- Учителю
- Квадраттык функция жане онын графиги (8 класс)
Квадраттык функция жане онын графиги (8 класс)
№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Тексерген: ________________________________________________________
Пәні: Алгебра
Мұғалімі: Суттибаева Гульзира Джадрасыновна
Сабақтың тақырыбы:
Квадраттық функция және оның графигі
Сілтеме:
1. Күнтізбелік жоспар, 2. Алгебра 8 сынып оқулығы
Жалпы мақсаттары:
Танымдық: Квадраттық функция және оның графигіне берілген материалды талдау, ережелерді еске түсіру арқылы тақырыптың идеялық мәнін аша білуге, күрделі есептерді оңай тәсілмен шеше алатындай танымдық, логикалық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Өзара қарым-қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету.
Эмоциялық: оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Әлеуметтік: өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды жүйелі сөйлеу білуге, ойларын еркін жеткізе білуге жағдай жасау.
Ресурстар:
Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс - тәсілдер:
Тәсілі : жеке, жұппен, топпен
Әдісі: АКТ, СТО, диалог
Оқу нәтижесі:
1. Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру. Балалармен бірге топ ережесі құрылады. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
2. Сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі артады
Негізгі идеялар:
Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды
Тапсырма көздері:
1. Кеңейтілген тапсырмалар
2. Ізденіс жұмыстары. Жұптық, жеке жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер
Мотивациялық кезең:
Оқушылардың қабілеттеріне қарай, ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім оқушылармен амандасады, түгендейді, «Сен қайдасың?» тренингін өткізіп, оқушыларды ашық қарым-қатынасқа ыңғайлау.
Сыныпты топқа бөлу. Топ басшысы сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.
«Сен қайдасың ?» - тренингін жасайды.
Сәлем достым (қол беріп амандасу)
Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
Сен келдің (қолдарын жаяды)
Жақсы болды (қатты құшақтайды)
Үй тапсырмасын сұрау (қызығушылығын ояту):
1. Оқушылардан үйге берілген тапсырмалар мен есептерді тексеріп, талдау.
Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
Жаңа сабақ (мағынаны ажырату):
Мұғалім бағыт береді
1 топ. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
2 топ. y= (x+1)2-4 және y= x2+2х-3 функцияларының графигін салу жолдарының екі тәсілін салыстырып, Венн диаграммасына толтырыңдар.
3 топ. y= аx2+вх +с функциясының графигін салу алгоритмін қолданып y= x2 - 4х +3 функциясының графигін салыңдар
1. 1-топ, 2-топ, 3-топ оқушылары түсіндіреді және өзгелерді тыңдай отырып, өздерін толықтырып отырады;
(мұндағы ) квадраттық функцияның графигін алгоритм бойынша салу.
1. Парабола тармақтарының қалай орналасатынын анықтаймыз.
2. m=-b/2a және n=am2+bm+c формулаларын пайдаланып, парабола төбесінің (m;n) координаттарын анықтаймыз.
3. Парабола төбесі арқылы ордината осіне параллель түзу -симметрия осін жүргіземіз (х=т түзуі).
4. Функция графигінің координаталық осьтермен қиылысу нүктелерін тауып, координаталық жазықтықта белгілейміз.
5. Оське қарағанда симметриялы қандай да бір екі нүктені белгілейміз.
6. Белгіленген нүктелер арқылы парабола саламыз.
2. Оқулықпен жұмыс
№264, 265
Оқулықпен жұмыс
3. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады.
3. Оқулықта берілген есептерді жеке, топпен талдап, шығару
Сергіту сәті:
Сергіту жаттығуларын жасау
Ой - толғаныс:
«Өз біліміңді сына». Квадраттық функцияның ассоциациасын құру.
Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.
Оқушылар тапсырмаларды орындап, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.
Бағалау:
1. Ізденіс жұмыстары
2. Ереже
3. Есептер
4. Тест тапсырмалары
топтар ақылдасып, басқа топтарды бағалады. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
Рефлексия
Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді. Екі жұлдыз, бір тілек.
Кейінгі тапсырмалар:
Үйге тапсырма:
Барлық ережелерді жаттау, оқулықтан есеп беріледі
№ 266
І. «Ой шақыру». Функция туралы тарихи мағлұматтар. Практикалық қолдану.
1. Функция -математикалық маңызды ұғымдардың бірі. «Функция » - латын тілінен аударғанда «орындау, іске асыру» деген мағынаны білдіреді. «Функция» терминін 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбниц еңгізді. Ол функцияны графикпен байланыстырды.
2. «График» - грек сөзі, ол қазақша «сызылған» деген мағынаны білдіреді.
3. «Парабола» -грек тілінен аударғанда «қосымша» деген мағынаны білдіреді. «Парабола» ғылыми атауын б.з.д 200 жылдары Пергтік Апполлоний еңгізген.
ІІ. «Ақылдасып пішкен тон келте болмас». Топпен жұмыс.
Постер құру. Қорғау.
1 топ. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады?
2 топ. y= (x+1)2-4 және y= x2+2х-3 функцияларының графигін салу жолдарының екі тәсілін салыстырып, Венн диаграммасына толтырыңдар.
3 топ. y= аx2+вх +с функциясының графигін салу алгоритмін қолданып y= x2 - 4х +3 функциясының графигін салыңдар
Постер қорғау (формативты бағалау)
ІІІ. Сәйкестікті табыңдар. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.
y = x2 -6 (7;4)
y = (x-5)2 (-3;-1)
y = (x-7)2 +4 (5;0)
y = (x+3)2 -1 (0;-6)
ІV. Тест
1-нұсқа
1.Берілген функцияларының қайсысы квадраттық функция болады?.
А) у=2х+3 В) у=х3-х-7 С) у=х4-19х Д) у=3х2-9х-5
2. y=x2+1,5 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Оу осі бойымен 1,5 бірлік жоғары.
В) Ох осі бойымен 1,5 бірлік солға.
С) Оу осі бойымен 1,5 бірлік төмен.
Д) Ох осі бойымен 1,5 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
3. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға жылжыту арқылы алуға болады.
С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен жылжыту арқылы алуға болады.
Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
4. y=(x - 1)2 -7 параболаның төбесінің координаталарын анықтаңдар
А)1;-7 В) -1;7 С) -7;-1 Д)7;1
5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:
А) 1;-7/3 В) 1;7/3 С) 2;4 Д) 8;1
2-нұсқа
1.Берілген функцияларының қайсысы квадраттық функция болады?.
А) у=х+3 В) у=х2-х-7 С) у=х3-19х Д) у=3х-9х-1
2. y=x2+1 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Оу осі бойымен 1 бірлік жоғары
В) Ох осі бойымен 1 бірлік солға
С) Оу осі бойымен 1 бірлік төмен
Д) Ох осі бойымен 1 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
3. y=(x+4)² функцияның графигін y=x² функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 4 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
В) Ох осі бойымен 4 бірлік солға жылжыту арқылы алуға болады.
С) Оу осі бойымен 4 бірлік төмен жылжыту арқылы алуға болады.
Д) Оу осі бойымен 4 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
4. y=(x + 1)2 -7 параболаның төбесінің координаталарын анықтаңдар
А)1;-7 В) -1;-7 С) -7;-1 Д)7;1
5. y=6x²-х-1 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:
А) 1;2/3 В) -1/3; 1/2 С) 2;3 Д) 9;1
Жауаптары: (бір - бірін бағалау)
2
3
4
5
Д
А
В
А
А
В
А
В
В
В
V. Ой толғаныс: «Өз біліміңді сына». Квадраттық функцияның ассоциациасын құру.
Сынып: 8 « » Оқушы: ______________________________________________
(фамилиясы, аты)
«Квадраттық функция және оның графигі» сабағына арналған бағдар беті.
Рефлексия: Берілген суреттердің ішінен сабақтың басындағы өз көңіл-күйіңді көрсететін суретті белгіле.
Менің көңіл-күйім
онша емес.
Мен қобалжып отырмын.
Менің көңіл-күйім жақсы, сабаққа дайынмын.
Сабақтың тапсырмалары:
Үй тапсырмасы
(балмен)
Ой шақыру».
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу
Постер қорғау
Сәйкестікті табыңдар.
Ой толғаныс: «Өз біліміңді сына».
Тест тапсырмалары (балмен)
Формативті бағалау
Жиынтық бағалау
3
4
5
3
4
5
3
4
5
3
4
5
Бағалау критерийлері:
Қате жоқ болса - 5,
1 қате болса - 4,
2 және одан да көп қатеге - 3.
Үйге тапсырма: Ережелерді қайталау және оқулықтағы №266 есепті шығару
Рефлексия: Берілген суреттердің ішінен сабақтың соңындағы өз көңіл-күйіңді көрсететін суретті белгіле.
Менің көңіл-күйім жақсы, бәрін түсіндім.
Менің көңіл-күйім
онша емес.
Мен кейбір тапсырмаларды түсінбедім.
1. Сабақ ұнады ма? Неліктен? ?______________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
2. Сабақтан өзіңе қандай жаңалық алдың? ?______________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
3. Сабаққа өзіңе қандай баға қояр едің? ?________________________________
№ 264. Берілген функцияның графигін функциясының графигінен қалай алуға болады?
1)
2)
3)
4)
№ 265. функциясының графигін координаталық оське параллель
1) 3 бірлік оңға және 2 бірлік жоғары;
2) 1 бірлік солға және 3 бірлік жоғары;
3) 5 бірлік оңға және 4 бірлік төмен;
4) 1,5 бірлік солға және 2,5 бірлік төмен жылжытыңдар. Әрбір жағдай үшін берілген функцияны жазыңдар.
№ 264. Берілген функцияның графигін функциясының графигінен қалай алуға болады?
1) - берілген функцияны 2 бірлік оңға және 1 бірлік жоғары;
2) - берілген функцияны 1 бірлік солға және 4 бірлік төмен;
3) - берілген функцияны 3 бірлік оңға және 4 бірлік төмен;
4) - берілген функцияны 4 бірлік солға және 1 бірлік жоғары.
№ 265. функциясының графигін координаталық оське параллель
1) 3 бірлік оңға және 2 бірлік жоғары; -
2) 1 бірлік солға және 3 бірлік жоғары; -
3) 5 бірлік оңға және 4 бірлік төмен; -
4) 1,5 бірлік солға және 2,5 бірлік төмен -