- Учителю
- Математикадан қысқа мерзімді жоспар 3-сынып
Математикадан қысқа мерзімді жоспар 3-сынып
Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте
Сыныбы 3-сынып
Күні 1
Сабақтың тақырыбы
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға разрядтан аттамай көбейту
Мақсаты
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін түсіну.
Күтілетін нәтижелер
А. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін білетін болады;
В. Бірліктерді, ондықтарды және жүздіктерді көбейту ретін салыстыра алады.
С. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген мысалды тексеріп және қатесін түсіндіретін болады.
Керекті жабдықтар
Оқулық Математика 3-сынып авторы: Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.
Электронды оқулық, маршруттық карта парағы, бағалау парағы.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу.
Жұптық әңгіме.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
2 мин
4 мин
2 мин
Позитивті түрде сабақты бастау
1. Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Есептерден басталған
Сәтті болсын күніміз
2.«Жұбыңмен тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру, өзара бағалау.
3. Топқа бөлу (бірлік, ондық, жүздік,көбейту кестесі) , топ ережесін жатқа айтқызады.(4 топ, 4 оқушыдан)
Оқушылар ойын шоғырландырады.
Іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.
Жұптар көршілерінің үйден шығарған есептерін тексереді, өзара бағалайды.
№11 (108-бет)
310*2=620 420*2=840
230*3=690 210*4=840
110*5=550 320*3=960
Әркім таңдаған қиындыны алады.
Тұсаукесер
5 мин
Сабақ критерийін құру.
«Стикердегі диалог» әдісімен көбейту кестесін еске түсіру
-Балалар,біз, бүгінгі сабақта «математика» патшалығына саяхат жасаймыз.Математика деген ғажайып елге саяхатқа шығу үшін білімімізді ортаға саламыз.Математика еліндегі үлкен олжаға жету үшін жолдағы үлкен кедергілерден сүрінбей өтулеріміз қажет.
-Ал,балалар, «математика» патшалығына саяхатқа
шығуға дайынбыз ба?
Ендеше біздер «Математика әлеміне» саяхатқа шығамыз. Ертегі таңғажайыптар әлемі десек қателеспейміз. Бізді сабақ барысында түрлі таңғажайыптар күтеді. Ертегіні мен бастаймын, сендер сол ертегінің кейіпкерлері болуға мүмкіндіктерің бар. Ертегінің басты және жақсы кейіпкерлері болсаңдар жақсы бағаға ие боласыңдар.
Мұғаліммен біріге отырып сабақ критерийін құрады.
Бір оқушы көбейту кестесіне берілген мысалын оқиды, жауабы басқа оқушыдан шығады да, ол оқушы өзіндегі мысалды оқиды. Осылайша жалғаса береді.
-Иа, дайынбыз.
Негізгі бөлім
5 мин
2 мин
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жұпта талдауға нұсқау беріледі.
Электронды оқулықпен жұмыс
Кері байланыс сұрақтарын қою.
-Не туралы оқыдық?
-Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап қалай көбейтеміз екен?
«Білімділер әлемі»
№2. 108-бет
« Есептер» әлемі»
№ 2. 108-109-бет
Топтарға ұсынылады. Шешімін шапшаң тапқан топ тақтаға орындайды.
« Шеберлер» әлемі.
№4. 109-бет
Ертегілер әлемінде «Ұшқыш кілемді», «Сиқырлы аяқ-киімдерді» шеберлер жасаған. Бүгінгі шеберлер әлемінде шеберлер баспалдақ жасаған. Яғни,бұл шеберлер қандай шеберлер деп ойлайсыңдар?
« Өрнектер» әлемі №5
Әр топ өзіне берілген өрнектердің мәндерін табады.
« Сиқырлы кестелер» әлемі. №8. 109-бет
Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар
Электронды оқулықпен жұмыс.
«Зейінділер» әлемі» №7. 109-бет
Тексер және қателерді түзе.
«Фигуралар» әлемі»
№10. 109-бет
Тіктөртбұрыштың периметрі 24 см, ұзындығы 8 см. Осы тіктөртбұрыштың ауданын тап.
Маршруттық картамен жеке жұмыс жүргізу.
108-беттегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдеріне берілген кестені жұпта талдайды.
102
Х 4
408
Өздерінің түсініктерін электронды оқулықпен салыстырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Жаңа тақырыпты топта талдау барысында түсінгенін көрсету мақсатында әр топтан бір баяндамашы тақтаға орындайды.
203 321 404 113
Х 2 х 3 х 2 х 3
406 961 808 339
Топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен мадақтау
Балалар есеп мазмұнын топта талдайды.
-Есепте не туралы айтылған?
-Есепте не белгілі?
-Есеп не сұрайды?
1) Шыт -134 тг
Сәтен - ?2 есе қымбат
Шешуі: 134*2=268
Жауабы: сәтен 268 тг
2) 1м - 132 тг
Жеңілдік - 12 тг
4м - ?
Шешуі: 1) 132-12=120
2) 120*4=480
Жауабы: 480 тг төленді.
-Бұлар сиқырлы шеберлер.
Топ болып есепті постерге орындайды.
3 жақтауға - 132 қада
1 баспалдақ - 121
4 баспалдақ - ?
Шешуі: 1) 121*4=484
2) 484+132= 616
Жауабы: 616 қада қажет
Топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен мадақтау
А= 204, 302, 103
1)А*2+125=204*2+125=533
302*2+125=729
103*2+125=331
А=102,300,203
2)900-3*с=900-3*102=594
900-3*300=0
900-3*203=291
Әр топ есеп құрастырып, оны шығарады.
Бағасы Саны Құны
? 6 120 тг
? бірдей ? 180 тг
Шешуі: 1) 120:6=20
2) 180:20=9
Жауабы: 9
Топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен мадақтау
Электронды оқулықтағы қызықты тапсырмаларды шешеді.
104 213 302 124
Х 2 х 3 х 2 х 2
208 619 604 228
Р=24 см а=8 см S=?
Шешуі: 1)8+8=16 2)24-16=8 3)8:2=4 S=8 см*4 см=24 см2
Жауабы: S=24 см2
Топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен мадақтау
Оқушылар жеке жұмыстанады. Маршруттық картаның бағалау критерийі арқылы өзін-өзі бағалайды.
Қорытынды
2 мин
2 мин
2 мин
3 мин
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі арқылы сабақты бекіту.
Сабақ критерийі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды
-Сабақтың басында айтып өткеніміздей өте жақсы кейіпкерлер өте жақсы деген бағамен, жақсы қатынасқан кейіпкерлер жақсы деген бағамен бағаланады.
Үйге тапсырма: №11. (110-бет)
-Математика патшалығындағы ертегілер әлеміне саяхат сабақ сендерге ұнады ма? Қандай кедергілерден өттік?
Тақырыпқа қатысты түйінді сөздерді теріп алады.
Шеберлер әлемінде жасаған «Баспалдақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді.
Керібайланыс орнатады. Оқушылар сабақта не ұнады, не қиын болғанын айтады.
Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақ бойынша өзгертулер
Сабақ жақсы құрылған, оқушылардың білімді өз бетімен алатындай әдістер таңдалған және ертегіге саяхат оқушыларыңызды қызықтырады деген ойдамын. Дегенмен әр кезеңге уақыт белгілеу керек, тұсаукесер бөліміндегі жұмыстар тым көп емес пе? Бұл бөлім өткен біліммен жаңа білім арасында көпір орнату үшін қажет екенін ұмытпаңыз. Сабақтың өту барысы жөнінде оқушылардан алатын керібайланыс сабақтың соңында болады, сабақтың табыс критерийлерімен бағалау және маршруттық картада табыс критерийлері бірін бірі қайталап кетпей ме, екеуін біріктірсе қалай? Сабақта орындалатын тапсырма тым көп емес пе, үлгіресіз бе? Осы тұстарын жетілдірсеңіз жақсы болар еді.
Оқушылардан алынатын керібайланысты сабақ соңына шығардым.