7


  • Учителю
  • “Математика – керемет әлем” атты интеллектуалдық сайыс 7 класс

“Математика – керемет әлем” атты интеллектуалдық сайыс 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Математика - керемет әлем"

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды логикалық және шығармашылық есесптерді ауызша әрі тез есептей білуге дағдыландыру;

  2. Жеке тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлық, шығармашылық және актерлік қабілеттерін дамыту;

  3. Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалдық сайыс

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, разминка

Қолданылатын көрнекілік: қанатты сөздер, сөзжұмбақтар, сұрақтар.

"Математика - керемет әлем" тақырыбы.

Нақыл сөздер:

«Санау мен есептеу - ойды тәртіпке келтіреді (Песталоции)
«Ақынжанды болмасаң, математик те бола алмайсың» (С. В. Ковалевская)
«Ештеңе оқымаған адам, ештеңе ойламайды да» (Дени Дидро)

Құралдар: Слайдтар, сызғыш, тақта.

Интеллектуалдық сайысының барысы:

I. Кіріспе сөз

II. Негізгі бөлім

1). Сәлемдесу (топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру)

2). "Қас-қағым сәт" блиц-турнир

3). Қызықты есептер

4). а. "Ашылмаған құпиялар" үй жұмысы (ребус)

б. "Білгенге маржан" жанкүйерлер сайысы

5). а. "Зерде" капитандар сайысы

б. "Суретшілер" сайысы

III. Қорытындылау.


Кіріспе сөз: Ұйымдастырушы мұғалім қатысқалы отырған 7 - сынып оқушыларына сәттілік тілей отырып, сөзді жүрізуші жас мамандарға (оқушыларға) береді.

1-жургізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Білімнің сусындатқан теңізінен,

Нәр берген жүрекке жылы лебізімен.

2-жургізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемінің қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізу үшін, "Математика - керемет әлем" атты сайысты бастаймыз.

Сайысқа қатынасушы топтарды таныстырып, оларды ортаға шақырайық.

Кітапты алып қолына,

Берілген ғылым жолына,

Есепті шешу түк емес,

Қырандардың тобына - дей келе, 7 сыныптың "Қырандар " құрама тобын ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

"Білім тарландары" тобын, халайық,

Қол соғып қарсы алайық - ортаға "Білім тарландары" құрама тобы шығады.

2-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімі мен тапқырлығын бағалар қазылар алқасымен таныстырып өтейін...
Сайыс бағдарламасы:

1. Сәлемдесу (топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру)

2. "Қас-қағым сәт" блиц-турнир

3. Қызықты есептер

4). а. "Ашылмаған құпиялар" үй жұмысы

ә. "Білгенге маржан" жанкүйерлер сайысы

5). а. "Суретшілер" сайысы

б. "Зерде" капитандар сайысы


1-жүргізуші: Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын, достарым,

Осылайша шабытпен

Кәне, енді бастайық!

2-жүргізуші: I. Сәлемдесу. Топтың атын, ұраны мен төсбелгісін қорғау 5 балдық жүйемен бағаланады. Сахна төріне "Қырандар" тобын шақырайық (қырандар тобы өздерін таныстырады).

"Білім тарландары" тобын қол соғып қарсы алайық!

1-жүргізуші: Ал қазір II. "Қас қағым сәт" блиц-турнирін тамашалайық. Сынақтың шартымен таныстырып өтейн.Әр топқа жеке-жеке 10 сұрақтан қойылады. Кідірмей тез жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Егер дұрыс жауабын білмесе, келесі деп айту керек. Сонда екінші топқа жауап беруге болады.

І-топқа берілетін сұрақтар:

  1. Геометрия сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? ( Жерді өлшеу)

  2. Тәуліктің 1/24 бөлігі. (Сағат)

  3. 256-ның квадрат түбірі неге тең? (16)

4.Төрт бүтін санның (әр түрлі болуы шарт емес) қосындысы және көбейтіндісі 8-ге тең. Бұл қандай сандар? Жауабы: (1,1,2,4)

5. Екі санның қосындысы 57, айырымы 15. Ол қандай сандар? Жауабы: (36, 21)

  1. ұрама сан ба? (Жоқ )

7. ОХ осі қалай аталады? (Абсцисса)

8. "Бастамалар" кітабының авторы кім? (Евклид)

9. 35-тің квадраты? (1225)

10. y=ax2 функциясының графигі? (парабола)

ІІ-топқа берілетін сұрақтар:

  1. "Алгебра" сөзі қандай сөзден шыққан? ("Әл-джерб", араб тілінен)

  2. Жарты алманың жартысы неге тең? (¼)

  3. неге тең? ( 64 )

  4. Тік төртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 11см болса, ені неге тең? (4)

  5. Ең кіші жай санды ата? (2)

  6. "Математика-ғылымдардың патшасы, ал арифметика-математика патшасы". Бұл сөздің авторы кім? (К.Гаусс)

  7. ОУ осі қалай аталады? (Ордината)

  8. y=ax3 функциясының графигі? (Кубтық парабола)

  9. Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын! (0.5)

  10. Екі санның қатынасы? (Пропорция)

2-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы! Топтарымыздың блиц-турнирде жинаған ұпайларын айтуыңызды сұраймыз.

1-жүргізуші: III. «Қызықты есептер» математикалық ойыны. Шарты: Әр топқа сұрақ қойылады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер жауап бере алмаса, екінші топқа жауап беруге болады.

  1. 4 пен 5 арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (Үтір )

  2. Пұт неге тең? (16кг)

  3. Шақырым неге тең? (1000 метр)

  4. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды)

  5. 2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде, бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған? (33, 43)

  6. Дүкеннен мен сабын алдым.

Оның қабын алдым,

2 дәптер, 1 қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды бары? (6)

  1. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  2. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)

  3. Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы-26. Ұлдарының жастарының орташа саны-7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы нешеде? (2 жаста)

  4. 5бұтақты ағашта

Бұтақ сайын 5 алма.

Біреуін бер Алмашқа

Қалады сонда неше алма? (24)

  1. Бір кішкене қыз атасынан: «Сіз нешедесіз?» -деп сұрады, Сонда атасы: «Менің жасымды 6 есе кемітіп, 6-ны азайтса, 6-ға тең болады». Сонда атасы нешеде болған? (72)

  2. Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Қанша торғай қалды? (1)

2-жүргізуші: Енді қазылар алқасынан топтардың жинаған ұпайларын хабарлауыңызды сұраймыз.

IV. а). «Ашылмаған құпиялар» үй жұмысы (ребус шешу).

(әр топ үйден дайындап келген ребустарын ауыстырып шешеді)


1-жүргізуші: Математика сырлары,

Қызықтырады біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді -деп, «Білгенге маржан» жанкүйерлер сайысына қатынасуға көрермендерімізді шақырамыз.

Сіздердің берген дұрыс жауаптарыңыз өз топтарыңыздың ұпайлар санына қосылатынын ескертеміз.

2-жүргізуші: IV. б). Жанкүйерлер сайысы: «Білгенге маржан»

  1. Белдік қапсырмамен бірге150теңге тұрады. Белдік қапсырмадан100 теңгеге артық. Қапсырма

қанша теңге тұрады? (25)

  1. Ежелгі грек математигі, философ, спортшы. (Пифагор)

  2. 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5

минутта)

  1. Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын

Дина жеді. Дина неше мандарин жеген? (6)

  1. Жеген сайын жылататын не? (Таяқ)

1-жүргізуші: «Қырандар» мен «Білім тарландары» топтарының жанкүйерлері қанша ұпай қосқанын айту үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


2-жүргізуші:

Қиындықтан біз еш қашпаймыз.

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз,-деп, «Зерде» атты Капитандар сайысына қол соғып топ капитандарын қарсы алайық.

Ортаға әр топ капитандарын шақырамыз. Сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік, бұл сайыста сіздерге 3 тапсырма беріледі, кім дұрыс жауап берсе, ұпай соныкі.

Ал, достарым, тұрмалық

Білімнен дода тарталық

Әлеміне ғылымның

Самғап ұшып баралық!


1-тапсырма: тік төртбұрыш тәрізді формадағы залда әр керегеге санын бірдей етіп 10 орындықты қалай орналастыруға болады?


2-тапсырма:

1-топ: А У Д А Н 2-топ: К Ө Л Е М

з а е й ү ө л и н е

а қ ц ы к б ш т і т

й ы и р т е е р р

т т м м е й м

у е а т

т у

р

3-тапсырма:

8

5

6


3 10 ?


4

6

9

15

122

5


1-жүргізуші: Қазылар алқасына сөз берейік.

IV. б).Суретшілер сайысы. Тақтада нүктелердің координаталары берілген, сол нүктелерді сызықпен қоссақ, сурет пайда болады.

1-сурет. Ұшақ (-7;0), (-5;2), (7;2), (9;5), (10;5), (10;1), (9;0), (-7;0), (0;2), (5;6), (7;6), (4;2), (0;1), (6;-3), (8;-3), (4;1), (0;1)

2-сурет. Желкенді қайық

(0;0), (-10;1),(0;16), (-1;2), (0;0), (-9;0), (-8;-1), (-6;-2), (-3;-3), (5;-3), (10;-2), (12;-1), (13;0), (-9;0), (0;0), (0;16), (12;2), (0;0)

Қорытынды


2-жүргізуші: «Математика-керемет әлем» интеллектуалдық ойынының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!

Ойынды тамашалап тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал