7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'ХХІ ғасыр математигі' (7 класс)

Открытый урок на тему 'ХХІ ғасыр математигі' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Данное мероприятие "Математик ХХІ века" развивает интелектуальную культуру, прививает интерес к предмету,развивает кругозор, мыслительной деятельности,творических способности учасщихся.Наиболее важными задачами внеклассной работы являются следующие: * пробуждение и
предварительный просмотр материала

« ХХI ғасыр жас математигі » (интелектуалдық ойын)

Жақсылықова К.Ж


Тақырыбы: « ХХI ғасыр жас математигі »


Мақсаты: Қабылетті ынталы оқушылардың арасында математикалық ойдың дәрежесін арттыру . Оқушыларды өз шеберліктерін көрсетуге дайындау. Оқушыларды алғырлыққа , шапшаңдыққа тәрбиелей отырып , ой-өрісін кеңейту , шығармашылық қабілетін дамыту.


Түрі: ойын-сайыс.


Көрнекіліктері: Қанатты сөздер , қабырға газеттері , түрлі - түсті шарлар.

Өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі .(бағдарламамен танысу)


1-жүргізуші : Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы болма , адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ , еліңе , халқыңа

пайдаң тисін »-деді.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог С. Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

2-жүргізуші. «Білекті бірді , білімді мыңды жығады» деген халықтың нақыл сөзі мен «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі-Білім »(Ж.Дантон) деп айтқандай , бұл сөздер бекер айтылмаса керек.


1-жүргізуші : Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын , білімді жастарды анықтайтын , оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын математикалық « XXI ғасыр жас математигі »

интелектуалды танымдық ойынымызды бастаймыз.


2-жүргізуші : Білімді адам еш нәрседен қорықпайды. Әр уақытта батыл. Ен-деше Шақырамыз , келіңдер жарысуға ,

Күш , өнер . біліммен алысуға .

Бар өнерді салайық ортамызға ,

Кәнеки кім шығады сайысуға -, деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

1-жүргізуші: Танымдық ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін 2. Бағдарлама:

I кезең « Кім шапшаң ? »

II кезең Тіл- өнер ( үш тілде)

III кезең Блиц турнир

IV кезең Ең , ең ...( математика тарихынан сұрақтар)

V кезең Жекпе-жек

Ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлаймыз.


2-жүргізуші :


I кезең « Кім шапшаң ? » Сайыскерлерге қойылатын сұрақтар


1. Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі,

әрі физигі

2. Натурал санның мағынасы ( Жауабы: табиғи сан)

3. 100-ді ½ бөліп , 7-ні қосқанда нәтижесі қандай? (Жауабы:207)

4. Бір санға минус 5-ті қосып , 2-ге бөлдім. Оны 5-ке көбейткенде 25 саны шықты. Мен қандай сан ойладым? (Жауабы: 15 )

5. Қандай таңбалар геометриялық фигуралардан кішірейтуден шыққан ?

6. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар ? ( Жауабы: 13 үшбұрыш)

7. 1х2х3х4х5х6=х

(Жауабы: 720)

8. Ағаш үстінде 20 торғай отыр еді , аңшы оның 5-еуін атып түсірді.

Торғайлардың нешеуі қалды ?

( Жауабы:5)

9. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса , сонша цифр бар ?

( Жауабы:он және жүз)

10. 4 қайың өсіп тұр .Әрбір қайыңда 4-4-тен үлкен бұта бар. Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар . Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар . Барлық алма саны қанша ?


11. Суретші мектеп бөлмелелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса , қанша рет 9 цифрын жазу керек ?

12. Дүкеннен мен сабын алдым ,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер , бір қарындаш ,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды , қолда бары ?

13. . Суретте барлығы неше шаршы бар ? (Жауабы: 14шаршы )


II кезең .Тіл-өнер.

1-жүргізуші: Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика -барлық ғылымдар атасы »- деп тегін айтылмаса керек.


2-жүргізуші : «Ақыл көркі -тіл, тіл көркі -сөз » деп Жүсіп Баласағұн

айтқандай біздің тарландарымыз өздерінің қазақша , орысша , ағылшынша

шеберліктерін көрсетеді .

Шарты : Жұмбақ , өлең жолдарын шешімін тауып , табылған сөздерді қазақша , орысша , ағылшынша аударады.


1. Арқалап бірін қоймай көтергеннің

Аяғы еш уақытта талғаны жоқ

2. Біз санбыз ..

Сызықпыз бөлінген

Дұрыс, бұрыс , аралас

Ондық болып бөлінген

  1. Он бір түйе, бес жылқы ,

Екі сиыр , бес ешкі ,

Екі , қоян үш түлкі ,

Таба алмасаң бос күлкі.


III кезең. Блиц турнир.

1-жүргізуші: Сонымен «Жеті атасын білген ер , жеті жұрттың қамын жер

деп білім тұлпарларын «Блиц турнир »ойынына шақырамыз.


2-жүргізуші: Шарты: Әрбір сайыскер кезектесіп ұяны ашып сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса , басқа оқушы жауап береді. Жауап берген оқушы келесі ұяны ашады. Сұрақтар :

алгебра

20

30

40

геометрия

20

30

40

логика

20

30

40


Сұрақтар Алгебра

20-1-қатар Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (Жауабы: ширек)

30- 2-қатар «Миллион » ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан адам,

қай жылы , қайда?

(Жауабы: Ы.Алтынсарин. 1879. Орынборда.)

40- 3-қатар. Гүлнар, Айша , Рита үшеуі математикадан бақылау жұмысынан

қандай баға алғандығын сұрағанда мұғалім: Әрқайсыңның бағаң

әр түрлі .Гүлнардың бағасы үш емес, ал Ританың бағасы үш емес

деді. Сонда әркім қандай баға алған?

Геометрия :

20-1-қатар. «Биссектрисаның » анықтамасы.

( Жауабы: Бұрыштың төбесінен шығып , оның қабырғалары-

ның арасымен өтетін және бұрышты қақ бөлетін

сәуле)

30-2-қатар Қозғалысты бейнелейтін атау.

Жауабы: ( симметрия ) 40-3-қатар «Тіреу негізі - нүкте»сөзінің авторы

( Жауабы: Ибатулла Ақбергенов )

Логика:

20-1-қатар Тауда 7ағаш , әр ағаштың түбінде 7-ін , әр інде 7 түлкі , әр түлкіде 7 күшік бар.Барлығы неше күшік ?

30-2-қатар 2 мен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда , 2-ден үлкен 5-тен кіші сан шығады ?

40-3- қатар Қараңғы бөлмеде 20 пар етік бар. Егер етіктің размерлері

бірдей болса , 100 етіктен ең болмағанда екеуі парымен болу

үшін неше етік алу керек ?

IV кезең Ең, ең ..( тарихи сұрақтар )

1-жүргізуші : Енді біздің білімдар балаларымыздың тапқырлығын көрейік:

Ойынды ұпай саны көп оқушы бастайды.

  1. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш педагог доктор математик

(Әбілқасымова Алма Есімбекова )

  1. «Алгебра» сөзі қай елден шыққан ?(«Әл-Жебр»деген араб сөзі-

нен шыққан. )

  1. «Планиметрия » курсы нені оқытады ?

2-жүргізуші: Финалға екі оқушы қатысады.


V кезең 1. Бұл кім ? (Үш қазақ ғалым математиктердің суреті, интерактивті тақтада көрсетіледі )

Жауабы:

а) Қазақ математигі , белгілі әдіскер, физика- математика ғылымда-

рының кандидаты,

педагогика ғылымдарының докторы , профессор

Бүркіт Баймұханұлы Бисенов


ә ) ҚР ҰҒА академигі , физика -математика ғылымдарының

докторы, профессор Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев

б) Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы - белгілі математик , физика-

математика ғылымдарының арасынан шыққан тұғыш доктор,

профессор, ҚР ҰҒА академигі ,Қазақ ССР-нің ғылымға еңбек

сіңірген қайраткері.


1-жүргізуші : Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша , жанкүйерлерге сұрақтар қоямыз.

Жанкүйерлерге сұрақтар:

  1. Нәрселерді санағанда , Керек бізге ауаудай

Айтыңдаршы бұл қандай сан , Жан-жағыңа қарамай.

2. Алманың жартысы неге ұқсас?

3. 2,5 таяқтың неше ұшы бар ? ( 6 ұшы бар)

4. 60-ты 0,6-ға бөлсе қанша? ( 100)

5. Бір таңбалы санға дәл сондай тіркеп жазса, неше рет өседі? ( 11есе)

6. Күн көзі жылына неше рет шығады? ( 365)

7. Екі санның қосындысының квадраты

8. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы көбейтіндісіне тең

( 1,2,3)

9.Екі түзу қатар жүріп , Үшіншісін қияды .

Сонда шыққан бұрыштарды , Кімдер айтып жияды?

( айқыш, тұстас ,сәйкес )

10. «Қосу » және «азайту таңбаларын негізген кімдер ?»

(Я.Видман, Леонардо да Винчи )

11. Модуль дегеніміз не?

Кеш соңында жеңімпаз ойыншы анықталып , қазылар алқасы кешті қорытындылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал