7


  • Учителю
  • Математика пәнінен баяндама 'Математика жоғары әсемдікке иегер пән'

Математика пәнінен баяндама 'Математика жоғары әсемдікке иегер пән'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика жоғары әсемдікке иегер пән

Математика ақиқат қана емес, мүсіндей сұлу да суық аса жоғары әсемдікке иегер пән.
Бертран Рассел
Енді математикадағы әсемдік дегеніміз не? - деген сауалға жауап іздеп
көрелік. Ғылым және білім беру саласында еңбек ететін зерттеушілердің дені математикаға тән сұлулық сырын анық мынадай сипаттамалық ерекшеліктерімен қарайды:
1. Математика - бір нәрсеге, не құбылысқа ғана байланып, таңылып қалмайтын дерексіз (абстрактылы) ғылым.
2. Математикалық ойлар қашанда айнымайтын «алтын тізбекті» ақиқат ойлардан дедуктивтік дәлелденген логикалық ойлардың тізбесінен тұрады. Демек, математикалық сұлулық сыры оның логикалық сындарлы сипатына байланысты болып келеді.
3. Математика тілінің дәлдігі, бірмәнділігі және ықшамдылығы оны сұлу пән деп қарауға бір негіз бола алады.
4. Математиканың табиғи дүниеге, өндірістік өмірге тікелей қатынастылығы оның пайдалы да бағалы білім екенін сипаттайды. Демек, математиканың сұлулығы оның қолданыстық тиімділігіне де байланысты болып келеді. Математикаға тән бұл «сұлулық сипаттамаларын жиып, математикалық ойлар мен құрылымдар әсемдігін анықтауға жарамды қағидалар бола алады. Соларға сүйеніп: «әсем пішін (фигура)», «әдемі теорема», «сымбатты сызба», «сұлу қалыптама (формула)» деген анықтамалық ойлар айтуға әбден болады




Мен осы пәнді зерттей келе мынадай есептер ойдан шығарып адам баласының қолынан барлық нәрсе жасауға болатынына көзім жетті.

Мына есептерді зерттеп шығарып табиғаттың математика саласына көптеген пайдасын көріп отырмын геометриялық фигура және мәселе есеп тіпті қосу мен азайту, көбейту мен бөлудің өзі көп нәрсені байланыстырып отыр нәтижесін көрдім.

Мен мынадай есептер құрастыру арқылы математикалық шамаларды тұрмыста орынды қолдана білуді және тиімділігін білдім.

  1. Айша қызанақ тұқымын әр түрлі ыдыстарға отырғызды. Көк ыдысқа 17 тұқым, қызыл ыдысқа одан 11 кем. Ал сары ыдысқа көк ыдысқа қарағанда 5 тұқым артық себілді. Неше қызанақ тұқымы отырғызылды?

а) қызыл ыдыста неше тұқым бар: 17-11=6

ә) сары ыдыста неше тұқым бар: 17+5=22

б) қызыл және сары ыдыста неше тұқым бар: 6+22=28

в) барлығы неше тұқым: 26+17=45

2. Ені 8 м болатын тік төртбұрыш пішінді жер қоршады. Қоршаудың ұзындығы 50 м. Жердің ауданын тап.

а) 8*2 = 16 жердің екі ені

ә) 50-16 = 34м жердің екі ұзындығы

б) 34: 2 = 17 м жердің ұзындығы

в) 8*17 = 136 м2

3. Әсел 3 сағатта 60 алма ағашын суарды. Ол 1 сағатта неше алма ағашын суарды.

Ш: 60: 3= 20

4. Ағашта 30-бұтақ бар. Әр бұтақта 20 жапырақ бар. Барлығы неше жапырақ.

Ш: 30*20=600 б9та0

  1. 348 бен 3-тің бөліндісі 5-ке көбейт (348: 3)*5= 580

  2. Ағайынды бес бала,

Үйде жалаң жүреді.

Қыста шықса далаға

Апалы-сіңлі келеді,

Бір-біріне ереді. (Екі аяқ)


Қанша қоян аулада

Сонша тауық аулада

Аяқтары он екі,

Санап көрші қанекей? (Алтау)

Қорыта келген де математика саласы барлық тұрмыста қажет дүние. Бастауыш сыныпта математиканың негізгі мақсаты - оқушылардың сандық сауатын қамтамасыз етеді. Математикалық есептер шығару - оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырады, математикаға оны қолдану саласына деген тұрақты қызығуын оятады. Қазіргі таңда оқушының деңгейін анықтау барысында түрлі жарыстар және олимпиадаларды ұйымдастырып, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыруда, Және де көптеген үйірмелер ашылуда.

Нәтиже: Осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады .Баланың логикалық ойлау қабілеті, пәнге деген қызығушылығы, тапқырлығы, жүйелі ойлауы артады.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал