- Учителю
- 6 Саны мен цифры
6 Саны мен цифры
Сабақтың тақырыбы: «6 саны мен цифры».
Сабақтың мақсаты:
-
6 санының пайда болуы, 6 цифрын жазуды үйрету, алты бұрыш туралы түсінік беру.
-
Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
-
Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарларын аудару;
- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру;
1-ден 5-ке дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.
III.Жаңа сабақ.
1. Кестені пайдаланып 6 санының шығару 5+1=6 болатынын түсіндіру, 6-5=1 теңдігін оқушыларға тапқызу. Сандар қатарында 5-тен кейін 6 саны болатынын, оның 6 цифрымен белгіленетінін көрсету. Ұзындығы 6 см болатын кесіндінің ұзындығын өлшеу нәтижесі де 6 санын беретінін, оның 5 см-ден артық екеніне көздерін жеткізу. Есікке салар іліп,
Мынау деген құлып.
Аузы ашылмаған қалпы
Айнымаған «6»
2. Оқулықпен жұмыс.
№1 Көйлектерді, тігіншілерді санау арқылы теңдік құру 5+1=6 6-5=1
Кесіндінің ұзындығын өлшеу 6см 6см > 5см, 4см, 3см, 2см, 1см т.б.
№2 Алты бұрыштарды санау, түрлерін салыстыру арқылы теңдік құру, оларды оқу
+1=6 -1=5 +5=6 -5=1 кері амалдар құрастыру.
№3 6 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 5-пен 6-ны салыстырып, >,< таңбалары арқылы жазып, оқу керек.
3. Дәптермен жұмыс.
Әрбір оқушы өз бітімен орындау. Доптардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 6-ны басқа сандармен, 6 см-ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 6 цифрын жазып жаттығу.
4. Сергіту жаттығулары.
№4. Өздік жұмыс. әйнекшелердің орнына теңдік немесе теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды тауып қою. Үшбұрыштарды санау, салыстыру
№5 Суреттер бойынша ауызша есептеулер жүргізу.
Шығармашылық тапсырма орындалады.
IV.Қорытынды.
«Балапандарды құтқару» ойыны арқылы жұмбақ есептерді шешу
Тал басында тізіліп
6 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып түсті үшеуі.
V.Бағалау.
VI..Үйге тапсырма беру.
6 санын жазып жаттығу, есептер шығару