7


  • Учителю
  • Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен белгілері (7-сынып)

Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен белгілері (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні:Геометрия

Мұғалімі: Бектұрған Қуатжан

Мерзімі:

19.11.2015

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы:

Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен белгілері

Сабақтың реті:

22-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін білу

Дамытушылық: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Оқу нәтижелері:



-белсенділіктері артады; ынтымақтастық ахуал қалыптасады;

-бағаланады;

-бірлесе отырып, ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады;

-жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, танымдық дағдылары арқылы басқада ақпарат көздерін дамыта отырып топпен жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс дағдысы, қабілеті артады;

-өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланады; - ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді.

-белсенділіктері артады,сыни ойланады;

-мағлұмат алады;

-сауаттылықтары артады;

-өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды;

Түйінді идеялар:

Берілген тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Сабақтың типі:

Қайталау сабағы

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Қарама-қарсы сап», «Күту ағашы», «Пирамида», «Екі жұлдыз,бір тілек», «Қар борату», «Басбармақ» әдістері

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:


І Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет : Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Қарама-қарсы сап» әдісі бойынша сәлемдесу.

Оқушылар бір-бірінің қолын алып, тілек айтып амандасып,көңіл -күйлерін білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады.


І. Ой қозғау. Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен белгілері



Екі қабырғасы тең үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғаларын үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп, ал үшінші қабырғасын оның табаны деп атайды.

Барлық қабырығалары тең үшбұрышты тең қабырғалы үшбұрыш деп атайды.



Теорема, 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектриссасы оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады.


ІІ. Мағынаны ажырату. (кубизм стратегиясы арқылы) Есептер щығару

Орында орындалатын есептер

№50,51,52

Тақтада орындалатын есептер

№55,56,57


ІІІ. Ой толғаныс.

Рефлексия. «Менің бүгінгі сабақтан түйгенім».


ІV. Үйге тапсырма

Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

№53,54 (67-бет)


Бағалау.


Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал