- Учителю
- Сабақ жоспары *11 санының құрамы*
Сабақ жоспары *11 санының құрамы*
Білімділік: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.
Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабақ.
Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері, тест.
Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа бағыттау.
- Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, күн!
Амансың ба, дос!
Амансың ба, шеңбер әнге қос!
Амансың ба, ғасыр!
Амансың ба, әлем!
Баршаға амандық сәлем!