- Учителю
- Открытый урок по геометрии
Открытый урок по геометрии
Сабақтың тақырыбы: Қиық конус
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік: Қиық конустың негізгі анықтамаларын беру және алған білімін есеп шығару барысында қолдана білу;
Тәрбиелік: есептер шығару барысында есте сақтау қабілетін арттыру және сызба жұмыстарын жасата отырып, ұқыптылыққа және жинақылыққа трбиелеу ;
Дамытушылық: қиық конус тақырыбынан алған мағұлматтарды баска да пәндермен және қоршаған ортамен байланыстыра отырып өз ой-қабілеттерін дамыту;
Сабақтың түрі: білімді және дағдыны қалыптастыру сабағы;
Сабақтың әдісі: есеп шығару;
Көрнекілігі: Мултимедиялық құрал-жабдықтар, топшамалар;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу және оларды осы жаңа сабаққа псхологиялық тұрғыдан дайындау; 3мин
Үй тапсырмасын тексеру: топшамалармен жұмыс:10 мин
1 - топшама: Конус дегеніміз не? Оның элементтерін ата.
2 - топшама: Конус дегеніміз не? Сызбасын сыз.
3 - топшама: Конустың жазбасын түсіндіріп, ауданын табудың негізгі формуласын жаз.
4 - топшама: Іштей және сырттай сызылған конустар дегеніміз не?
5 - топшама: Конусты жазықтықтармен қалай қиып өтуге болады? Оларды сипаттап бер.
Негізгі бөлімі: жаңа сабақ түсіндіру. 15 мин
5 - топшамамен байланыстыра отырып, қиық конустың негізгі анықтамасын береміз.
Анықтама: Конустың табаны мен табанына параллель қиманың арасындағы бөлігі қиық конус деп аталады.
Тақтаға суретін сала отырып, оның негізгі элементтерін сипаттаймыз.
ОО1 - биіктігі,
АА1 - жасаушысы,
ОА және О1А1 - табан радиустары,
Сәйкесінше үлкен, кіші радиустары
Анықтама: Қиық конустың бір табанының қайсыбір нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық конустың биіктігі деп аталады.
Егер Қиық конустың бүйір бетін қайсыбір жасаушысының бойымен қған соң жазықтыққа жазсақ, онда бүйір беті толық конус жазбасының бөлігіне, яғни қиық конустың екі жасаушысымен және екі доғамен шектелген дөңгелек сектордың бөлігі шығадыОсындай фигураны қиық конустың бүйір бетінің жазбасы деп атайды.. Суретін салып түсіндіреміз
Теорема: Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табан шеңберлері қосындысының жартысы мен жасаушысының көбейтіндісіне тең
Сабақты бекіту:Жалпы сұрақтармен бекітеміз. 15 мин
-
Қиық конус дегеніміз не?
-
Қиық конустың биіктігі дегеніміз не?
-
Қиық конустың элементтерін ата
-
Қиық конустың беттерінің аудандарын табу үшін керекті формуланы жаз.
-
Суреттерін салып дағды қалыптастыру.
-
Қоршаған ортамен байланыстыру.
№ 39 есеп.
Сызбасын салу.
Берілгенін жазу.
Есептеу.
Бағалау;
Үйге тапсырма: Қиық конус, № 41 есеп.