7


  • Учителю
  • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Математика.

Күні, айы, жылы: 07.11.16.

Сыныбы: 5 «Б».

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі туралы ұғымды енгізу, оқушыларға натурал санның бөлгішін, еселігін таба білуді және оны есептерді шығаруда пайдалана білуді үйрету.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге қызығушылықтарын ояту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың түрі: Теориялық және практикалық жұмыстардың сабағы.

Сабақтың әдісі: Серіппелі сауал, көршімен сырласу, жұптық жұмыс, жеке тапсырмалармен, көрнекіліктермен жұмыс, тест.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Слаид, жеке тапсырмалар, АҚТ, тест.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа ынталандыру, түгендеу, қызығушылықты ояту.

2. Үй тапсырмасын сұрау:



Бағалау критерийлері:





1







Үй тапсырмасы

Барлығы дұрыс

2

Орындалға, бірақ қателері бар



1

Орындалмаған



0















2















Көршімен сырласу

Берілген тақырыпты толық аша алды және жеке тапсырмаларды толық дұрыс орындады





3

Берілген тақырыпты түсіндіре алды және жеке тапсырмаларды қатемен орындады (тақырыпты дұрыс аша алмады, бірақ жеке тапсырмаларды дұрыс орындады)







2

Берілген тақырыпты мүлдем аша алмады және жеке тапсырмаларды дұрыс орыдамады





1







3







Оқулықпен жұмыс

Барлығы дұрыс

3

Толық орындай алды, бірақ қателері бар





2

Дұрыс орындамады

1





4





Тест

Барлығы дұрыс

3

3 немесе 4 сұраққа дұрыс жауап берді



2

1 немесе 2 сұраққа дұрыс жауап берді



1

Бағалау

№ 480

1. Шеңбердің радиусы 11 см. Шеңбердің диаметрін табыңдар?

Шешуі: .

Жауабы: 22 см.



2. Айдың диаметрі 3476 м. Айдың радиусын табыңдар?

Шешуі: .

Жауабы: 1738 м.



Серіппелі сауал:

1. Бұрыш дегеніміз не?

Жауабы: бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады.

2. Бұрышты өлшейтін құрал қалай аталады?

Жауабы: транспортир.

3. Биссектриса дегеніміз не?

Жауабы: бұрыштың төбесінен басталатын және оны градустық өлшемдері тең екі бұрышқа бөлінетін сәуле биссектриса деп аталады.

4. Бұрыштың қандай түрлерін білесін?

Жауабы: тік, сүйір, жазыңқы, доғал және толық бұрыш.

5. Тік бұрыш дегеніміз не?

Жауабы: градустық өлшемі - қа тең тік бұрыш деп аталады.

6. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі нешеге тең?

Жауабы: .

7. Доғал бұрыш дегеніміз қандай бұрыш?

Жауабы: градустық өлшемі -тан үлкен, бірақ -тан төмен кіша бұрышты айтамыз.

</ 8. Шеңбер дегеніміз не?

Жауабы: барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бір дей қашықтықта жататын фигура.

9. Шеңбердің центрін оның кез келген нүктемен қосатын кесінді қалай аталады?

Жауабы: радиус.

10. Диаметр дегеніміз не?

Жауабы: Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді диаметр деп аталады.



«Би кешіне апарар жол»

Ойынның шарты бойынша оқушылар оқып жатқан мектеп және қаланың орталық алаңына апарар жолдың сызбасы суретте көрсетілген. Оқушылар сызбада көрсетілген жолдардың арасындағы бұрыштардың түрін анықтайды.

Мақсаты: мектепте алған теориялық білімдерін күнділкті өмірде қолдануға үйрету.



Сергіту сәті: Би.



3. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа байланысты қызығушылықты ояту және мағынаны тану.

«Көршімен сырласу» әдісі.

Оқушылар «Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері» тақырыбын 5 минут уақыт аралығында оқиды. Мұқият оқып танысқаннан соң, оң жақтағы оқушы көршілес сол жақтағы оқушыға «Натурал саннның бөлгіштері» туралы қандай түсінік қалыптастырды, бірнеше мысал келтіріп түсіндіреді (3 мин). Одан кейін сол жақта отырған оқушы көршілес оң жақта отырған оқушыға «Натурал санның еселігі» туралы қайдай түсінік қалыптастырды, бірнеше мысал келтіріп түсіндіреді ( 3 мин). Алған білімдерін электронды оқулық арқылы бекітеді.



Натурал санның бөлгіштері:

18 саны 1, 2, 3, 6, 9 және 18 сандарына қалдықсыз бөлінеді.Мысалы, 18 : 3 = 6, 18 : 9 = 2 . 18-ге қалдықсыз бөлінетін сандардың барлығы да 18 санның бөліншіштері деп аталады. 18 санның бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18.

Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

Осыдан шығатын қорытынды:

1) Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең.

2) 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.

Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарының көбейтіндісі сол санның өзіне тең.



Натурал санның еселігіктері:

7 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды табайық. Ол үшін 7 санын 1-ге, 2-ге, 3, 4, .... көбейту керек. Сонда әрқайсысы 7-ге бөлінетін 7, 14, 21, 28... сандарын табамыз. 7, 14, 21, 28 ... сандырының әрқайсысы 7-нің еселігі болады.

Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

Осыдан шығатын қорытынды:

1) Кез келген натурал санның еселіктері шексіз көп.

2) Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.



Жеке тапсырмалармен жұмыс:





















Оқулықпен жұмыс:

№ 561

1. 9, 14, 32, 37, 45 және 75 сандарының әрқайсының барлық бөлгіштері жазыңдар?

9: 1, 3, 9. 14: 1, 2, 7, 14. 32: 1, 2, 3, 4, 8, 14, 16, 32.

37: 1, 37. 45: 1, 3, 5, 9, 15, 45. 75: 1, 3, 5, 15, 25, 75.



2. 8, 11, 15, 25, 40 және 100 сандарының әрқайсының еселектерінің алғашқы төртеуін жазыңдар?

8: 8, 16, 24, 32. 11: 11, 22, 33, 44. 15: 15, 30, 45, 60.

25: 25, 50, 75 ,100. 40: 40, 80, 120, 160. 100: 100, 200, 300, 400.

№ 567

Сатушы 35 түп қалампыр гүлін әкелді. Ол әрбір гүл шоғындағы гүлдер санын бірдей етіп, неше тәсілмен гүл шоқтарын даярлай алады? Әр гүл шоғында неше гүлден болуы мүмкін?

Шешуі: 35 : 1 = 35 35 : 5 = 7 35 : 7 = 5 35 : 35 = 1

Жауабы: 4 тәсілмен.



4. Жаңа сабақты бекіту:

Тест



A) 0, 1, 2, 7, 14;

B) 1, 2, 7, 14;

C) 2, 7, 14;

D) 1, 2, 7.

2

26 санының барлық бөлгіштерін атаңдар?

A) 1, 2, 13, 26;

B) 1, 2, 3;

C) 0, 1, 2, 13, 26;

D) 2, 13.

3

Сандардың қайсысы 12 санына еселік болады?

A) 34;

B) 1;

C) 60;

D) 6.

4

Сандардың қайсысы 42 санына еселік болады?

A) 21;

B) 7;

C) 6;

D) 84.

5

65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер саны бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады?



A) 13;

B) 4;

C) 9;

D) 5.



5. Үй тапсырмасын беру: № 562.

6. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау: Әр бағаға түсініктеме беру.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал