- Учителю
- Сабак жоспары: Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сабак жоспары: Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сабақ № 1
Күні: 1.09.2016 жыл сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қайталау , 5 сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау. Бөлінгіштіктің қасиеті
негізінде санның жазылуына қарап, 2,3,5,9,10 сандарына
бөлінетін сандарды анықтау біліктілігін қалыптастыру;жұп сан және тақ сан
ұғымдарын енгізу, олардың мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушыларды ойландыруға, ойын жеткізе білуге белсенділігін көтеруге,
ұқсастық пен айырмашылықты байқауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: сабақ барысында оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін
арттыру және зейінді болуға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өткізу әдістері: сұрақ-жауап , практикалық
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
-
Натурал сандардың бөлгіші дегеніміз не?
-
Натурал сандардың еселігі дегеніміз не?
-
Жай сандар деген не?
-
Құрама сандар деген не?
-
1 саны қандай сан?
Есептер шығару
№ 257 . 1234 ; 4320 ; 13271; 502025; 373819; 63633 сандарының арасынан
-
жұп цифрға
-
тақ цифрға аяқталатывн сандарды теріп жазыңдар:
Шешуі: 1) жұп цифрға:1234 ;4320;
2) тақ цифрға: 13271;502025;373819;63633
№ 258.
2 мен 5-ке еселік болатын сегіз сан жазыңдар.
Жазылған сандардың бірлік разрядында қандай цифр жазылған?
Осы сандар 2-ге , 5-ке бөлінеді ме?
2-ге және 5-ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады?
Шешуі: 10; 20; 30; 40; 50; 60; 70; 80.
Басқа натурал сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазсақ, натурал санның 2-ге бөлінуі соңғы цифрға байланысты екені шығады.Егер натурал сан жұп болса, онда ол 2-ге бөлінеді.
Демек , егер сан 0; 2; 4 ; 6 ;8 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінеді.
Ереже: Егер әрбір қосылғыш қандай да бір натурал санға бөлінсе, онда олардың қосындысы-
ның мәні де сол санға бөлінеді.
Ереже: Егер азайғыш пен азайтқыш қандай да бір натурал санға бөлінсе, онда олардың
айырымының мәні де сол санға бөлінеді.
Мысалы: 36:4 және 8 : 4 , ( 36 - 8) : 4.
Ереже: Егер екі натурал саның біреуі бір натурал санға бөлініп, ал екіншісі бөлінбесе, онда
олардың қосындысының мәні де, айырымының мәні де ол санға бөлінбейді.
Мысалы: 25 саны 5-ке бөлінеді , 4 саны 5-ке бөлінбейді.Сондықтан 25 +4 қосындысының мәні 29 саны және 25 - 4 айырымының мәні 21 саны 5-ке бөлінбейді.
Егер көбейткіштің біреуі қандай да бір натурал санға бөлінсе, онда көбейтіндінің де осы санға бөлінетінін сендер білесіңдер.
Мысалы: 72 саны 8-ге бөлінеді, онда 72 ∙ 3 көбейтіндісін 8-ге бөлуге болады:
(72 ∙ 3) : 8 = (72:8) ∙ 3 = 9 ∙ 3= 27
Ереже: Егер көбейткіштің біреуі қандай да бір натурал санға бөлінсе, онда көбейтіндінің мәні де сол санға бөлінеді.
Ереже: 2 санына бөлінгіштік белгісі: натурал сан 0; 2; 4; 6; 8 цифрларымен аяқталғанда
ғана 2-ге бөлінеді.
2 санына бөлінетін натурал сандар жұп , ал бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады.
Бөлінгіштік бергілері:
5 санына бөлінгіштік белгісі: натурал сан 0 немесе 5 цифрларының бірімен аяқталғанда
ғана 5 санына бөлінеді.
10 санына бөлінгіштік белгісі:. натурал сан 0 цифры аяқталғанда ғана 10 санына бөлінеді
3-ке бөлінгіштік белгісін беру үшін 3-ке еселік болатын бірнеше санды жазайық.
Мысалы: 3∙ 17= 51 , 3 ∙19 = 57 , 3∙104∙ = 312 , 3 ∙246 = 738 , 3 ∙107 = 3021.
Сонда 3-ке еселік болатын 51 , 57 , 312 , 738 , 3021 сандарын алдық. Енді осы сандардың әрқайсысының цифрларыныңқосындысын есептейік. 5+1 = 6 , 5+7 = 12 , 3+1+2 = 6 ,7+3+8 = 18 , 3+0+2+1= 6. Барлығы да3-ке бөлінеді.
3 санына бөлінгіштік белгісі: натурал санның цифрларының қосындысының мәні 3 санына бөлінгенде ғана ол сан 3 санына бөлінеді.
Дәл осылай 9 санына бөлінгіштік белгісінде шығарып алуға болады.
9 санына бөлінгіштік белгісі: натурал санның цифрларының қосындысының мәні 9 санына бөлінгенде ғана ол сан 9 санына бөлінеді.
Оқулықпен жұмыс:
Сыныпта: № 259 , 260
Сабақты бекіту:
-
2 санына бөлінгіштік белгісін айт.
-
3 санына бөлінгіштік белгісін айт.
-
5 санына бөлінгіштік белгісін айт.
-
9 санына бөлінгіштік белгісін айт.
-
10 санына бөлінгіштік белгісін айт.
Бағалау.
Үйге тапсырма: § 15. 74-77 бет. 1-4 сұрақтар. № 253 , 255 № 261