- Учителю
- Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сілтеме | Математика 5сынып,А.Е.Әбілқасымова,Т.П.Кучер,электрондық оқулық,слайдтар,үлестірме қағаздар | ||||||||||||||||||
Тақырыбы | Ондық бөлшектерді қосу және азайту | ||||||||||||||||||
Жалпы мақсаты | Оқушылардың бөлшек сандардың ондықжазылуын,ондық бөлшектерді қосу меназайту дағдыларын қалыптастыру.Оқушыларды белсенділікке, жан-жақтылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу | ||||||||||||||||||
Міндеттер |
| ||||||||||||||||||
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | Оқуға бағыт- бағдар беру Топта жұмыс істеу арқылы тақырыптың меңгерілуін бағалау Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау Есеп шығаруда ережелердіқолдана білудағдысын қалыптастыру Математикалық тілде сауатты сөйлеу қабілеттерін дамыту | ||||||||||||||||||
Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері | Аралас сабақ,топпен және жұппен жұмыс,сұрақ- жауап,деңгейлік тапсырмалар,сыни түрғыдан ойлау,өзін- өзі, бірін- бірі бағалау | ||||||||||||||||||
Сабақтың көрнекілігі | Электрондық оқулық,слайдтар,таратпалы тапсырмалар,парақшалар,постер | ||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Ондық бөлшектерді қоса және азайта алады,теңдеулерді шығара алады,ондық бөлшекті жай бөлшекке,жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады,ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндейалады,ондық бөлшектерді салыстыра алады. | ||||||||||||||||||
І.Ұйымдас тыру кезеңі 3 мин | Психологиялық дайындық Балалар,біздер қандай бөлшектерді оқып жатырмыз?ондық бөлшектерді? Сіздер, білесіздер, өте ерте заманда адамдардың заттарды санауы қажет болғандықтан натурал сандар пайда болды.Одан кейін нәрселерді тең етіп бөлу қажеттігінен жай бөлшектер пайда болды.Техника,өндіріс,сауданың өсуіне байланысты тез және дәл қосу,азайту,бөлу керек болды.Ал жай бөлшектер үшін бұл мүмкін болмады.Сондықтан үтірлер арқылы тез есептелінетін ондық бөлшектер пайда болды.Біздің ата бабаларымыз ертеден келе жатқан әдет бойынша бір нәрсенің ұзындығын өлшегенде «сынық сүйем» қол өлшемдерін пайдаланған.Бұл ерте кезден ақ бөлшек ұғымын білгенбілгендігін көрсетеді.Ондықбөлшектердідәлме дәл және оңай салыстыруға,қосып,көбйтуге,бөлуге болады. Бұл туралы Рим жазушысы Цицерон былай деген екен: «Бөлшекті білмейінше,математиканы білемін деп ешкім айта алмайды!» Ал орыстың ұлы математигі Магницкий де: «Бүтінге келсең жұлынып, Алдыңа еш жан салмасаң Бөлшекке келсең бұғынып, Жауабын таба алмасаң, Есепке мықты демелік, Бөлшекке көңіл бөлейік» деп,бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсең де,бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесең,онда есепке мықтымын деп айтпа деген екен. Келешекте сендер алтыншы,жетінші сыныптарда физика және химия деген пәндерді оқитын боласыңдар.Сонда физикалық,химиялық есептерді шығарған кезде бөлшек сандар өте жиі қолданылады.Сол,себепті,балалар бөлшек сандарға амалдар қолдануды осы бастан дұрыстап үйреніп алыңдар Оқушыларды топқа бөлу ,3топқа балалар топтасады.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын және бағалау парағын әр топ басшысына беремін. Р\с | Оқушы ның тегі аты | Сұ рақ -жа уап | Үй жұмысы | Оқу лық пен жұмыс | Бекіту жатты ғулары 1,5б | Топ пен жұ мыс 1 балл | Тест
5балл | Қоры тын ды баға | ||||||||||
1 |
| 1балл | А | В | С |
|
|
|
| ||||||||||
2 |
|
| 0,5 | 1 | 2 |
|
|
|
| ||||||||||
3 |
|
|
|
|
|
|
| ||||||||||||
4 |
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Ой шақыру» кезеңі-5 мин \ 1 балл\
-
Ондық бөлшектер дегеніміз не?
-
Ондық таңбалар дегеніміз не?Мысалкелтір
-
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе қалай белгілейміз?
-
Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?М.к
-
Ондық бөлшекті жайбөлшекке ,жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
-
Ондық бөлшектерді қосу ережесі қалай айтылады? Мысал келтір.
-
Ондық бөлшектерді қалай азайтады? Мысал келтір.
Әр топтың көшбасшылары үйге берілген есепті тексереді.
Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жылдам жауап қайтарады.Қажет жерінде тақтада кескіндеп көрсетеді.
Үй жұмысын тексеру № 56 5мин
0,25 + 0,46 = И
13,123 + 5,024 = Ә
38,4 + 2,06778 = А
0,83 + 1,6079 = -
5,607 + 0,193 = Л
9,004 +13,8 = К
0,251 + 47,749 = Ш
18,147
5,8
2,4379
22,804
40,46778
48
0,71
Кестедегі қосындылармен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар.СондаXV ғасырда ондық бөлшектерді енгізген самарқандтық ғалымның атын оқисыңдар.
ІІІ.Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану.
Топпен жұмыс-8 мин.Әр топқа тапсырма беріледі.
І топ.Ондық бөлшектерді қосу ережесі қалай? Ондық бөлшектерді қосуға мысал келтіріңдер?
ІІ топ.Бір ондық бөлшектен екінші ондық бөлшекті қалай азайтамыз? Мысалдар келтір.
ІІІ топ.Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде, ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде қалай жазамыз? Мысал келтір.
Үйжұмысын кесте бойынша тексереді.Кестедегі жауаптың тұсына сәйкес әріптерді қою арқылы ғалымның атын атайды.
Топ басшысы тексеріп,әр оқушы бағалау парағына балдарын қояды.
Барлығы дұрыс болса, 2балл
Жартылай дұрыс болса, 1 балл
Қате болса, 0 балл.
Оқушылар топ болып жұмыс жасайды..
Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасайды.
ІV.Оқулықпен жұмыс-15 мин
Деңгейлік тапсырмалар
.Ондықбөлшектермен амалдар орындау. А тобы
І топ
1,4
+ 0,6 =
2
-1,7 =
0,3
+ 0,7 =
1
+5,15 =
6,15
- 1,15=
В тобыОндық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз:
2,7; 0,8 ; 5,64; 145,008
Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаз:
2; 8; ;
С тобы
Салыстыр:
85,09 67,99 7,6431 7,6429
55,7 55,700 0,0025 0,00247
0,5 0,724 0,908 0,918
Координаталарды сан сәулесінде белгілеңіз;
0,7; 1,2 ; 1,8; 2,5;
Оқушылар өз деңгейлеріне қарай А,В,С тобындағы есептерді шығарады.
ІV.Қорытынды.Білім бекітуге берілген жаттығулар:
Теңдік тура болатындай етіп тиісті жеріне үтір қой:
43 + 17 = 6 83 - 38 =792 52+28=8
5 + 999 =1499 995 - 195 =8 3+289=589
37 + 586 =956 64 - 4 = 24 85-5=35
3,□5□ □□,5 □,2□
+ □,4□ 0,□□□ - 2,□8□
4,187 1 8,5 4 8 1,447
V.Бекіту.
Бағанадан бергі есептеулерімізден көргеніміздей ондық бөлшекті;
-
Қосуға,алуға;
-
Салыстыруға;
-
Сан сәулесінде кескіндеуге;
-
Жай бөлшекті ондық бөлшнекке,ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға;
-
Осы бөлшектер арқылы берілген теңдеуді шешуге болады
Үйге тапсырма: № 350,352
Білім бағалау
Қаратөбе мектеп гимназиясы
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
5 сынып
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Г.К.Кажгалиева