- Учителю
- Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Сынық сызықтар.
Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Сынық сызықтар.
Сабақ жоспары
Пәні: Математика
</ Күні: 08.09.2016 ж.
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Сынық сызықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кесіндіні белгілеп, кесіндінің ұзындығын өлшеп таба білуге үйрету. Сынық сызықтардың буындарын, төбелерін дұрыс жазуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.
ІІ. Өткенді қайталау.
-
Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
-
Қандай сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады?
-
Сүуленің түзуден ерекшелігі неде?
ІІІ. Жаңа материалды игерту.
Кез келген екі нүктені бір ғана кесіндімен қосуға болады. түзуін жүргізіп (1-сурет), оның бойынан А және В нүктелерін белгілейік. Сонда біз түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі - АВ кесіндісін салдық. А және В нүктелері кесіндінің ұштары деп аталады.
1-сурет 2-сурет
Кесінді - оның ұштары болатын екі нүктемен шектелген итүзудің бөлігі.
Кесіндінің ұзындығы - оның бойындағы таңдап алынған өлшем бірлігі неше рет орналасқанын көрсетеді. Мысалы, 2-суреттегі CD кесіндісінің бойында өлшем бірлігі үшін алынған 1 см ұзындық 4 рет орналасқан. Онда CD кесіндісінің ұзындығы 4 см. Жазылуы: CD = 4 см.
Бір түзудің бойында жатпайтын бірнеше кесіндіден құралған сызық сынық сызық деп аталады. Сынық сызықтар тұйықталмаған және тұйықталған сынық сызықтар болып бөлінеді.
3-сурет
IV. Кітаппен жұмыс.
№50. 1) Дәптерге ұзындығы 6 см NP кесіндісін салып, белгіленуімен жазыңдар.
2) Дәптерге ОА сәулесін салыңдар. ОА сәулесінің О басталу нүктесінен бастап, сәуле бойына ұзындығы 2 см кесінді салыңдар. Сәуле бойына осындай 100 кесінді салуға бола ма? Не себепті?
№51. Дәптерге ұзындығы 8 см АВ кесіндісін сызыңдар. Оны бірі екіншісінен 2 см қзын екі кесіндіге бөлетін нүктені табыңдар. Табылған нүктені О әрпімен белгілеп, кесінділердің әрқайсысының ұзындығын көрсетіп жазыңдар.
№52. АВ кесіндісінің ұзындығы 18 см. Оның бойындағы 5 нүкте осы кесіндіні ұзындықтары бірдей кесінділерге бөледі. Әрбір кесіндінің ұзындығы неше сантиметр?
№54. Сәйкес ұзындықты таңдап алыңдар:
-
Үстелдің биіктігін;
-
Кітаптың қалыңдығын;
-
Телеграф бағандарының арақашықтығын;
-
Сырдария өзенінің ұзындығын.
А. 50 м; В. 75 см; С. 2219 км; D. 18 мм.
V. Қортындылау.
1. Кез келген екі нүктені неше кесіндімен қосуға болады?
2. Сынық сызық дегеніміз не?
3. Сынық сызықтың түрлері.
VI. Үйге тапсырма беру.
№53, №56, №51 (2).
VIІ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.