- Учителю
- Конспек урока по геометрии на тему 'Площадь прямоугольника' 8 класс)
Конспек урока по геометрии на тему 'Площадь прямоугольника' 8 класс)
Нургазина Қаламқас Кәкімқызы
Қазақ орта мектебінің
математика пәні мұғалімі,
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
Білімі: жоғары, І санатты
Еңбек өтілі: 28 жыл
Қазақ орта мектебінің
Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту
Оқытуда оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа тақырыпты өз бетімен игеруіне жағдай жасау әр ұстаздың міндеті. Сондықтан мұғалім өзінің әрбір сабағын жаңа тақырыпты өзі баяндап түсіндіру арқылы емес, оқушылардың өз бетімен оқып меңгеруіне бағыт беретіндей етіп жоспарлауы керек. Оқушыларға логикалық ой туғызып, ізденіп жұмыс жасауына бағыт -бағдар беру керек. Төменде өзімнің 8 - сыныптағы «Тіктөртбұрыштың ауданы» тақырыбындағы бір сабағымның жоспарын әріптестеріме көмегі болар деген оймен беріп отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданы
Сабақтың мақсаты: Тіктөртбұрыштың аудан ұғымын білу; тіктөртбұрыштың ауданы туралы теореманы дәлелдеу, халықаралық PISA бағытында есептер шығару.
Оқыту нәтиже: Оқушылардың бірін - бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу, мұғалім оқушыларды оқуға бағыттап отыру, оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Қойған негізгі идея: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену, барлық сала математикамен байланысты екенін көрсету.
Күтілетін нәтиже: Оқушыға алатын білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірмен байланыстыра пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: Топтық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд көрсетілімдері, тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, кеспе қағаздар.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Ой - түйіні
ІІІ. Рефлекция
І. Кіріспе: Оқушыларға сұрақ қойылады. Біздің кабинеттегі еденнің формасы қандай? Еденге төсеу үшін неше квадрат метр линолеум керек? Бұл үшін нені білу керек? Біздің сабақтың тақырыбы қандай болады? Сабақтың тақырыбы айтылады.
ІІ. Оқушылар өздіктерінен теориялық материалды оқулықтан оқиды.
ІІІ. Тақырыпты игерген оқушы тақтада теореманы дайын сызба арқылы дәлелдейді, қалған оқушылар қажет болса толықтырады, түзейді. Әр оқушы дәптерлеріне жаңа тақырып бойынша қажетті мәліметтерді жазып алады.
ІV. Барлық оқушыларға сандар жазылған кеспелер таратылады. Жұп сандары бар оқушылар І - топты, тақ сандары бар оқушылар ІІ - топқа бөлінеді, оларға практикалық мағынасы бар есептер беріледі.
V.Жаңа сабақты бекіту. Екі топқа есептер беріледі
І топқа. 1 есеп. Биіктігі 2,5м; ені 5м және ұзындығы 6м болатын бөлмеге ремонт жасау керек. Стенаның ауданын тап.
2 есеп. Бір рулонның ені 60см, ұзындығы 10м болса стенаға жапсыру үшін неше рулон керек?
3 есеп. Бір рулонның құны - 800тг, клей - 300тг. Ауданы 10м2 жерге қолданса. Қанша ақша керек?
4 есеп. Обойдың неше пайызы қалдық болады?
ІІ топқа. 1 есеп. Бөлмеде өлшемдері 2х1,2м екі есік және өлшемдері 1,4х1,5м болатын үш терезе бар. Бөлменің биіктігі 2,5м; ені 5м және ұзындығы 6м болса стенаның ауданын есепте ( есіктерсіз және терезелерсіз).
2 есеп. Обойдың өлшемдері 0,6х10м болса, осы бөлмеге неше рулон обой жапсыру керек?
3 есеп. Рулон - 800тг, клей - 300тг. 10м2 жерге жұмсалса қанша ақша керек?
4 есеп. Обойдың неше пайызы қалдық болады?
VI . Есептерді шығарғаннан соң екі топтың оқушыларының нәтижелерін алмастырып тексереді және қорытынды есепті шығарады.
Есеп: Біріншіге қарағанда екінші топқа қанша обой аз керек? Қанша пайыз ақша төмен жұмсалады?
Рефлексия.
-
Бұл сабақта
- білдім .....
- түсіндім ....
- үйрендім ...
2. Жақсы игергенім ...
3. Қиындық туғызған ...
4. Мендегі өзгерістер ...
- пән бойынша білімде ...
- творчестволық табыстарымда ...
- өзімді түсінуімде ....
Үйге тапсырма: Мына есепті шығар
-
Өлшемдері 5м және 6м болатын бөлменің еденіне бамбуктен өлшемдері 40х40см плитканы төсеу керек. Еденнің ауданы қандай? Неше плитка керек болады? 10 плиткаға 1200тг жұмсалса, қанша ақша керек? 1м2 - қа 200 тг клей керек болса.
-
Осыған ұқсас есептер құрастыру.
Қорытындылау, бағалау.