- Учителю
- Сабақ жоспар. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. 6 Сынып.
Сабақ жоспар. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. 6 Сынып.
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауданы,
«Сәулет» мектеп-лицейінің
математика пәні мұғалімі
Мақсот Марс Мавлетұлы
Сыныбы: 6 «А» Күні: 09.12.15 ж.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу алгоритмін қолдана білуге, мәтіндәк есептерді шығара білуге үйрету
Дамытушылық: Есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауыша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
ІІ. ««EXPO-2017» жеңімпаздары» сайыс сабағы.
Сайыс 3 турдан тұрады:
І тур «Капитандар сайысы» капитандардың алған ұпайы өз тобына қосылады. (4 ұпай)
ІІ тур. «Атақты қалалар сыры», бұл турда ЕХРО өткен қалалардың суретінде мәтіндік есептер жасырылады. (әр есеп 4 ұпай)
ІІІ тур. «ЕХРО-ға қосар үлесім», бұл турда оқушылар қарсы топқа сіріңке талынан есеп құрастырып жасырады. (2 ұпай)
І тур: Капитандар сайысы:
1 кезең. 1 топ пен 3 топ капитандарына
2 кезең. 2 топпен 4 топ капитандарына
3 кезең. Финал, 2 кезең жеңімпаздары арасында.
ІІ тур: Атақты қалалар сыры
Лондон: Хауызға үш құбыр жүргізілген. Бірінші және екінші құбырмен хауызға су құйылса, үшінші құбырмен су хауыздан сыртқа ағады. Бірінші құбыр хауызды 6 сағатта, ал екінші құбыр 8 сағатта толтырады. Үшінші құбырмен хауыздағы су 4 сағатта толық ағып бітеді. Құбырлардың үшеуін де бір уақытта ашып қойса, 1 сағаттан соң су хауыздың қандай бөлігінде қалады? Жауабы: 1/24
Тарихи мәлімет: Бүкіл әлемдік көрме немесе ЕХРО алғаш рет Англияның Лондон қаласындағы Гайд Паркте 1851 жылы ұйымдастырылды. ЕХРО өз тарихында Лондонда екі рет ұйымдастырылды.
Париж: Кітапхананың оқу залында орташа жасы 21-ге тең 24 адам бар. Оқу залынан бір адам шығып кеткенде, қалғандарының орташа жасы 20-ға тең болды. Оқу залынан шығып кеткен адам неше жаста? Жауабы: 44 жаста
Тарихи мәлімет: ЕХРО 1855 жылы Францияның астанасы Парижде оздырылды. ЕХРО өз тарихында Парижде сегіз рет ұйымдастырылды.
Шанхай: Машина жолда 3 сағат жүрді. Ол бірінші сағатта 54 км жүрді, екінші сағатта одан 1,5 есе артық жүрді. Машина үшінші сағатта екінші сағатта жүрген жолдың 0,8-ін жүрді. Машинаның орташа жылдамдығын табыңыз? Жауабы: 66,6 км/сағ
Тарихи мәлімет: ЕХРО 2010 жылы Қытай Халық Республикасының астанасы Шанхайда оздырылды.
Нью-Йорк: Орманшы 850 га жерге ағаш отырғызды. Оның 60%-іне қайың, қалған жердің 70%-іне терек, одан қалған жердің -сіне қарағай отырғызды. Соңында қалған жерге жеміс ағаштарын отырғызды. Жеміс ағаштары қанша ауданға отырғызылды? Жауабы: 34 га
Тарихи мәлімет: ЕХРО 1939 жылы АҚШ-ның әдемі қаласының бірі Нью-Йоркте оздырылды.
Астана: Оқушылар «Кім жылдам?» ойынын ойнады. Егер оқушылар орындыққа бір оқушыдан отырса, 2 оқушыға орындық жетпейді. Егер оқушылар бір орындыққа 2 оқушыдан отырса, 2 орындық артық қалады. Ойынға неше оқушы қатысты? Неше орындық бар? Жауабы: 6 орындық, 8 ойыншы.
ІІІ тур: ЕХРО-ға қосар үлесім.
ІІІ. Қорытындылау, бағалау.
Бағалау критерийі:
9-10 балл - «5»
7-8 балл - «4»
1-6 балл - «3»
IV. Үй жұмысы: Қосымша есеп: