- Учителю
- Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту.
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту.
Мектеп негізгі мектебі
Ашық сабақ
Алгебралық бөлшектерді
қосу және азайту
Алгебра 7 сынып
Ойын сабақ
Балахметова Роза Балғабайқызы
2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жетілдіріп, өз бетімен және топпен жұмыс істеу дағдарысын қалыптастыру ге деген талпыныс ізденістерін ояту.
Дамытушылық :Ойындар ойнату арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырып,ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,байқампаздылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы(дәстүрлі емес)
Көрнектілігі: План- схемасы, компьютер,слайдтар,тест парақтары.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлметсіздерме ме,оқушылар!
Сәлметсіздерме ме,ұстаздар!
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап,жарысамыз.
Кім білімді, көп оқыған болса егер, бүгінгі күннің жеңімпазы атанар.Әрине ондай оқушылар бар. Ойын шартымен таныстырайын.
«Формула-7» ойынның шарты:
Оқушылар чемпионатта «Формула-7» ойынында оқушылар өз машиналарын таңдап алады. Суретте трассаның планы сызылған:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тарасса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау!
Сәт сапар,тілеп бәріңе,
Сайысты бірден басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып-дей келе жаңа сабақты бастайық.
ІІ. Қайталау.
Мен ортаға бес сұрақ тастаймын, біреуін таңтайсыз, сұраққа дұрыс жауап берсеңіз жасыл жетон аласыңдар.
Қайталау сұрақтар
-
Жай бөлшектің негізгі қасиеттін тұжырымдаңдар.
-
Бөлшекті қысқарт.
-
Мына өрнектердің қайсысы бүтін өрнек, қайсысы бөлшек өрнектер болады?
-
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосудың ережесін тұжырымдаңдар.
-
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу мен азайту қалай орындалады?
ІІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыпты пысықтау
-
Кезен. ИНСТРУКТАЖ( керекті мәліметтерді есіне түсіреді)
Компьютердегі слайды көрсету
-
Кезен. « Тез есепте»
Математиқалық диктант (5-8мин)
-
Кезен. « Кім жылдам »
( қысқаша көбейту формулалары жазу)
-
а2-b2 = (a+b)(a-b)
-
(a+b)2=a2+2ab+b2
-
(a-b)2=a2-2ab+b2
-
(a+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3
-
(a-b)3=a3-3a2b+3ab2-b3
-
a3+b3=(a+b)(a2-ab+b2)
-
a3-b3=(a-b)(a2+ab+b2)
IV. Есептер шығару.
Дәптерді ашып бүгінгі күні, сынып жұмысын жазындар.
4-кезен. «Ойна да, ойла!»
Оқулық бойінша есептер шығару.
№434 Өрнекті бөлшекке түрлендіріңдер:
№435Өрнекті бөлшекке түрлендіріңдер:
5-Кезен. «Байге»
Оқушылар әр түрлі есептерді шешеді.
№438 Алдың ала ықшамдап алып, өрнектің мәнін табыңдар:
6-Кезен. «Пит-стоп»
Машиналарды қарау, бензин толтыру (заправка)
Тест -7 сынып
7-Кезен. « Сөз жұмбақ»
V. Қорытындылау.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Үй тапсырмасы: №436, №437 п2
V. Бағалау.