- Учителю
- математикадан сабақ жоспары 'Заттарды санау' (1 сынып)
математикадан сабақ жоспары 'Заттарды санау' (1 сынып)
Пән: математика Тексерілді:------------
Өтілу мерзімі:
І - тарау: Қарапайым түсініктер
№1 Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау
Сабақтың мақсаты: 1. Математика пәні жайында түсінік беру. Математика ғылымының қажеттілігі мен пайдасы. Қарапайым түсініктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларды санауға үйретудің тәсілдерімен таныстыру, зат пен санды сәйкестендіруге үйрету.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбер.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап өткен күнге!
2. Тығырық:
-Балалар, мына кішкентай көжек неге жылап тұр деп ойлайсыңдар?
-Көжек,балалар, мектепке бірінші сыныпқа келіпті, оның қолында не бар? -- қолыңдағы шарларының жартысын ұшырып алыпты, соған жылап тұр екен.
-Көжекке көмектесеміз бе?
-Санап шарлардың жібін көжектің қолына ұстату.
-Жақсы балалар, сонымен неше шар бар екен?
6-10 шар.
10
7
8
1
3
9
4
2
5
-Жақсы, балалар, біздің көжек енді оқушы болды. Оған енді керек?
-дұрыс оқулықтар.
-санауға, есептер шығаруға бізді қай пән үйретеді, қай оқулық?
-дұрыс, математика.
-ендеше, көжекке математика кітабын сыйға тартайық. Ол орман мектебінде барып математика ғылымын оқып,зерттесін.
- ал енді біз де кітабымызды ашып, сандар әлеміне үңіліп, санауды үйрене бастайық.
3. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың назарын оқулыққа аудару.
3 бет №1 тапсырма заттарды ата, сана.
Тура санау, кері санату. Әр затты санау, барлығын бірге санау.
3 бет № 2 тапсырма сурет бойынша жұмыс.
-
Кімдерді көріп отырсыңдар?
-
Мұғалім нешеу?
-
Оқушылар нешеу?
-
Оң жақта неше бала?
-
Сол жақта неше бала? т.т
4 бет №3 Қояндар нешеу? Тәтті тоқаштар нешеу? Барлық тоқаштар қояндарға жете ме? (Бөлшектері үлестіру алдағы уақытта үлес тақырыбына дайындық) торттың бір бөлігі, бірден екі бөлігі, барлығы төрт бөлік.
4.Дәптермен жұмыс:
1. «Цирк» жануарларды ата, сана, боя. Геометриялық фигураларды ата, сана, боя.
2. Жемістерді ата, сана, тиісті суретін сал.
3. Нүктелер мен таяқшаларды жазу.
Сергіту сәті:
Жоғары қарадым - аспан көрдім,
Төмен қарадым - жер көрдім.
Оңға бұрылдым, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім
Дұрыс отыру,дәптердің дұрыс орналасуын, қаламды дұрыс ұстауды қадағалау.
Сабақты қорытындылау:
-
Математика пәні не үшін керек?
-
Бүгін не істедік?
-
Сендерге не ұнады?
Кітап: 4 бет № 4 тапсырма. Аю неше балық ұстай алады? Тура, кері санау.
Оқушыларды мадақтау. қоянның суретін тарату
Үйге тапсырма: 3-4 бет қайталау,дәптердегі 3 тапсырма.