- Учителю
- Қарттар күні 7- класс класс сағаты
Қарттар күні 7- класс класс сағаты
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№2 орта мектеп
Қарты бар ел- қазыналы ел
( Қарттар күніне арналған мерекелік шара жоспары)
Жумагазина Б. К.
2015 жыл
Қарты бар ел- қазыналы ел
Мақсаты: Оқушыларға қарттар күнінің маңызын ұғындыра отырып, қариялар алдындағы парызын ұғындыру. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт - дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Халық күйі « Салкүрең» орындайтын Ансамбль
1-жүргізуші:Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би
Сіздер үшін мереке шашулары
2-жүргізуші:Қариялар қашан да ел мерейі,
Отбасының-Отанның берекесі.
Қош келдің жарқырап ортамызға
Бүгінгі қариялар мерекесі
1-жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты да аяулы аталар, ақ жаулықты аналар!
2-жүргізуші: Елімізге жылдан жылға дәстүрлі мерекеге айналып келе жатқан «Қарттар күні» мерекесі де келіп жетті. Баршаңызды дәстүрлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
1-жүргізуші: Ақылдың кенін арқалаған қариялардың құрметіне арналған «Қарты бар ел- қазыналы ел» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.
1-жүргізуші: Сіздердікөрген кезде ақылдың кені, отбасының берекесі, кейінгі ұрпақтың ақылшы, халықтың қамқоршысы, жұртының қорғаушысы екендеріңізді байқаймыз. Олай болса, бүгінгі сый-құрметтің барлығы сіздер үшін, ардақты қариялар!
2-жүргізуші: Қазақ халқы « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата-дәстүріміз.
1-жүргізуші: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген бүгінгі қариялар алдындағы адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау деген сөз емес пе?
2-жүргізуші: Ендеше қарттар күні мерекесіне арналған кешімізді бастаймыз!
Алғашқы мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры
Нұрмахан Ерік Әбдірашұлына беріледі.
1-жүргізуші:Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мерекешашулары.
2-жүргізуші:Барша қарияларымыздың құрметіне арналған Нұртолғанның термесі « Қанекей, тілім, сөйлеші» орындайтын 2 -класс оқушысы Абдраман Ақмерей.
1-жүргізуші:Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
2-жүргізуші:Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Келесі ыстық ықылас, кең пейіл, ақ жүректен шыққан жыр жолдары өздеріңе арналады, қабыл алыңыздар!
(Көркемсөз оқылады)
1-жүргізуші: Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отырады үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
2-жүргізуші: Кең даланың қоңыр лебі-үнінде,
Дархан елдің даналығы- тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи,
Тозбай келген кешегі мен бүгінде
Ән: «Асыл әжем» орындайтын 5 класс оқушысы Құспанова Аружан
1-жүргізуші: Арқасынанардыңжүгінартқандай,
Батырлығы-арғыатағатартқандай.
Мойымағанқиындыққатөзімді
Бұрынғыныңқыранқабаққарттары-ай.
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Қазақ биімен бишілер тобы
1-жүргізуші: Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын.БасындаҚарттаркүні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
2-жүргізуші: Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде.
1-жүргізуші: Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған аталарымыз бен әжелерімізді бұл жұбата алады ма?
(Қарттар үйінен бейнекөрініс)
2-жүргізуші: Осы көрініс туралы қарттарымыз не айтар екен. Құлақ түрейік...
(Қарттарға сұрақтар қойылады)
1.
2.
3.
1-жүргізуші: Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасында нардың жүгін артқандар.
Омырауға қос-қос орден таққандар.
2-жүргізуші: Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,
Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.
Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,
Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.
8- класс оқушысыӨтегеновҚуаныштың орындауындағы «Қариялар азайып бара жатыр» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Үнді биімен кішкене бишіміз ............................... шақырамыз
1-жүргізуші: Қариялар! Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақтың.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
2-жүргізуші: Қариялар!Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен
Баяғы бәз жүздерің өзгермеген.
«Анашым» әні орындайтын 6 класс оқушысы Салыхова Нұркөркем
(қарттарға сөз беріледі)
1-жүргізуші: Абырой амандығын арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
1-жүргізуші: Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі балдырған мен жастар көрсін.
2-жүргізуші: Халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын,- деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Сау- саламатта болыңыздар!
(спорттық сайыстар)