- Учителю
- Математика Компьютерді графикалық фигураларды оқытуда техникалық құрал ретінде пайдалану
Математика Компьютерді графикалық фигураларды оқытуда техникалық құрал ретінде пайдалану
Компьютерді графикалық фигураларды оқытуда техникалық құрал ретінде пайдалану.
Бухарбаева Маншук Мырзахановна
№1 қазақ орта мектебі
Практикада кейде нәтижесі сызба, график, диаграмма сияқты графикалық ақпараттар болып келетін есептерді шешуге тура келеді. Егер бұл есептер машиналық графикасы бар дербес компьютерде есептелетін болса, онда графикалық информацияны графиктік дисплейге беруге болады. Машиналық графикамен жұмыс істеу үшін Бейсиктің кеңейтілген бағдарламалау тілі пайдаланылады. Бейсиктің бұл түрінде біз бұған дейін қарастырған опреаторлармен қоса арнаулы графикалық командалар бар. Сурет/кескін/ арнаулы графиктік беттерде/ жазықтыққа/ салынады. Беттердің дәл жіңішке және жуық жуан графиканы беретін түрлері бар.
Эллипс салу командасы: Эллипс CIRCLE /x, y/, r, n…l командасы көмегімен салынады.Мұндағы l-центрі /x, y/ нүктесінде болатын радиусы R шеңбердің сығылу коэффициенті l-дің мәні 1/260 ≤ l≤260 аралығында жатады. Мысалы, мына бағдарлама атқарылғанда экраннан шеңбердің ОХ осі бойымен сығылуынан пайда болған эллипсті көреміз.
10. COLOR 1, 15, 1
20. SCREEN 2
30. CIRCIE (180, 80), 60, 1,,,3
35. TIME = 0
40. IF TIME <150 THEN 40
45. Paint (180, 80), 1
100. GOTO 100
Пирамида салу командасы. Геометрияның стеореметрия бөлімін оқи бастағанда, оқушылардың кеңістік фигураларының сызбасын салуда қиналатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Салу жұмыстары алғашқы уақытта оқушыларға өте киын тиеді, бұл қиындықтарды компьютерді пайдалана отырып жеңуге болады. мына бағдарламада пирамиданың салу методикасы көрсетілген.
5 COLOR 1, 15, 1
10. SCREEN 2
15 LINE (40,90) - (100,130), 1
20 GOSUB 100
25 LINE (100,130) - (130,90), 1
30 GOSUB 100
35 LINE (85,10) - (40,90), 1
40 GOSUB 100
45 LINE (85,10) - (100,130), 1
50 GOSUB 100
55 LINE (85,10) - (130,90), 1
60 GOSUB 100
65 FOR K=40 TO 130 STEP 5
70 PRESET (K.90)
75 NEXT K
80 GOTO 120
100 TIME = 0
110 IF TIME <150 THEN 100
115 RETURN
120 GOTO 120
Енді мектеп геометриясындағы үшбұрыштардың теңдігін өткенде пайдалануға болатын бағдарлама келтірейік. Бағдарлама атқарылғанда экранда алдымен екі үшбұрыш көрінеді. Берілген екі үшбұрыштың сәйкес бұрыштар өзара тең, теория бойынша бұл екі үшбұрыш өзара тең болуы тиіс. Мәне осы қағиданы көзбе-көз дәлелдеу үшін экранның сол жағында орналасқан үшбұрышты параллель ығыстырып әкеліп, оң жақта тұрған үшбұрышпен беттестіреміз де, екі үшбұрыштың бірінің үстіне бірі дәл түскенін яғни тең екендігін көреміз. Үшбұрыштардың теңдігінің басқа белгілерін де осылайша дәлелдеуге болады.
5 COLOR 1, 15, 1 : SCREEN 2
10 LINE (50, 40) - (20,110)
15 LINE (50.40) - (70, 125), 1
20 LINE (20.110) - (70, 125), 1
25 TIME = 0
30 IF TIME <100 THEN 30
35 LINE (215, 40) - (185.110), 1
40 LINE (215, 40) - (235, 125), 1
45 LINE (185, 110) - (235, 125), 1
55 X= 0
60 K = 1
65 LINE (50 + 5*X, 40) - (20+5*X, 110), K
70 LINE (50 + 5*X, 40) - (70+5*X, 125), K
75 LINE (20 + 5*X, 110) - (70+5*X, 125), K
80 K=K+14
85 IF K=15 THEN 65
90 X=X+1
95 IF X<33 THEN 60
100 GO TO 100
Төмендегі бағдарлама косинусоида салуға арналып құрылған. Оқушыларға ыңғайлы болуы үшін координаттар осьтерінде экранға арнаулы операторлар көмегімен сызылып беріледі.
Y=cosX
5 COLOR 1,15,1; SCREEN 2
10. LINE (20,100) - (150,100), 1
20. LINE (31,120) - (31,20), 1
30. FOR 1=7 TO 131
40. A=1+10
50 B=20* COS (0.1*A)+100
60 PSET (A,B), 1
70 NEXT
90 GO TO 90
</ Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы