7


  • Учителю
  • Сызықтық функция және оның графигі.

Сызықтық функция және оның графигі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ 

</ Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.

Мақсат:



Білім

• Сызықтық функция және оның графигін таниды.

Түсінік

• Сызықтық функцияның графигін салуды түсінеді.



Қолданым әрекеті

• Кесте құру арқылы сызықты функцияның графигін салады.

Талдау әрекеті

• Сызықты функцияның графигі қандай сызық болатынын талдайды.

Шығармашылық әрекет

• Формуламен берілген сызықты функцияның мәнін табады.



Бағамдау әрекеті

• Математика пәнінен сызықтық функция және оның графигін білу маңызды деп бағалайды.

Сабақ құрылымы:



І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту ( 3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:



•Жаңа тақырып меңгеру.

Оқыту әдісі:



• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:



• Сызықты функция, график

Оқушыда дағды қалыптастыру:



• өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары - ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.

Ақпарат көздері:



1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым/А.Е. Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.А Жұмағұлова Алматы, Мектеп,2011

2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.- Алматы, Мектеп, 2011ж.

3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.

4. Т.А. Алдамұратова Координаталық түзуде, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.

5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011.

Оқушы жетістігін бағалау:



• Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

САБАҚ БЛОКТАРЫ 



і. АҚПАРАТ АЛМАСУ.





ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:

  1. Сызықты функция

  2. График бойынша функцияны формуламен жазуды үйренейік.



1- слайд 1- тақырыпша Сызықты функция



2- слайд

у = kx + b формуласымен (мұндағы х-тәуелсіз айнымалы, k және b - кандай бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.



3- слайд

Мысалы: у = -2х + 3,4; у = 7; у = 12х; у = 0 - сызықтық функциялар.



4- слайд

у = kx + b (мұндағы k және b - тұрақты сандар) сызықтық функциясының графигі түзу болады.





5- слайд

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.

Мысалы, 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі

4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.

Ескеретін жағдай: кейде теңдеудің түбірі болмайды.

Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады.



6 -слайд

Тендеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.

1-қасиет:

Тендеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде тендеу мәндес тендеуге түрленеді.

Тендеуді мұндай түрлендіруді енгізген IX ғасырдағы Орта Азия ибн Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.

2-қасиет:

Тендеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.Сызықтық функция және оның графигі.



7 -слайд

1-мысал. 4х+3=х+5,1, 1-қасиет бойынша: 4х-x=5,1-3,

3х=2,1, 2-қасиет бойынша: х=2,1 : 3,

х=0,7. 0,7 - теңдеудің түбірі.

Тендеудің шешімінің дұрыстығын тексерейік: 4 • 0,7+3=0,7+5,1,

іІ. алғашқы бекіту





Сызықтық функция

Мысал келтір.







Қорытынды____________________________________________________________

IІІ. ҚҰзырлылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей тапсырмалары

1.№1196. Берілген функциялар сызықты бола ма?

______________________________________________________________________

2.№1197. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз

______________________________________________________________________

3.№1198. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз

______________________________________________________________________

4. .№1199. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз

______________________________________________________________________

II деңгей тапсырмалары

5.№1201. Функцияның графигін салыңдар.

______________________________________________________________________

6.№1202. Функцияның графигін салыңдар.



III деңгей тапсырмалары

7.№1209. Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын тауып, графигін салыңдар. ______________________________________________________________________





IV. Шығармашылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Топтық жұмыс

Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.

I топ

Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:

1) 3)

2) 4) болса, k-ның мәнін табыңдар.

Шешуі:



II топ

Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:

1) 3)

2) 4) болса, l-дің мәнін табыңдар.

Шешуі:



V. Бағалау-бағамдау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________



VІ. Үй жұмысы





  1. Оқулықтағы №1200; 1203; 1204;1205

  2. Топтық жұмыс есептерін толықтырып шығару.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал