаділдаевтің 60 жасқа толуына байланысты біздің мектебімізде түрлі іс-шаралар өтуде.Соның бірі ретінде бүгін біз сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.Сіздерді А.Жұмаділдаев атамыздың өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтейін.

Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (25.02.1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) - белгілі қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі.

1980 - 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. ЖұмаділдаевГерманиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 - 96), Билефельд (1996 - 99) университеттерінің профессоры болып, [[Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 - 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол - 12-сайланған Қаз КСР</<font color="#000000"> Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.Физика,математика ғылымдарының докторы,профессор А.Жұмаділдаев қазақтың балалары барлық пәндерден өте алғыр келеді деп көрсетті.Ендеше бүгінгі «Ойлы болсаң,озып көр» атты сайысымызды бастауға рұқсат етініңдер.

Бүгінгі математикалық сайысымызға 5-6 сыныптардан құралған білімді де ұшқыр ойлы оқушылар келіп отыр.Әр топ 6 оқушыдан тұрады.Ендеше, сайысқалы отырған топтарымызбен таныс болайық.Олар «Төрткен» және «Төртқара» топтары. А.Жұмаділдаев «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап шығарған қазақтың тұңғыш математигі. Бұл - әлемдегі тұңғыш қазақша атауы бар алгебра!

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім,терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады - деп бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасы мүшелерімен танысайық.

1.

2.

3.

4.

5.

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. Ойлан тап

  2. Сен білесің бе?

  3. Сиқырлы кубик

  4. Тапқырлар

1.Ойлан тап.Бағалануы 10 ұпай

1) Бес үштің көмегімен қолдарыңыздағы тапсырмадағы теңдік дұрыс орындалатындай арифметикалық амалдар қойып шығыңдар. Жақша да пайдалануға болады.

3 -(3: 3+3: 3)=1

3 - 33: 33=2

3x33: 33=3

(3+3+3+3): 3=4

3+(3: 3+3: 3)=5

(3x3 - 3)+(3 - 3)=6

2) Төрт екінің көмегімен қолдарыңыздағы тапсырмадағы теңдік дұрыс орындалатындай арифметикалық амалдар қойып шығыңдар. Жақша да пайдалануға болады.

(2+2):(2+2)=1

2: 2+2: 2=2

(2+2+2): 2=3

2x2+(2 - 2)=4

2x2+2: 2=5

2x2x2 - 2=6

2.Сен білесің бе? Бағалану ы10 ұпай

Сұрақ - А

1. 12 - ні 10 есе арттыр (120)

2. қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10)

3. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

4. «Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)

5. Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)

Сұрақ- Ә

1. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

2. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

3. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)

4. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл - Фараби)

5. Жарты түзудің басқаша атауы (сәуле)

3. «Сиқирлы кубик».Бағалануы 10 ұпай

«М» жағы түссе,сандық мақал жалғасын табу

1.Бір елі ауызға-...

2.Бір кісі қазған құдықтан,...

3.Досыңды үш күн сынама,...

«Ж» жағы түссе,математикалық жұмбақтар шешеді.

1.Қос құлақты 100 тісті,

Жүзіне бірақ із түсті. (ара)

2.Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (апта күндері)

3.Бір таудың екі күзетшісі,екі тыңшысы,отыз екі бөрісі бар.Ол не? (адамның басы)

«Ф» жағы түссе,формулаларды табады

1.Дөңгелектің ауданы

2.Тік төртбұрыштың периметрі

3.Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі

«?» жағы түссе,сұрақтарға жауап береді

1.Бірінші ұстаз атанған грек ғалымы? (Аристотель)

2. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл - Фараби)

3. Ең алғашқы әйел математик (С.В.Ковалевская)

«♫» белгісі түссе,ән,тақпақ айту

«П» жағы түссе,(приз) сыйлыққа ие болады.

4.Тапқырлар кезеңі.Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылады.Бағалануы 10 ұпай

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша ? (3 кг)

2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ? (5 бұрыш)

3.Төрт қойдың неше аяғы бар ? (16 аяқ)

1.Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады ? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі ? (3 мин).

3. 1 т мақта ауырма, 10 ц темір ауырма ? (тең).

Әділқазыларға сөз беріледі.

Қорытынды

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп,өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспінОсымен «Ойлы болсаң озып көр» атты сайысымыз аяқталды,қатысқан оқушыларға алғыс білдіремін.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал