7


  • Учителю
  • 'Рационал сандарды салыстыру тақырыбы бойынша есептер шығару ' (6 сынып)

'Рационал сандарды салыстыру тақырыбы бойынша есептер шығару ' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі Г.Туралиева

27 қазан 2015 ж.


27.10.2015ж

Математика

6 «Ә, Б, Г» сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Есептер шығару»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Координаталық сәуледе оң сан мен теріс сандардың орналасуын еске түсіре отырып, рационал сандарды салыстыруды біледі.

Дамытушылық: Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолдана отырып, есептер шығарады. Берілген ұғымдарды талдай отырып, салыстыруларды теңсіздіктер арқылы жазып, координаталық түзуде кескіндейді.

Тәрбиелілік: Оқушылар ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өз бетінше ізденуге, есеп шығаруға талаптануға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже

1. Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде бүтін сандарды кесіндеуді біледі.

2. Есептерді шығара алады..

3. Бір - бірімен ақылдасады.

Сілтеме

Оқулық

Сабақта қолданылатын материалдар:

А3 парағы

Оқулық

Бағалау үшін түрлі түсті қағаздан жасалған жетондар.

Оқыту әдістері:

1. Жеке жұмыс

2. Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу

2. «Бүтін сандар», «Оң сандар», «Теріс сандар», «Рационал сандар» сөздері арқылы топқа бөлу, әр топтың өздерін топбасшысын сайлату

3. Бағалау жетондарымен таныстыру, әр тапсырма орындалған сайын беріліп оқушыға беріліп отыратынын айту.

«Қызыл түс» - түзетуді қажет етеді

«Сары түс» - толық емес жауап

«Жасыл түс» - нақты жауап

Оқушылар топқа бөлініп

орындарына отырады

ІІ. Үй тапсырмасы

3 минут

№383, № 384 есептерді тексеру.

Бір-бірінің дәптерлерін тексереді.

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді.

ІІІ. Миға шабуыл сұрақтары

5 минут

Өткен сабақты еске түсіру үшін ауызша сұрақтар қою. Жауап берген оқушыға жетондар беру


1. Координаталық түзу дегеніміз___________________________________

2. О нүктесі_________________________________

3. Оң бағытқа_________________________салынады.

4. Теріс бағытқа_______________________салынады.

5. Қарама-қарсы сандар деп

6. Бүтін сандар жиыны деп

7. Рационал сандар жиыны деп

8. Санның модулі

Оқушылар сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап береді.


ІҮ. Тапсырма

10 минут


Әр топқа викториналық сұрақтар беріледі.

«Бүтін сандар»

1. Кеше күн 3 градус суық болған, бүгін күн 2 градус жылы.

2. Мына сандарға қарама-қарсы сандарды жазыңдар:

-3; 9; 0,3;

3. Мына сандардың арасынан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар:

-99; ; 0,99; 0; 9; -5; -14.

4. Натурал сандар жиыны мен бүтін сандар жиынының арақатынасы Эйлер - Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер.

5. Модульдерін салыстырыңдар:

-6 мен 3-тің

-7 мен -2-нің


«Оң сандар»

1.Тарбағатай жоталары ең биік жері теңіз деңгейінен 2992 м биіктікте, Каспий ойпаты теңіз деңгейінен 28 м тереңдікте.

2. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?


3. Мына сандардан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар:

-88; ; 0,88; 8; 0; -7; -15.

4. Бүтін сандар жиыны мен рационал сандар жиынының арақатынасы Эйлер - Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер.

5. Модульдерін салыстырыңдар:

-8 бен 5-тің

-8 бен -3-тің

«Теріс сандар»

1. Кеше күн 4 градус суық болған, бүгін күн 3 градус жылы.

2. Мына сандарға қарама-қарсы сандарды жазыңдар:

-9; 6; 0,5;

3. Мына сандардың арасынан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар:

-62; ; 0,79; 0; 1; -3; -17.

4. Натурал сандар жиыны мен бүтін сандар жиынының арақатынасы Эйлер - Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер.

5. Модульдерін салыстырыңдар:

-5 мен 2-нің

-7 мен -4-нің


«Рационал сандар»

1.Іле Алатауындағы Талғар шыңының биіктігі 4973м, ал қара теңіздің тереңдігі 2210 м.

2. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?


3. Мына сандардан бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазыңдар:

-85; ; 0,56; 7; 0; -12; -8.

4. Бүтін сандар жиыны мен рационал сандар жиынының арақатынасы Эйлер - Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер.

5. Модульдерін салыстырыңдар:

-6 бен 4-тің

-9 бен -7-тің

Оқушылар топпен ақылдасып викториналық сұрақтың жауаптарын постерге жазып қорғайды.

Ү. Сергіту сәті

2 минут

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

Оқушылар сергіп алады.

ҮІ.Оқулықпен жұмыс

15 минут


Оқулықтағы есептерді әр топқа бөліп беру

«Бүтін сандар» тобына №386

«Оң сандар» тобына №387

«Теріс сандар» тобына №388 (1,2,3)

«Рационал сандар» тобына №388 (4,5,6)



ҮІІ. Кері байланыс

2 минут

Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазып, тілек ағашына жапсыруға тапсырма беру


Тілек ағашына сабақтан алған әсерлері туралы жазылған стикерлерлерін жапсыру.

ҮІІІ. Үй тапсырмасы

2 минут

№ 390, №391

Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп алу

ХІХ. Бағалау

3 минут

Сабақ барысында алған жетондарына байланысты баллдарын қорытып, бағалау

Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдыру.


Бүтін сандар

Бүтін сандар

Бүтін сандар

Бүтін сандар

Бүтін сандар

Бүтін сандар

Оң сандар

Оң сандар

Оң сандар

Оң сандар

Оң сандар

Оң сандар

Теріс сандар

Теріс сандар

Теріс сандар

Теріс сандар

Теріс сандар

Теріс сандар

Рационал сандар

Рационал сандар

Рационал сандар

Рационал сандар

Рационал сандар

Рационал сандар

«Бүтін сандар»

тобы



«Оң сандар»

тобы



«Теріс сандар»

тобы

«Рационал сандар»

тобы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал