7


  • Учителю
  • Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті 6 класс

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Әлімбет орта мектеп- балабақшасы

Математика пән мұғалімі

Исаева Женискул Перлепесовна


Математика 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Пропорцияның негізгі қасиеті, белгісіз мүшесін табу жайлы оқушылардың білімдерін тиянақтау; 2) Дамытушылық: Оқушылардың топтық жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық, іскерлік қабілеттерін математика пәніне деген қызығушылығын арттыру; 3) Тәрбиелік: Оқушыларды үйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау.

Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев портреттері, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, тапсырмалар жазылғанкарточка.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.

II Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау: Қазақ халқының ел арасынна кеңінен тараған ақыл-ой, оқу-білім туралы мақал-мәтелдеріне сүйене отырып, сабақтың тақырыбын «Оқусыз-білім жоқ, білімсіз- күнің жоқ» деп атап пропорция, пропорцияның негізгі қасиетіжайлы алғанбілімдерімізді ортаға саламыз.

  1. Ақыл-ой,оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді айтқызу.

  2. Ағадан-ақыл,атадан нақыл.

А) Оқысаңыз ,балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар (Ы. Алтынсарин)


Оқу-білім-ер жаны

Жараспас ерге құр жаны(М. Жұмабаев)


Ә) «Кел, балалар, оқылық!» (мәнерлеп оқу)


III Ой қозғау. Ой ойласаң -кең ойла,алды-артын тең ойла.(топтық жұмыс)

1топ: Пропорция дегеніміз не?

2топ: Пропорцияның негізгі қасиетін айтып беріңдер.

3топ: Пропорцияның белгісіз ортаңғы, шеткі мүшесін қалай табады

IV Жаңа сабақ.

  1. Білім -алып күш, біле-білу де зор күш.

А) Есептерді шығару (әр топтан 1 оқушы)

1топ: Х:20=2:5

Х = 20 *2

5

Х= 8

2 топ: 6: х = 3:7

X = 6*7/3

X= 14

3 топ: 5:9= 15:x

X= 9*15/5

X =27

Ә) қатынасты есептеңдер (ауызша әртоптан 1 оқушы)
1 топ:

2 топ:

3 топ:

3) Кітап -білім бұлағы, білім -өмір шырағы

(оқулықпен жұмыс)


№60

28 кг картоптан 5,6 кг крахмал алынады. 35 кг картоптан неше килограмм крахмал алынады?


Шешуі:

28 кг 5,6 кг

35 кг х кг


Жауабы 70 кг.

№61

14 л 11,2 кг

30 л х кг

Шешуі:

Жауабы: 240 кг

Сергіту. «Сөйлемді толықтыр» ойыны.

-Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен ......................................

- Көпбұрыш тұйықталған ......................сызық.


  • Құрамында әріпі бар өрнекті .........................

  • Көпбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын ........................дейміз.

  • 1 тәулікте.................... сағат бар.

  • 100 см....................... метірге тең


4)Сиырдың сүті -тілінде, жігіттің құты -білімде

(топ басшыларының жарысы)

9-ға, 8-ге, 7-ге көбейту кестесін, бөлукестесін жатқа айту.

Ойын «Кім тапқыр?» (әр топтан бір оқушы)

Теңдеулерді шешу.

1 топ 29 х -15 х +16100

2 топ

3 топ 272:х102-85


1) 2) 3)

Қорытындылау: оқушылардың пропорция. Пропорциясының негізгі қасиетіне байланысты қолданылған ойындар, есептер, тапсырмаларына байланысты жұмыстарын қорытындылау.

Үйге тапсырма: №66

Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал