- Учителю
- Математика 6- сынып. Санның модулі
Математика 6- сынып. Санның модулі
Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, өткен тақырыптар мен жаңа тақырып бойынша байланыс жасап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуін және теориялық алған білімдерін, практика жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз ету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға санның модулін табуға есептер шығарту арқылы, олардың дұрыс та, шапшаң, тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете отырып, дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, адамгершілік, ұлттық және эстетикалық тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей білім беру;
Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да , тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептер, карточкалық есептермен қызықтыра отырып, білімдерін артыру, оқушылар арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту;
Сабақтың пәнаралық байланысы: Геометрия, логика, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап;
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сызғыш, үлестірме қағаздар
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Кезекшіні анықтау;
ә) Оқушыларды түгелдеу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;
а) Үйге берілген № 326, 327 есептерді шығару жолдарын тексеріп шығу;
ә) Өткен тақырыптарға арналған қайталау сұрақтары:
1. Оң сандар деп қандай сандарды айтамыз?
2. Теріс сандар деп қандай сандар деп айтамыз?
3. Қарама - қарсы сандардың анықтамасы.
4. Бүтін сандардың анықтамасы.
5. Рационал сандардың анықтамасы.
6. Таңбалар ережесі.
7. 0 саны теріс сан ба, оң сан ба?
б) Математикалық диктант:
-
2 санына қарама-қарсы сан - 2.
-
Кез-келген оң санға қарама-қарсы сан теріс сан.
-
0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан. Бүтін сандар рационал сандардың ішкі жиыны.
-
Бүтін сандар мен бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.
-
-0,8 санына қарама - қарсы сан - (-2)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты түсіндіремін:
Тұрмыста кейбір шамалардың (ұзындықтың, массаның, температураның) өзгерістерінің сан мәні ғана жазылады.
Модуль латынша modulus - қазақша «мөлшер» деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда «модульдің» орнына абсолюттік шама деп те атайды.
Координаталық түзу бойынан А (-3) нүктесін белгілеп, А нүктесінің санақ басынан бірлік кесінді есебімен қашықтығын анықтайық. Координаталық түзу бойынан А (-3) нүктесі санақ басынан - О нүктесінен 3 бірлік кесіге тең қашықтықта жатыр.
Санның модулі дегеніміз координаталық түзудегі санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтығы.
Сонда, -3 санынң модулі 3-ке тең. Жазылуы:
.
Оқылуы: "- 3 санынң модулі 3 - ке тең.
I. Теріс санның модулі оған қарам қарсы санға тең. Мысалы,
II. Оң санның модулі.
Мысалы, 3,5 санының модулін табайық. Ол үшін координаталық түзу бойынан В (3,5) нүктесін белгілейік. Координаталық түзу бойындағы В(5) нүктесінің санақ басынан қашықтығы 5 бірлік кесіндіге тең. Демек, 3,5 санының модулі 3,5 ке тең. Жазылуы
Сол сияқты, ,
Оң санның модулі сол санның өзіне тең.
III. Нөл санының модулі 0-ге тең. =0
IV. Қарама - қарсы сандардың модульдері тең.
Мысалы,
Енді модульмен берілген қарапайым теңдеулерді қарастырайық.
1)|x|=3, 2 болса, онда x=3, 2 және x=- 3, 2 болады.
2)|x|+2, 1=3, 6 |x|=3, 6 - 2, 1 |x|=1, 5 бұдан x=1, 5 және x=- 1, 5 шығады.
IV. Оқулықпен жұмыс
Ауызша. № 356
№ 357, № 359, № 363,
V. Сергіту сәті
Сиқырлы квадратты толтырыңдар:
-
16
11
12
9
13
17
14
15
10
№ 365 (тақ)
VI. Қорытындылау.
1. Санның модулінің анықтамасы?
2. Оң және теріс санның модулі неге тең?
3. Қарама - қарсы сандардың модулі неге тең?
4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру.
VII. Үйге тапсырма . Бағалау
№ 358, №365( жұп)