- Учителю
- Урок по математика 'Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы'
Урок по математика 'Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы'
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік
Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.
2. Дамытушылық
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілде сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік
Оқушыларды тез ойлап, дәл таба білуге, бірін - бірі сыйлауға, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, сызғыш
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгелдеу;
- оқу құралдарының түгел болуын талап ету;
- сынып тазалығы мен тәртіптеріне көңіл бөлу;
- назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты оқып үйрету
Екі сан аралығы өзара қиылысу, қиылысуы бос жиын болуы немесе бірігуі мүмкін.
Екі сан аралығының қиылысуын қарастырайық. Мысалы: [-2;4] аралығы мен [1;6] аралығының қиылысуы - [1;4] аралығы.
Мұндай жағдайда [-2;4] және [1;6] аралығы қиылысады дейді.
Белгіленуі: [-2;4]∩[1;6]=[1;4].
Сан аралықтарының қиылыспайтын болуы. Мысалы: [-4;1] және [3;7] аралықтары өзара қиылыспайды немесе оларға ортақ сан аралығы жоқ.
Олай болса, : [-4;1] және [3;7] аралықтарының қиылысуы - бос жиын. Белгіленуі: [-4;1]∩[3;7]=∅.
Сан аралықтарының бірігуі. Мысалы: [-2;6] аралығының әрбір саны [-2;3] және [1;6] аралықтарының ең болмағанда біреуіне немесе екеуіне де тиісті болады.
Мұндай жағдайда : [-2;6] аралығын [-2;3] және [1;6] аралықтарының «бірігуі» деп атайды. Белгіленуі: [-2;3]∪[1;6]=[-2;6].
4 . Есептер шығару
№ 987 Сан аралығын координаталық түзуде кескіндендер:
-
[-3 ; 5]
-
( -1 ; 8]
-
[-5; 0]
-
(0 ; 8)
-
(-∞ ; -4)
-
[ -9 ; +∞)
-
(-∞ ; 5)
-
(-5; +∞)
№ 999 Берілген сан аралықтарының тиісті аттарын жазып, кесетні толтырыңдар:
Сан аралығының белгіленуі
(-∞ ; 3]
[ -3; 2]
(-7; 0)
(-4; 2)
Сан аралығының аты
№ 991 Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың қиылысуын жазыңдар:
-
(-8; 6] және [-5; 8];
-
[-9; 3] және (-∞; 0]
-
(-4; +∞) және (-5; 0]
-
[-9; 9] және [-1; 10].
№ 991 Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың бірігуін жазыңдар:
-
[-8; 2] және [1 ; 9]
-
[-3; 7] және [-8; 2]
-
[-4; 3] және [1; 5]
-
[-2; 9] және [4; 10].
5. Сабақты қорытындылау
6. Оқушылар білімін бағалау
7. Үйге тапсырма 1003, 1004.