7


  • Учителю
  • Интеллектуалдық ойыны 'Бақытты сәт'

Интеллектуалдық ойыны 'Бақытты сәт'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыныМақстаы: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын , оқуға ынтасын арттыру.Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа , нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрби
предварительный просмотр материала

«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны


Мақстаы: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын , оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа , нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс сағаты

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;

2.Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3.Біліктілік сайысы(есептер шығару)

4.Үй тапсырмасы(баяндама,реферат,сөзжұмбақ)

5.Полиглот (жасырылған сөздің үш тілдегі баламасы)

6.Айтыс (пікір сайыс)

7.Кім жылдам

8. Капитандар сайысы ( математикалық сұрақтар)

Қолданылған нақыл сөздер:

1.Арифметика- математиканың, ал математика- ғылымдардың патшасы. (К.Гаус)

2.Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В. Ломоносов)

3.Математика- барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңызда «Бақытты сәт » ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат» топтарын шақырамыз.

Ал қанеки қаралық. Есеп шешіп жарысып,

Мына жақта жаңалық Жұмбақ шешіп аңдысып,

Бүгінгі кеш төрінде, Шабыт тасып шалқысып,

Математика еліне Есеппенен ән салып,

Математика тілінде , Көңілді кеш жасайық

Математика сырлары,

Қызықтарды біздерді,

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазыларалқасымен таныс болыңыздар.

Әр толптың ұраны, сәлемдесуі

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан I-сайыстың қортыныдысын сұраймыз.

Мықты болсаң-алдағыны басып өз

Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт.-деп келесі сайысымыз «Тапқырлық сайысына» кезек береміз

(Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі)


«Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Үшбұрыш тобына

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

  2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

  3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)

  4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

  5. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

  6. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  7. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)



Квадрат тобына

  1. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  2. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

  3. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

  4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)

  6. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

  7. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІІ. «Біліктілік сайысы» әр топқа есептер беріледі

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтің миы бар.

8-сыныпқа арналған жаттығулар

  1. Өрнектің сан мәнін тап.

мұндағы а=2, в=3, с=4


2 .Өрнекті ықшамда.



3. 1) а=6 және в =8 ; 2) а =5 және в=6 катеттері бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар.


4. Өрнекті ықшамда

1) 2+ sin+cos 2) tg ctg+ sin


5. Квадрат теңдеудің дискриминантын есептеп, қанша түбүрі болатынын көрсетіңдер;

1) х-5х-8=0 2) -х+6х-11=0

9-сыныпқа арналған жаттығулар


1. Өрнектің сан мәнін тап:

, мұндағы ,


2.Арифметикалық прогрессиясын табыңдар:


Егер , d=3, болса табыңдар.


3.Егер табыңдар.


4.()=?


5. А=150º бұрыштық радианмен жаз.


Табиғатты тану менен биология,

Ауа райын өлшейді күн қызуын.

Мақтанбаймын бұғанда қатысы бар

Өсімдіктер өседі шашып бүрін


Шабыттанып шалқытқан ақын сөзі,

Құлағын сал біздерге нақыл сөзі.

Өлең құрау тұнған бір есеп екен

Төрт амалға бағынар заңды жүзі


4-тур: «Үй тапсырмасы»

1-топ: «алғырлар» тобы Пифагор туралы, оның еңбегі жөнінде баяндама оқиды, қабырға газеті, сөзжұмбақ т.б. шығарады.

2-топ: «Тапқырлар» тобы Архимет туралы, оның еңбегі жөнінде баяндама оқиды, қабырға газеті, сөзжұмбақ т.б. көрсетеді.

Ән әуені тақтамен есептелер,

Әнді айтып ырғақпен тербелгенде.

Сызу, сурет бұлардың тармақтары

Өлшеу, салу бұлардың қармақтары

Денешынықтыру сабағы

Жарыс сәтін есептеп салмақтады.

Иә шынымен де «Ғылым математиканы пайдалану арқылы жетіледі» деп Карл Гаусс бекер айтпаған.


5-тур: «Полиглот»


Шарты: Берілген ойды аяқтап, орысша, ағылшынша шешуін айту керек.

1.Табиғат тілі- математика............. (Тіл -язык-language )

2.Математика ғылымдардың............... (Патша-Царь-king )

3.Математик........ жанды болу керек (Ақын-поет-poet )

4.Берген сауап- садақа,қасиетті........ (Жұмада-пятница-fryday)


6-тур: «Айтыс»

Шарты: Екі топ математика пәнінің аптасына 4 сағат болуының пайдасы мен зияны туралы айтысады.

7-тур: «Кім жылдам?»

Бір нәрселерді ьсанағанда ,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жан жағыңа қарамай. (Натурал сан)

Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтпассың сен оны (Квадрат түбір)


Бүтін сандар, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң,теріс сан бәрі сонда? (Рационал сандар)


Нүктеден, екі сәуледен құралады,

Айтшы бұл не екенін? (Бұрыш)


Екі бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бір жақын (Сыбайлас бұрыш)


Екі түзу қатар жүріп,

Үшіншісін қияды.

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды? (Айқыш, тұтас, сәйкес)

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары? / 6 /


Бір - бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді / 8 /

Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Оң қазықты айналды. / циркуль /.


104 түйме

11 ине / есеп шот /

Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш /


Үш ұлы әке сөзін жықпайды екен,

Ақылы бір тік мінез ұқпайды екен.

Қақ жарған қара қылды 2 ұлы

Әкенің уысынан шықпайды екен. / медиана биіктігі /.



8-тур: «Капитандар сайысы»



Мәңгі-бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,- деп келесі кезекті «Капитандар » сайысына береміз.

1. Қорада тауықтар және қояндар бар.Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса қорада неше тауық, неше қоян бар?(5тауық,10қоян)

2.Лиза, Лаура және Мәдина мерекелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті. Бірақ Лиза 10тоқаш,Лаура 8тоқаш әкелді де, Мәдина өзі әкелуге тиіс тоқаштары үшін42теңгеден ақша әкелді.Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алды? (Лиза 28т ,Лаура 14 теңге)

3. 1 жұмыртқа минутта, 4жұмыртқа неше минутта піседі?

4.Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкені қайсы.

(Ажар)

5.1тМақта ауырма,әлде1 ц темір ауырма?

6.Асханаға 100 кг пияз және одан 3есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300)

Жүргізуші:

Әділқазы алқаларынан жалпы ұпай саны сұралады.

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі

Болса егер көңіл жақсы тыңдалды.


Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет ,

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет -дей келе кешімізді аяқтаймыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал