7


  • Учителю
  • Урок по математике для 2 класса 'Шаршы'

Урок по математике для 2 класса 'Шаршы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Панфилов ауылы №17 «МЖДШО» бар орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жубанышева Нурсауле Исаевна

2 сынып математика Сабақ тақырыбы: Шаршы Сабақ мақсаты: білімділік: шаршы туралы түсініктерін кеңейту; сызғыш пен тік бұрыштың моделін пайдаланып шаршы сызып жаттықтыру;

дамытушылық: ауызша есептеу қабілеттерін , логикалық ойлауларын дамыту; оқушылардың танымдық қасиетін арттыру;

тәрбиелік: ұқыптылыққа, ой жинақтылыққа, өзгелердің пікірін тыңдай білуге баулып тәрбиелеу.

Сабақ түрі: саяхат- сабақ Сабақ әдісі: ребус шешу, шаршы сызу, топтық жұмыс, геометриялық фигуралардан құрастыру, үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

Көрнекілік: демонстрациялық геометриялық пішіндер; сызғыштар; тапсырмаларымен үлестірмелі қарточкалар, мультимедиялық презентациялар.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі. « Ой ашар» Сәлемдесіп алайық, сабаққа дайын болайық. Сабақ оқып, білім ап, Саналы білім алайық.

- Балалар, бүгін біз сіздермен математикалық мұхитқа саяхатқа шығамыз. Балалар, бір-бірімізге сәттілік тілейік! Сендер саяхатта есептеулеріңді тез, шапшаң жүргізіп отыруларың қажет. Ең бастысы тату болыңдар. Ал енді саяхатты бастамастан бұрын борт журналдарыңа саяхатқа шыққан күндеріңді жазыңдар.

Оқушылар күн ретін дәптерлеріне жазады.

II. Ауызша есептеу «Алма жинау» ойыны

Мұғалім: Математика қызықты, Шығарамыз есепті. Ақыл жинап ойымызға, Күш жинап бойымызға. Боламыз бала ұқыпты.

-Балалар, алыста арал көрінеді. Аралға жүзіп бару үшін амалдардың мәнін табуымыз керек. Есептегенде мұқият болыңдар!

Амалдардың мәнін табу.

Экранда е, м, г, е, о, я, т, р, әріптері пайда болады.

Мұғалім: -Балалар, экранда әріптер пайда болды. Амалдардың мәнін тауып, аралдың атын табуға тырысыңдар. Қай топ аралдың атауын бірінші табады екен? (Геометрия)

Біз Геометрия аралына келдік. Геометрия - математика пәнінің пішіндер туралы бөлімі.



«Ой шақыру»

Мұғалім: - Балалар, аралды зерттеу үшін жағалауға шығайық. Алдымызда биік тау. Таудың шыңына шығу үшін геометриялық пішіндерді атауымыз керек. Қандай геметри-ялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?

III. Жаңа сабақ

1. Геометриялық пішіндермен жұмыс

-Геометриылық пішіндердің қайсысы артық? ( домалақ, үшбұрыш)

- Қалған геометриялық пішіндерге қараңдар. Олардың қандай ұқсастықтары бар?

- Қай пішінді «тіктөртбұрыш» деп атаймыз?

- Және артық пішінді алып тастаңдар. (тіктөртбұрыш)

-Қандай пішіндер қалды? (шаршы)

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Шаршы» (Квадрат)

- Бүгінгі сабақта сендер шаршының басқа төртбұрыштан негізгі айырмашылығын білесіңдер. Сызғыштың көмегімен шаршыны сызып үйренесіңдер. Мұғалім: «Шаршы» сөзі орыс тілінде «квадрат» деп аталады. Ал квадрат сөзі латын тілінде «квадр» деген төрт деген мағынаны білдіреді екен. Сендер «квадр» деген сөзден жасалған сөздерді білесіңдер ме? ( Оқушылардың жауаптары.)

Ендеше экранға назар аударыңдар. ( «Жігіттер» квартетінің, квадрациклдың, квадриганың слайдтары көрсетіледі).

Төрт музыканттан құралған топ- квартет. Квадрига - төрт атқа жегілген грек елінің арбасы.

Квадрацикл - төрт аяқты мотоцикл.

3. Практикалық жұмыс

Мұғалім: Әр қайсыңның алдында пішіндері бар конверт бар. Пішіндерді жаңа геометриялық пішіндер пайда болатындай құрастырыңдар. Тапсырманы болған оқушылар қолдарыңды көтерсеңдер болады. «Шаршы құрастыр» жұппен жұмыс.

Сергіту сәті: «Көңілді үзіліс» әуенге билейді.

Мұғалім: Кәнеки, құрастырған пішіндеріңнің негізгі қасиеттерін атайық. - Неше бұрышы бар? - Неше қабырғасы бар? Қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі ме ,иә бірдей ме? Оқушылардың жауаптары.

-Тік бұрыш моделімен тексерейік. Бұрыштары тік пе, әлде тік емес пе?

-Сызғышты пайдаланып шаршының қабырғаларын өлшеңдер.

Оқушылардың жауаптары.

Мұғалім: - Балалар, мына кейіпкерлерді танисыңдар ма? Әрине «Кімнің мекені жақсы» атты әңгімедегі құмырсқа, тышқан, құрбақа ғой. Олар тығылып бізбен бірге келген ғой. Әлі де жақсы мекен іздеп жүрген болар.

Шаршы сызу. - Балалар, біз шаршы сызуды білеміз бе? Ендеше бізге біздің досымыз құмырсқа көмектескісі келеді. Құмырсқа достарының қал-жағдайын білейңн деп ,илеуінен шығып тышқанның ініне деійін оңға қарай 5 см жол жүрді, содан соң 5 см төменге құрбақаға түсті, құрбақадан солға қарай бұрылып 5 см жүріп көкқұтанға келді. Әбден шаршап , өз мекеніме қайтайын деп жоғарыға 5 см көтеріледі. Илеуіне келіп : -Шіркін, ....(оқушылар жалғастырады)



Мұғалім : -Құмырсқаның жүрген жолы қандай пішін болып шықты? Ендеше шаршының қабырғалары бірдей.

4. Оқулықпен жұмыс - Балалар, міне қызық теңізден құпия қағазы бар шыны тауып алдық. Ішінде мүмкін қазынаның сұлбасы бар шығар? - Тапсырмалар жазылыпты 90 бет № 2. - Балалар, орындасақ қазынаға тап болармыз? Әр топ ойласып шығарсын.

Қыз- 20 бала Ұл- 10 бала ? бала Келді - 4 оқушы

(20+10)+4= 34 (б)

Жауабы: сыныпта 34 оқушы болды.

№3 Есеп

Түске дейін-20 кітап Түстен кейін -10 кітап 48 кітап Қалды- ? кітап

48 - (20+10) = 18(к)

Жауабы: түптейтін 18 кітап қалды.

№ 4 Қосындыларды салыстыру Әр топқа өрнектер беріледі.

50+10+20= 80 50+20+10=80 20+10+50=80 20+50+10=80 1- ші топ 30+20+40

2-ші топ 40+10+20

3- ші топ 10+30+40

№5 Бос төркөздерді толтыру

13


5


7


9

12

9

6

7

14


5


7


9




5. «Ой жинақтау»

Мұғалім: - Балалар, сендер барлық сынақтан өттіңдер. Сыныбымызға қайтар алдында есімізге түсірейік. -Бүгінгі саяхатымызда біз қандай пішінмен таныс болдық. - Оның неше бұрышы бар? -Бұрыштары қандай? - Неше қабырғасы бар? - Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне қандай болады? (слайд мұхит кемесімен) --Міне , балалар, сыныбымызға келдік.

Үлестірмелі карталармен жұмыс -Алдарыңдағы карточкаларыңда неше түрлі пішіндер берілген , солардың ішінен тек шаршыны ғана шеңберге алып сызыңдар.



Оқушының аты- жөні--------------------------------------------------------

6. Үйге тапсырма 91 бет №6

Бағалау

7. Рефлексия : - Балалар, бүгін сендер бәріңде белсенділіктеріңді, ұқыптылықтарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болды. Жалқауланбаңдар, көп нәрсе біліп үйренуге тырысыңдар, сол кезде әр сабақ сендерге қызықты болады.



Жаңа тақырыпты

жақсы түсіндім

Түсінбеген

жерлерім бар

Ешнәрсе түсін

бедім

13


5


7


9

12

9

6

7

14

5


7


9





Е

7+6

Т

20+6

9+6

о

и

70-20

е

40+50

25-5

м

18-2

г

р

48-6

я

57-3

16

13

15

20

90

26

42

50

54





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал