7


  • Учителю
  • Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту

Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Уақыты:23.01.2015 ж
пәні:Математика
Пән мұғалімі:Кабделова Алтынай
Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
Мақсаты:
Білімділігі: 10 көлеміндегі санға 4-ті қосу және саннан 1-ті азайту тәсілімен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылығы: ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру.Ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі. Түсіндіру, талдау, топтастыру, ойын, сұрақты қағып ал т. б.
Көрнекілігі: аквариум, доп, телефон,құрт, балық т.б.

Жүру барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
-Оқушылар бүгінгі сабағымыз өзгеше, себебі, бізге қонақтар келіп отыр.Ендеше қонақтарға өзіміздің қандай екенімізді көрсетейікші.
- Біз бақыттымыз,
Біз әдеміміз.
Біз күштіміз,
Қиындықтың бәрін былай жеңеміз. (қимылмен көрсетіледі)
-Ендеше біріге отырып, топтаса отырып қиындықтың бәрін жеңе білейік.

II Үй тапсырмасын сұрау.
-№4 тапсырманы оқушыларға оқыта отырып, талдау.

III Өткенді пысықтау.
1 2 мен 3-тің қосу,азайту кестесін сұрау.
2. Қосу мен азайтудың компаненттерін ата.
3. 3-тің көршісін ата.
-4
4.Көкжиектің неше тұсы бар? 4
5. Төрт түліктің неше аяғы бар? 4
-Логикалық тапсырманы орындау арқылы жаңа сабаққа түсеміз.
IV Мақсат қою кезеңі.
-Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз сол 4 санын қосу және азайту.
V Жаңа сабақ
1.Жаңа сабақ электронды оқулық арқылы түсіндіріледі.
2. - Кім ойын ойнағысы келіп отыр?
-Ендеше бәріңді ойынға шақырамын.
«Алтын балыққа арналған аквариум»ойыны.Әр топқа үш балықтан беремін. Сол балықта жазылған өрнектердің мәнін тауып, мәніне сәйкес санға апарып жапсырамыз..(Төртбұрышты аквариумның төр қабырғасына жапсырады.)
«Кім жылдам?»ойыны.
-Құрттарға жазылған өрнектерді топпен есептеп, топтан бір адам қорғайды.
3. Тақтамен жұмыс.
- Сандар сәулесін пайдалана отырып, №2 тапсырманы орындау.
№5 есепке назар аударамыз. Оқимыз, талдай отырып шығарамыз.Не туралы, не белгілі, не белгісіз сұрақтары арқылы.

Шарты: Өрік-3 түп Шешуі: 3+4=7
Шие-4 түп Жауабы: Барлығы 7 түп ағаш.
Барлығы-? түп
(Бір оқушы тақтада жазып, түсіндіреді.)
4.Сергіту сәті. «Көңілді күн» би қимылымен.
5.Топпен жұмыс.
1-ші топ. Теңдеуді шешіп,қорғайды.
2-ші топ.Фигураның периметрін табады.
3-ші топ.Логикалық тапсырма.
4-ші топ. 4 санын қосу және азайту кестесін құрады.
6. «Телефон шылдыры» ойыны
-Әр топтың өз телефоны болады. Телефон арқылы топтар бір-біріне әртүрлі сұрақтар жолдайды, дайын болған соң телефон арқылы жауабын айтады.
Мақсаты:Оқушыларды бір-бірін тыңдап, сұрақ қоя білуге үйрету.
7.
VI Қорытындылау.
Шығармашылық тапсырма.
-Әйнекшеге тиісті сандарды қою арқылы тура теңсіздіктер ойлап жазу. «Сұрақты ұстап ал»
-Музыка ойнап тұрады, әуен тоқтағанда мұғалім допты лақтырады кім ұстап алса сол сұраққа жауап береді.

Үйге тапсырма: №4
Бағалау.

№36 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: «4 санын қосу және азайту»
(семинар сабақ)



Уақыты: 23.01.2015 ж

Сыныбы: 1 «Ә»

Өткізген: Кабделова Алтынай

Атырау, 2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал