7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс сабақ: Интеллектуалдық ойын Брэйн-ринг

Сыныптан тыс сабақ: Интеллектуалдық ойын Брэйн-ринг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Семей қаласы

№26 жалпы орта білім беретін мектептің

математика пәні мұғалімі Ж. М. Болгабаева

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Математикалық Брэйн-ринг»

Сыныптар: 5-6

Сабақтың мақсаты: математика сабағында алған білімдерін логикалық және стандартты емес есептерді орындауда қолдану дағдыларын, таным белсенділігін дамыту.

Математика пәніне қызығушылықтарын, ептілікті арттыру

Сыныптар арасындағы достық қарым-қатынас, белсенділікті дамыту.

Көрнекіліктер: презентациялар, уақытты үшін сағат, команда аттары жазылған қағаз.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Ойын барысы:

І. Кіріспе:

Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

Барлықтарың «Математикалық Брэйн-ринг» ойынына қош келдіңіздер!

Біздің басты байлығымыз не?: «бірлік пен бейбітшілік»

  • Бүгінгі ойында басты құралымыз не?

  • білім,бірлік және белсенділік

(Қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық )

Барлық командаға сәттілік тілеймін!

Ойын ережесі:

Өздерің көріп отырғандай ойынға 4 команда келіп отыр. Әр команда капитаны команда үшін қорытынды жауапты айтуға құқылы. Ойлануға 1 минут. Толық жауап қабылданады, жауап нақты, тез болуы керек әр жауап 1 ұпай

Ойын 3 турдан тұрады. І турда 5 сыныптар, ІІ турда 6 сыныптар, ал ІІІ турда жеңген топтар ойнайды, яғни ойын барысында екі рет ойын столында жеңген топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жас достар,

Мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың бәріне

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де, деп есеп қисап жүргіздетін ,

  • Ойыншылардың дайындығы мен білімін, белсенділігін сараптап, бағасын беру үшін әділқазылар алқасымен таныстырайық:

1. Мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:

2. Информатика пәні мұғалімі:

3. Математика пәні мұғалімі:

Командалар столға ретпен жайғасады,

Командаларды капитандардың таныстыруы: 5«А», 5 «Ә»

Жүргізуші:

Ал, кәнеки, математик жастарым,

Ойынымды бастадым.

Көп сұрақты жинап ап,

Алдарыңа тастадым.

Жылдамырақ жауап бер,

Әр сұрақтың түйінін.

Жылдам кәне тауып бер,

«Жылдам сұрақ, тез жауап».

І. «Бәйге»

5-сынып

1. Ең кіші натурал сан.

2. жазыңқы бұрыш шамасы -

3. Дөңгелектің ауданы неге тең?

4. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?

5. 96 см сымнан жасалған кубтың қырының ұзындығын есепте

6. Ананас алмадан ауыр, өрік алмадан жеңіл. Жемістердің ең ауыры қайсысы, ең жеңілі қайсысы

7. 1•2•3•4•...• 16•17 сандарының көбейтіндісі қандай санмен аяқталады?

8. Шаршының бір бұрышын қиып алғанда қанша бұрыш болады?

9. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?

10. Сызбада неше үшбұрыш сызылған











10. (46х-57):3=27

Көрермендерге сұрақ:

Гул сатушы әкелген гүлдерден гү л шоқтарын даярлауға кірісті. Ол гүл шоқтарын әрқайсысында 3 гүлден немесе 5 гүлден немесе, 7 гүлден даярласа, барлық жағдайда да 2 гүл артылып қалады. Гүл сатушы барлығы неше гүл әкелген?

II тур

6- сынып.

1. Координаталық түзу дегеніміз не?

2. Пропорцияның негізгі қасиеті?

3. қарама -қарсы сандар қосындысы неге тең?

4. Ең үлкен үш таңбалы сан?

5. 5 және 6 сандарының арасына қандай таңба қойғанда 5 санынан үлкен, 6 санынан кіші сан алуға болады ?

6.Бес дос кездескенде бір- бірінің қолын алып, амандасты. Барлығы неше қол алысу болады. (10)

7. Бір қойды арыстан 2 күн, қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан , қасқыр және ит бірлесіп жесе неше күнде жейді?

8. Сыныптағы 35 оқушының 20-сы математика үйірмесіне, 11 оқушы спорт

үйірмесіне қатысады. 10 оқушы ешқандай үйірмеге қатыспайтын болса, екі үйірмеге де қатысатын оқушылар саны қанша?

9. Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, транспортир және калькулятор сатып алды. Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес. Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль де емес. Кім не сатып алды?

10.



Жүргізуші :

Мен,мен деген, мен деген.

Топты бастап ерлеген.

Достар үшін жанын жеп,

Арқалары терлеген.

Жекпе-жеке шақырсаң

Қайсар мінез танытып,

Ал ,кәнекей ,кел деген -дей келе жеңген екі команданы ортаға шақырамыз.



ІІІ тур:

1. Бұрышты қаққа бөлетін сәуле?

2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 см, ені 5 см болса, периметрі неге тең?

3. Ең кіші жай сан

4. 2 мысық 2 минутта 2 тышқан ұстайды.

4 мысық 4 минутта неше тышқан ұстайды? (8)

5. 1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг тұз ауыр ма?

6. Үшбұрыш ауданын есептеңдер. (1 тор көз 1 см )

7. Сағат тура 8 болғанда сағаттық тілі мен минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді (шамасы)

</ 8. Қатты аязды жылдары құстардың 90% өліп қалады. Егер орманда 3400 құс бар болса, қыстап шыққан құстар қанша болады? Олардың қатып қалуына не себеп деп ойлайсыңдар? (340)



9. Дұрыс жабылмайтын краннан күніне 150 л су ағады. 10 күн ішінде 20 отбасында осындай жағдай қайталанса қанша су далаға кеткен болады.

Жауабы: 30000 л.

Жүргізуші:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың болар - табылатын қасыңнан

Сайысты қорытындылау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал