7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара: Тақырыбы: Бизнестегі математика.

Сыныптан тыс шара: Тақырыбы: Бизнестегі математика.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бизнестегі математика.

Мақсаты: 1) Қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игерте отырып, алған білімдерін қолдана білу іскерліктерімен дағдыларын қалыптастыру.

2) Әрбір жеке тұлғаның адамгершілікке ұмтылып, әсемдікті сүйе білу. Экономиканы оқыта отырып, оқушыларға үнемділікті, дәл сезінуді үйрету, кәсіби бейімдеу.

3) Оқушылардың экономикалық мәдениеттілігімен іскерлігі арқылы арқылы алған білімдерін қолданып, дұрыс шешімін анықтап, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс шара:

Түрі: ойын және жарыс түрінде.

Сөздерге түсінік беру:

Бизнес, кәсіпкерлік деген ұғымдарды қалай түсінесің?

«Бизнес» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «іс» дегенді білдіреді.

Бизнесте табысқа жету үшін білім, терең ойлау жақсы құрал-жабдық көп шыдам керек.

Американдық бизнесмен және жазушы Пол Хокен былай деген: «Егер сен өз бизнесіңді бастағың келсе, ол сенің және тек сенің ісің болған кезде ғана табысқа жетесің. Ол планетадағы бірде-бір іске ұқсамауы керек. Өз бизнесіңді бастағанда, әңгіме ақша туралы тіпті болмайды. Бұл сені өмірде бірдеңеге жарайтыныңды көрсету керек» деген болатын.

«Кәсіпкерлік» - адамдардың тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге және пайда алуға бағытталған ынталы дербес қызметі. Өз ісі бар, кәсіпорын иесі - кәсіпкер болады.

Экономикалық ұғымдар:

«Капитал», «құн», «банк» сөздеріне түсініктеме беру.

Шараға: 6-7 сынып оқушылары қатысады.

Барысы:

І. Банктің бір күнгі жұмысы.

Мұнда: «Ипотекалық» бөлім, «Айырбас» бөлімі, «Несие» бөлімі, «Төлем ақы» бөлімі, «Депозиттік салым» бөлімі. Осы бөлімдердің жұмысын оқушылар көрініс түрінде көрсетеді.

Сергіту сәті: Жарнама - «Каспий банк» 6с. оқушылары.

ІІ. Тапсырмалар орындату. Әр топқа құны 20 мың теңге болатын 3 тапсырма беріледі. Уақыт - 5 мин. 6с - І топ.

5с - ІІ топ.

Ойын ережелері:

  1. Әр топтың бастапқы капиталы 50 мың теңге.

  2. Егер топ дұрыс жауап берсе, онда капиталы тапсырманың құнына артады.

  3. Егер жауабы дұрыс емес болса, онда:

а) топтың капиталы тапсырманың құнының 50%-ына кемиді, егер 2-ші топ дұрыс жауап бере алмаса:

б) топтың капиталы 100 %-ға кемиді, егер екінші топ дұрыс жауап беретін болса.

3) Топ өзінің тапсырмасын өзара келісім бойынша қарсыласына сатуға болады және оның тапсырмасын сатып алуға болады.

4) Тапсырманың қиындығына қарай ойлануға 1-ден 5 минутқа дейін уақыт беріледі.

5) Топтардың біреуінің капиталы таусылса, және тапсырмалардың барлығы орныдалып бітсе, ойын аяқталды деп есептеледі.

6) Ойын аяқталғанда қай топтың банкісінде көп «ақша» болса, сол топ жеңімпаз болып жарияланады.

Сергіту сәті: Жарнама - «Халықтық банк» 7с. оқушылары.

ІІІ. «Зымыран» сұрақтар. 1-32 сұрақ. Әр сұрақ 100 тг.

Фокус: «Туған күнді анықтау»

Жауапты: Серікбаева Е. - 7с, Садыкова А. - 7с.

IV. «Ойымды жалғастыр»

Мұнда әр топ цифр кездесетін мақалдарды шапшаң жалғастыру керек. Әр дұрыс аяқталған жұмбақ - 50 тг.

Фокус: а) «Ойлаған санды тап». Бұл фокусқа жүргізуші - Қуаныш Р. және 4 оқушы: 1. Қуатбек

2. Рулан.

3. Жантас.

4. Ернат.

ә) «Кім қандай фигураны таңдады».

V. Көрермендерге сұрақ. Бұл шараға 5-с. оқушылары шақырылды. Оларға 1 - 16 сұрақ қойылады. (әр түрлі сұрақтар).

VІ. Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы

Тағы да үйренерміз аман болсақ!

Тағы да үйренерміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

5-с. оқушыларының орындауында «Жауынгер жыры»

VІІ. Қорытынды. Жақсы қатысқан топты, белсенді оқушыларды марапаттау.

Сыныптан тыс шара: Тақырыбы: Бизнестегі математика.



Сыныптан тыс шара: Тақырыбы: Бизнестегі математика.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал