7


Вне классная работа 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Алтын сақа» ойыны

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойын элементтерін яғни асық ойыны арқылы ептілікке, мергендікке тәрбиелеу және ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойынды насихаттау; өзара сайыс жүргізгенде қарапайым болса да логикалық ойлауды қажет ететін түрлі мазмұнды есеп, жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу, оқушылар қызықты, қалжын есептердің мектеп программасына сәйкес шешімдерін таба білу.

Түрі: Ойын сабақ

Әдісі: Топпен және сұрақ-жауап

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тест тапсырмалары және топтамалар, эмблема

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөлу

«Алтын сақа» ойынының шартымен таныстыру

Бастауышы: - Құрметті «Алтын сақа» ойынына жиналған топ! Асық ату ойынының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейін 7-8 ғ. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың дәуіріне тура келеді. Сол атам заманнан келе жатқан асық ату ойынының болашағы мол екендігіне мамандар көз жеткізіп отыр. Асық атқан кезде ептілік керек, егер ойланбай, қалай болса солай қолдың дөрекі қимылдарымен жеңіске жете алмайды. Сондықтан әр нәрсеге епті болу адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін осы ойыннан көруге болады.

«Алтын сақа» ойынымен танысалық: Алдыңызда ойын алаңы. Бұл ойын алаңы 3 бөлікке бөлінеді:

I-бөлік: Көмбе алаңы

II-бөлік: Тәуекел алаңы

III-бөлік: Үміт алаңы

Көмбе алаңында ойыншы ойынға кірісу үшін бастапқы ұпайларын жинайды.Сақа алшысынан түссе - 4-ұпай, тәйкесінен түссе - 2-ұпай, шігінен түссе 1-ұпай. Енді ойын алаңына алтын сақа әкелінеді.

Сұрақ: Қазақ халқы үшін 7 саны киелі сан болып есептелінеді. Ол неліктен?

1-ші ойынға бірінші болып сұраққа жауап берген оқушы қатысады. Қалған ойынға қатысуға талаптанушыларға «Тригонометриялық теңдеулер шешу» тақырыбының есептері жазылған тест есептері таратылады. Дұрыс шығарған оқушы ойынға қатысады. Ойыншыларға ойын қатысу эмблемасы тағылады. 1-ші ойыншы «Тәуекел» алаңындағы 7 асықты дәлдейді. Конверттегі сұраққа жауап береді. Сұрақтар: 1.Қазақта 3 саны киелі сан болып есептелінеді. Осы 3 санына байланысты қандай аталы сөздерді білесіңдер?

Жауабы: 3 жүз, 3 қуат, 3 ғайып, 3 арсыз, 3 даусыз, 3 қадірсіз, 3 жамандық, 3 жақын осыған байланысты 3 саны киелі деп есептеледі.

2. Жасы 100-ге келген қария өзінің туған күнін 25 рет атап өттік. Ол қай күні туылған?

Жауабы: 29-ақпан

2-ші ойынға қатысушыларға теңдеу шешуге байланысты есептер беріледі.

Ақтық ойынды «Хан талапай» ойынынан кейін бастайық. Алтын сақаны ептілікпен таңдап алған ойыншыға сұрақ беріледі.

Сұрақ: 1.Әлде кім мұғалімнен «Баламды оқуға өзіңе әкелдім, сыныпта неше оқушы бар?»,-деп сұрады. Мұғалім «егер қазір қанша оқушы болса, сонша оқушы келсе және соның жартысы, ширегі тағы сенің балаң келсе оқушы саны 100 оқушы болады»-деген екен. Сонда сыныпта неше оқушы болған?

2. в-ның қандай мәндерінде теңдеудің екі түбірі болады?

Ақтық ойын аяқталады. Бұл ойында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңіске жетеді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал