- Учителю
- 'Кері есептер' тақырыбындағы сабақ жоспары (3 cынып)
'Кері есептер' тақырыбындағы сабақ жоспары (3 cынып)
Сабақ жоспары
Сыныбы : 3 «В»
Пән атауы: математика
Сабақтың тақырыбы: Кері есептер
Сабақтың мақсаты: Берілген есеп бойынша кері есеп құру, шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыруға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Кері есеп құра отырып шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыра алады.
Бірін-бірі тыңдай отырып, бағалай алады.
Қолданылатын модульдер: Ой қозғау, диалогтық оқыту, ұжымдық оқыту
Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жеке жұмыс», «жұптық жұмыс», пәнаралық байланыс.
Уақыт өлшемі
Сабақ этаптары
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеттері
Ресурстар
1 мин
Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу
Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді
2 мин
Психологиялық дайындық
Өлең шумақтарын оқушылар хормен айтады
Тақта
2 мин
Топқа бөлу
Оқушылар түрлі-түсті қағаздарды таңдап, 3 топқа бөлінеді.
Түстердің адам өмірімен байланысы туралы түсінік беріледі.
Бағалау өлшемімен таныстырады.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Бағалау өлшемімен танысады.
Үш түсті қағаздар.
Бағалау парақшалары.
5 мин
«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?»
Берілген өрнектердің мәнінің дұрыс, бұрыстығын анықтайды.
Дәлелін келтіре отырып тура өрнекті шындыққа,
тура емесін жалғанға жазады.
Өрнектер жазылған кесте
5 мин
«Ой шақыру»
Ауызша есептер оқылады
Оқылған есептерге тез жауап береді.
10 мин
Негізгі бөлім:
Кіріспе
«Ақылдас, топтас, талқыла»
Жаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды
1 топ: №1 есептің а)
2 топ: №1 есептің ә)
3 топ: №1 есепті б)
Топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде
флипчартқа түсіріп қорғайды.
Есептердің шартын, сұрағын, жауабын салыстырады.
Оқулық, суреттер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер
1 мин
Сергіту
«Көңілді күн»
Би қимылдарын орындайды.
Бейнежазба
7 мин
5 мин
Жеке жұмыс
«Жұбыңа әңгімеле»
Оқушыларға парақшаға жазылған тапсырмалар беріледі.
Сәйкестендіру тесті таратылады.
Берілген тапсырманы дәптерлеріне орындайды,
тақтада жазылған дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды.
Меңзер бағыты арқылы дұрыс жауабын белгілейді.
Жұптар тақтадағы жауап арқылы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Парақшалар, бағалау бетшесі.
Тест, бағалау бетшесі.
2 мин
Қорытынды:
Сұрақтар қойылады.
Сұрақтарға жауап береді
3 мин
Бағалау
Әр оқушы өзінің балын оқып, қорытындысын айтады.
Бағалау парақшалары.
2 мин
Рефлексия
Бүгінгі сабақ туралы ойларын білдіреді
Сабақтан алған әсерлерін жазады.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы, Ақшұқыр мектеп-
лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Ескелді Тойжан