7


Урок по математике 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 5 сынып .


Күні:

18.11. 2015 жыл. Пән мұғалімі: Есқалиева З.Т.

Сабақтың тақырыбы:

2- ге, 5- ке және 10-ға бөлінгіштік белгілеріне есептер шығару

Жалпы мақсаттар :

Жаңа білім:

2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері және жұп сан және тақ сан терминдері туралы білімдерін қайталайды.


Жаңа түсінік:

Тақырыпты игеру барысында 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері туралы түсініктерін кеңейтеді.


Қолданым әрекеті:

Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға бөлінетіндігін анықтайды.


Шығармашылық әрекет:

Тапсырмаларды орындауда 4 -ке, 25 -ке ,100 -ге, 1000 -ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдап, дәлелдейді.

Тақырып жоспары:


1. Өткен тақырып бойынша білімдерін қайталау

2. Тақырып бойынша денгейлік тапсырмаларды орындау

3. Тақырып бойынша топтық жұмыс


Ресурстар

Оқулық , интербелсенді тақта , сабаққа қажетті ресурс тар.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі: жеке , жұппен топпен .

Әдісі: СТО, Көшбасшылық , талантты және дарынды балаларды оқыту, ОҮБ және оқуды бағалау, АКТ.

Оқыту нәтижесі:

  1. Тақырыпты игеру барысында 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері туралы түсініктерін кеңейтеді

2)Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына

бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға

бөлінетіндігін анықтайды

3)Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандары

на бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға

бөлінетіндігін анықтайды.


Түйінді ойлар:

Натурал сандардың 2- ге , 5- ке және 10- ға бөлінгіштік белгілерін білу есептер шығаруда қолдану

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс , қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті



Ұйымдастыру

кезеңі

3мин

Шаттық шеңбері «Жүректен -жүрекке»

Бір- біріне қарама- қарсы тұрып тілек айтуы.

2 мин

Топқа бөлу

3 топқа бөлінеді

Тапсырмалар

«Қызығушылығын ояту» сатысы

«Миға шабуыл» жаңа тақырып бойынша сұрақтар.

«Мағынаны тану» сатысы : Жеке жұмыс. Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс. Жұптық жұмыс. «Ой қозғау» сатысы: Топтық жұмыс .Постер қорғау.Талантты және дарынды балалармен жұмыс.

Кейінгі тапсырмалар

ІV тарау § 4.3.

I .Ұйымдастыру. «Қызығушылығын ояту» сатысы (3 мин )

1)Тренинг. «Жүректен - жүрекке» тілек айту (2 мин )

2) Топқа бөлу .

3) Сабақтың мақсатымен таныстыру:

1. Тақырыпты игеру барысында 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері туралы түсініктерін кеңейту

2. Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға бөлінетіндігін анықтау

3. Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына бөлінетін сандар

құрастырып жазып, қай санға бөлінетіндігін анықтау

4) Бағалау критерийі:



Тақырыпты игеру барысында 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері туралы білу


0 - 3 ұпай

Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға бөлінетіндігін анықтау

0 - 3 ұпай

Тапсырмаларды орындауда 4 -ке, 25 -ке ,100 -ге, 1000 -ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдап, дәлелдеу


0 - 3 ұпай

Ауызша сұрақтарға жауап беру және топтық жұмысқа қатыстыру.




0 - 3 ұпай



II . «Миға шабуыл»

Өткен тақырып бойынша сұрақтар ( 6 минут ):

  1. 2- ге қандай сандар бөлінеді ?

  2. 5- ке қандай сандар бөлінеді ?

  3. 10- ға қандай сандар бөлінеді ?

  4. Көбейтіндінің бөлінгіштігі

  5. Қосындының бөлінгіштігі

  6. Айырманың бөлінгіштігі

III. "Мағынаны тану» сатысы: Есептер шығару . Оқулықпен жұмыс.Жеке жұмыс. (12 минут)

І деңгей тапсырмалары

1. 25; 897; 864; 1244; 3024; 23321; 8888; 1991 сандарының қайсысы жұп, қайсысы тақ?

2. 2485; 1056; 3455; 13484; 20550; 12048 сандарының ішінен 1) 2-ке; 2) 5-ке; 3) 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.



3. Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, кестені толтырыңдар.


2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

63*


37*


49*


4. Оқушы 5 дәптер сатып алды. Оқушы неше теңге төлеуі мүмкін? Жауапты таңдап алыңдар.

А. 176 тг В. 183 тг С. 175 тг D. 178 тг

5. Сымбат суретке арналған бағасы бірдей 5 дәптер сатып алды. Оған Сымбат 565 тг төледі ме, әлде 567 тг төледі ме? Сурет дәптер неше тг тұрады?

ІІ деңгей тапсырмалары

1. 47 * санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрларды қойғанда:

1) 2-ге; 2) 5-ке; 3) 10 -ға бөлінетін сандар шығады?

2. Теңсіздіктер орындалатындай а -ның жұп мәндерін теріп жазыңдар.

1) 237 <a< 243; 2) 999 <a< 1008; 3) 466 <a< 473; 4) 1085 <a< 1092.



IV. Сергіту сәті

V. Жеке жұмыс: ( 5 минут )

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. 403, 322, 505, 940, 87, 708, 609, 999, 4064 сандары 10 -ға қалдықсыз бөлінуі үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек?

2. 0, 1, 2, 5 цифрлары арқылы 2-ке , 5-ке, 10 -ға бөлінетін 3 таңбалы қанша сан құрастыруға болады?

VI . «Ой қозғау» сатысы : топтық жұмыс. Постер қорғау ( 8 мин )

Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әр топ бөлінгіштік белгілерінің ерекшеліктеріне тоқталады және дәлелдейді.

I топ.

1020, 5600, 1100, 5001, 6000, 704000, 6800, 690500 сандарының қайсысы

100 -ге, 1000 -ға бөлінеді?100-ге, 1000 -ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар.



II топ.

4пен 25 санына бөлінгіштік белгілерін өздерің құрастырып көріңдер. Ол белгілерді қолданып, 328, 425, 554, 196, 775, 7589360, 5000, 9100 сандарының қайсысы 4 санына, қайсысы 25 санына бөлінетінін анықтаңдар.

IIІ топ.

Егер кез келген үштаңбалы санға сол цифрлар арқылы кері ретпен жазылған үштаңбалы санды тіркеп жазса, онда шыққан сан 11 санына бөлінетіндігін дәлелдеңдер



VII. Үйге тапсырма : IV тарау § 4. 3. № 613, 619

VIII. Бағалау : Сабақ барысында оқушылар формативті бағаланады және бағалау бетшесі арқылы топ жетекшісі ұпай қояды. ( 2 мин )

IX . Рефлексия. ( 2 минут)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал