- Учителю
- Сабақтың тақырыбы «Жай бөлшектер» тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы «Жай бөлшектер» тарауын қайталау
Сыныбы: 5 Пәні: Математика
</ Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, Жай бөлшек, бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек, аралас сандар туралы білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;
ә) дамытушылық мақсаты: тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, математикалық тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік мақсаты: топішілік, топаралық бағалау тәсілдері арқылы оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа және тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, ауызша есептеулер, тест, сергіту ойындары, даралық, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған жұмыс дәптер.
Пәнаралық байланыс: күнделікті өмірмен байланыс, әдебиет
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру №583 (1,2)
3. «Тез жауап» (сұрақ - жауап)
4. «Құпия кесте» (ауызша есептеулер арқылы, даталы күнді табу)
5. «Қас - қағым сәт» (тест тапсырмасы орындау)
6. «Біліміңді сынап көр» (Ұяшық таңдау арқылы есептер шығару, ұяшық астындағы «4» деген сыйлық бағаны иелену)
7. «Өзіңді тексер» (деңгейлік тапсырмалар, барлық оқушыға парақша таратылып, оқушылар түгелдей қатыстырылады)
8. «Ой түйін» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
9. Психо-геометриялық тест «Мен қандаймын!»
10. Қорытындылау
11. Бағалау, мадақтау
І бөлім «Тез жауап» (сұрақ - жауап)
-
Жай бөлшек неден тұрады? (белшек сызығынан, алымы және бөлімінен)
-
Бұрыс және дұрыс бөлшек дегеніміз не? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс, алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады)
-
Аралас сан дегеніміз қандай сан? (Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады)
-
Алымы бірдей жай бөлшекті қалай салыстырамыз? (Бөлімінің кішісі үлкен болады)
ІІ бөлім «Құпия кесте» (Ауызша есептеулер)
-
Бос орынға тиісті санды табыңыз: (16)
-
Аралас сан түрінде жазыңыз: (12)
-
Қорапта 2011 алма бар. Оның 13 - і қызыл алма. Қызыл алма қораптағы алманың қандай бөлігін құрайды? (2011)
Құпия кесте
-
(Тәуелсіздікке 20 жыл, оқушылар өлеңдерін оқиды )
ІІІ бөлім. Қас - қағым сәт (Тест тапсырмалары)
1.Дұрыс бөлшекті тап:
а) б) в)
2. 3: 17 бөліндісін бөлшек түрінде жаз:
А) б) в)
3. бөлшегін аралас сан түрінде жаз:
А) б) в)
4. аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаз:
А) б) в)
5. бөлшегін бөлінді түрінде жаз:
А) 13:7 б) 13:37 в) 37:13
6. Бұрыс бөлшекті тап:
А) б) в)
ІҮ бөлім «Біліміңді сынап көр» (Ұяшық астындағы есептерді шығару, «4» - тік баға сыйлыққа алу)
592 есеп. Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:-
№596 есеп. Бөлшектерді салыстырыңдар:
-
№598 есеп. Теңдік тура болатындай жұлдызшаның орнына тиісті натурал санды қойыңдар:
-
№592 есеп. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар:
-
«4» - тік баға сыйлық
-
№599 есеп. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:
Ү бөлім «Өзіңді тексер» (Жазба жұмыс дәптер таратылады, сондағы деңгейлік тапсырмаларды оқушылар орындайды)
І деңгей тапсырмасы
Бөлшекті қысқартыңыз:
ІІ деңгей тапсырмасы:
Салыстырыңдар:
ІІІ деңгей тапсырмасы
Бөлшекті ең кіші ортақ бөлімге келтіріңіз:
ҮІ бөлім «Ой түйін» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
-
Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек (Бұрыс)
2 2 неге тең? (төрт)
Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан (Аралас)
Геометриялық фигура (шаршы)
Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті өрнек (Теңдеу)
Ең кіші жай сан (Екі)
ҮІІ бөлім «Мен қандаймын!» психо - геометриялық тест
Мұнда әр оқушы слайдта көрсетілген үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер т.б әртүрлі фирураларды таңдау арқылы өзінің қандай оқушы екендігі туралы мағлұмат алады.
Үйге: №599 (4,5,6), шығармашылық жұмыс
Сабақты Н. Назарбаевтың сөзімен қорытындылау
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің енендігін ұмытпа.
Бағалау, мадақтау
-