7


  • Учителю
  • Конспект по математики 'Рационал сандарды салыстыру' (6 класс)

Конспект по математики 'Рационал сандарды салыстыру' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Конспект по математики "Рационал сандарды салыстыру" (6 клас
предварительный просмотр материала



Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектебі



Рационал сандарды салыстыру

Математика 6 сынып

Тлеубекова Күнсұлу математика пәні мұғалімі

Бесарық ауылы 2014 ж



Математика 6 сынып

Пән мұғалімі: Тлеубекова Күнсұлу

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру. Сілтеме: Т.А. Алдамұратова Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

3-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2011.

Сабақтың жалпы мақсаты:

білімділік:оқушыларға рационал сандарды салыстыруды түсіндіру;

дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып . салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, топтық қарым-қатынас тәртібіне қалыптастыру, сабақты ынта қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

  • Рационал сандарды салыстыруды біледі;

  • Координаталық түзуде рационал сандарды қалай салыстыруды біледі;

  • Оқушылар рационал сандарды салыстыру ережелерін есептер шығаруда тиімді пайдалануға дағдыланады;


Дереккөздер және жабдықтар: Тақта,слайд-тапсырмалар, оқулық, жазба дәптерлері, плакат-парақшалар, фишкалар, маркер-қаламдар т.б.

Тапсырмалар:

1) Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі

2) Жұптық жұмыс: «Мен саған, сен маған» әдісі

3) Жеке жұмыс: оқулықпен жұмыс

Жеке жұмыс: «Логикаң қандай?» әдісі

4) Үйге тапсырма: № 388

5) Рефлексия

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Ұйымдастыру: а) оқушыларды түгелдеу, геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу; ( 3 минут)

І Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі (10 минут)

Бағалауы: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы

  • Тақырыпты нақты, дұрыс жеткізу;

  • Тапсырмаларды дұрыс, тиянақты орындау;

  • Уақытты тиімді пайдалану; 1-топтың тапсырмасы. Координаталық түзу бойында оң сандар нөл санының және теріс сандардың оң жағындағы нүктелермен кескінделеді. Мысалы, А(2) нүктесі О(0) және В(-4) нүктелерінің оң жағында. Демек, 2 >0. 2>-4.



В С О А Д

-5 -4 -3 0 1 2 3 4,5



Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез келген теріс саннан үлкен.

Мысалы: 3 > 0, 1 > -5, 1/3 >0. 0.7 > -8

2-топтың тапсырмасы. Координаталық түзу бойында таріс сандар нөл санының және оң сандардың сол жағындағы нүктелермен кескінделеді. Мысалы, С(-3) нүктесі О(0) және D(4,5) нүктелерінің сол жағында. Демек,-3<0; -3<4,5.

Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші

Мысалы, -4 < 0; -5 < 1; -2 < 0,5; -1 <

Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:

1.егер "а-оң сан " болса, ол жалпы түрде былай жазылады:а>0

2.егер " в-теріс сан " болса,ол жалпы түрде былай жазылады: в<0

3-топтың тапсырмасы. Кеше ауаның температурасы -2°С, ал бүгін ауаның температурасы төмендеп, -5°С болды. Онда -2 саны -5 санынан үлкен. Жазылуы: -2 > -5 Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен. ІІ. Жұптық жұмыс: «Мен саған, сен маған» (10 минут)

Бағалауы: өзара бағалау, топта қорытынды шығару №383. Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңдар. 1) 4; -7; 8; -1; 2) ; 2 ; ; 3) 8,1; -3,7; -9,8

№385. 1) Сандарды өсу ретімен жазыңдар: ; 1,7; -8; 9,5; -4.

2) Сандарды кему ретімен жазыңдар: 3,5; -4,1;

Сергіту сәті: (2 минут)

III. Жеке жұмыс: оқулықпен жұмыс (15 минут) Бағалауы: «Өзін-өзі» бағалайды.

№386. Мына сандарды салыстырып, нәтижесін > немесе < белгілері арқылы жазыңдар: 1) 8,7 мен 7,8 2) -4,1 мен 2 3) 2,9 бен -920 4) -6 мен -11 5) -18 бен -1,8 6) -100 бен 0

№387. Температураны салыстырып, кестені толтырыңдар

Температура, °С

3 пен -4

-7,5 пен -1

0 мен -2

5 пен -3

0 мен 8

Теңсіздік

Жеке жұмыс «Логикаң қандай?» әдісі

№390 Координаталық түзудегі кескіндері бойынша х пен у сандарының модульдерін салыстырыңдар.


  1. 3)

х у 0 у 0 х

  1. 4)

0 х у х 0 у



IV . Үйге тапсырма: №388. Ережелерді жаттау (2 минут) V. Рефлексия: (3 минут)

Сабақтағы жұмыстарыңызға рахмет!

Оқушылар ББҮ бағалау парағына өз сұрақтарын жазады

(балалардың сабақты қорытындылауы, талдауы)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал