- Учителю
- Геометрия пәнінен Бақылау жұмысы №6 (8 класс)
Геометрия пәнінен Бақылау жұмысы №6 (8 класс)
Күні: 03.05.2016 ж.
Мектебі: Ақтөбе обл., Қарғалы ауд., Қос - Истек аулы, Қос - Истек ОМ
Сыныбы: 8 «а»
Пәні: Геометрия
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №6
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға өтілген тақырыптарды қайталату, білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету
-
Оқушылардың сыныпта өтілген материалдарды қайталатып, білімдерін дамыту.
-
Оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі
-
Бақылау жұмысы
-
Қорытындылау
-
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
-
Бақылау жұмысы
І нұсқа
-
Егер параллелограмның қабырғаларының ұзындықтары 4 м және м, ал олардың арасындағы бұрыш 60⁰-қа тең болса, параллелограмның ауданын табыңдар.
-
Тікбұрышты үшбұрыштың катеті 12 см, ал оған іргелес жатқан бұрыштың шамасы 30⁰. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.
-
АВСД трапециясының табандары АД=11 см және ВС=7 см. СД қабырғасына параллель (М ВМ кесіндісі жүргізілген. ВСДМ параллелограмының ауданы 35 см2 -ге тең. Трапецияның ауданын табыңдар.
ІІ нұсқа
-
Ауданы 10 см2, бір қабырғасының ұзындығы 5 см, ал бір бұрышы 30⁰ болатын параллелограмның екінші қабырғасын табыңдар.
-
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының ұзындығы 8 см, ал бір сүйір бұрышы 30⁰. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.
-
АВСД трапециясының табандары АД=15 м және ВС=12 м. Оның ВД диагоналі жүргізілген. АВД үшбұрышының ауданы 30 м2 -ге тең. Трапецияның ауданын табыңдар.
-
Қорытындылау