- Учителю
 - Сынып тыс 'Кім алғыр'
 
Сынып тыс 'Кім алғыр'
Математика апталығы аясында 5 сыныптар арасында өткізілген сабақтан тыс іс - шара дайындаған математика пәнінің
мұғалімі: Манасова Зауре Ешмуратовна
 
Сабақтың тақырыбы: «Кім алғыр»
Сыныптан тыс іс - шараның мақсаты:
 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: Топтық сайыс
 Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар
 Жоспары:
 1. Топтарды таныстыру
 2. І - тур (блиц - сұрақтар 10/10)
 3. ІІ - тур (жасырылған есеп)
 4. Қызықты үзіліс
 5. Қорытындылау, марапаттау
 Барысы:
 Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
 Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
 Математика сырлары,
 Қызықтырды біздерді.
 Ойынға бірге қатысуға,
 Шақырамыз сіздерді!
 Әділқазы алқасымен танысу
 Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің сәттілік тілейміз.
 - Сайысымызды бастау үшін, алдымен 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушыларын құралған екі топты ортаға шақырамыз.
 1) Топтарды таныстыру кезеңі. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.
 2) І - тур (блиц - сұрақтар 6/6)
 1. Сағаттың ¼ - і неге тең? 15 минут
 2. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
 3. 1 кг - да неше г бар? 1000г
 4. Ридиусы 5 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 10
 5. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
 6. 2 - нің 2 дәрежесі. 4
 1. Тәуліктің 24 - тен 1 - і 1сағат
 2. Ең кіші екі таңбалы сан? (10)
 3. 1 сағатта қанша минут бар? (60)
 4. Ридиусы 3 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 6
 5. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 100
 6. 16 нешенің квадраты? 4
 3) Жасырылған есеп
 1 - есеп:
 Тіктөртбұрыштың ауданы 24см2, ұзындығы 6см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап? Жауабы: 20
 2 - есеп:
 Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 9см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап. Жауабы: 56см
 4) Қызықты үзіліс
 Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
 Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс - әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс - қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
 Жасырылған сөздер:
 1. Координаталық жазықтық
 2. Бұрыш
 3. Кітап
 5). Қорытынды.
 - Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
 Жеңімпаздар марапатталады.