7


  • Учителю
  • Презентация на казахском языке 'Оқушыларды математика пәніне қызықтыру'

Презентация на казахском языке 'Оқушыларды математика пәніне қызықтыру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика лидері

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын артттыру, білім дәрежесін байқау, лидерді анықтау.

Әдісі: Сұрақ- жауап, есеп шығару, ойын.

Жоспары:

1. Үміткерлер сайысы.

2. Білім сайысы.

3. Математикалық диктант: «Ептілік сайысы».

4. Ойын сайысы: «Аңшы» ойыны.

5. Мақал- мәтел сайысы: «Кім тапқыр?».

6. Қорытындылау.

Жүргізуші: Армысыз ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз мектеп бітіргелі отырған 11 з,д сыныпоқушыларының арасында «Математика лидері» атты сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Жер бетінде танымалы ғалым бар

Жаңалық пен жетістігі қаншама,

Қандай ғылым деп сұрауға болмайды,

Барлық ғылым оны бірдей қолдайды.

Жүргізуші: Күндер зулап алмасады,

Адам ойы алға асады.

Пифагордың теоремасы

Ғасырларға жалғасады.

Жүргізуші: Мектебім, менің мектебім,

Өзіңмен өткен көктемім.

Білмеппін ғой, қоштасар кездің

Қалай ғана жеткенін- деп, енді ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Жүргізуші: Арманы көп Іңкәрдің

Алға қойған мақсаты.

Өзі сүйер пәндерден

Шығып жүр жақсы аты. (Ортада Жақыпова Іңкәр)

Жүргізуші: Кім білмейді, бар өнерін Серіктің

Мектептегі өнерпаздың бірісің.

Әніменен тәтті күйге бөлеген,

Көрейік біз тағы да оны биіктен. (Хайров Серік)

Жүргізуші: Білім қуып жалықпайды,

Шаршамайды, сірә бір.

Ғылымның сан тарауын

Игеруге біздің Әсем дайын тұр. (Бекбаева Әсем)

Жүргізуші: Көрінесің әлі де бала сынды,

Бойыңа әдеп, іздеп жарасымды.

Жанна біздің асықпай байыппенен,

Шығарады есепті жарасымды. (Сариева Жанна)

Жүргізуші: Көп ойланып Нүркен біздің,

Ой үстінде жүретін.

Ұстаздарын бір қуантып,

Есептерді шешетін. (Айсаев Нүркен)

Жүргізуші: Мінезі оның көпке жайлы

Достарына ұнаған.

Ибалы қыз Әлияны

Сыныптастары сыйлаған. (Шамығұлова Алия)

Жүргізуші: Болмақшы едің кім десем?

Мұнайшы - дейді ойлана

Ендеше біз Жандосты

Шақырамыз ортаға. (Ниязов Жандос)

Жүргізуші: Елін кезіп зерттейтін,

Турист болғын зерікпейтін.

Жансая бұл мамандыққа

Талайдан - ақ еліктейтін. (Жайлаубекқызы Жансая)

Жүргізуші: Ата-аналар балалардың білімдісін қорғайды,

Жо-жоқ, оны бөлген емес,

Бар болғаны білім қусаң, қуанады, қолдайды, -деп

«Үміткерлер» сайысын бастаймыз.



(30 сұрақ оқылады)

(Оқушылардың ең көп ұпай жинағаны сайысқа шығады).

Жүргізуші: Ендігі сайыс «Сынақтық есеп» деп аталады.(оқушыларға есептер беліледі)

Жүргізуші: Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір- бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір- бірімен жатқан тулап, арбасып - деп ақын ағамыз жырлағандай, өмір өзі сайыс.

Келесі сайысымыз: «Математикалық диктант» («П» әрпімен басталатын математикалық терминдерді жазуды аяқтау)

Жүргізуші: Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.-

дегендей ендігі сайыс ойынға беріледі.

Ойын «Аңшы» деп аталады. (Суреттегі сұрақтарға жауап береді)

Жүргізуші: Архимедтей жаңалық ашар,

Болса үміткер сайыста.

Ұлы математик ізін басар,

Бізде жоқ па, талапкер? - деп келесі сайыс «Кім тапқыр?»

(Мақал- мәтел оқылады, сіздер жалғастырасыздар)

Жүргізуші: Математика - дейді халық-

Адам ойын реттейді.

Туғаннан соң сенің барлық

Өміріңе керек,- дейді.

Сөз беріледі: математика пән мұғалімі Қаракүшікова Райханға.

Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды, тамашалағандарыңызға рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал