7


  • Учителю
  • Сызықтық функция және оның графигіне есептер тақырыбына сабақ жоспары

Сызықтық функция және оның графигіне есептер тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Функция. Сызықтық функция және оның графигіне есептер

Сабақтың тақырыбы: Функция. Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға функцияның графигі бойынша формуласын жазуды, сызықтық функцияның графигін салу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту,
өз бетінше үйренуге баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Математикалық сауаттылыққа, шыдамдылыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Cаяхат сабағы
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1). Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
2) Сабаққа дайындығын тексеру;
Өткен сабақты еске түсіру:
Сұрақтар: 1. Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі? Мысал келтіріңдер.
2. у=kx функциясының графигі қандай сызық?
3. y=l функциясы қалай аталады?

Біліктілік кезеңі. Функция у=3x - 4 формуласымен берілген х=- 2 болғандағы функция мәні неге тең?
у(- 2)=3*(- 2)- 4=- 10
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз: 1 3 2
у=kx+2 функциясының графигі А(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. k - ның мәнін табыңдар.
у=3x+n функциясының графигі А(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. n - ның мәнін табыңдар
у=kx - 6 функциясының графигі А(1;- 3) нүктесі арқылы өтеді. k - ның мәнін табыңдар

Сұрақ-жауап сұрақтары: 1. Сызықтық функцияның графигі кандай сызық болады?

1. y=3x+5 функциясының графигінен l-дің мәні неге тең?

2. Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі?

ІІ топтың сұрақтары:

1. y=kx+l функциясының графигі қалай салынады?

2. Координаталары берілген нүктенің түзуге тиісті (тиісті емес) екенін қалай тексереміз? 3. y=l функциясы қалай аталады?

4. «Кім жылдам?» - аялдамасы, ауызша есеп шығару у=kх +b формуласында b- ны көрсетіңдер 1. y=3x-5 2. y=4-2x 3. y=-4x-2 4. y=6+5x 5. y=2,5x-0,5 6. y=8+1,5x

Сергіту сәті: «Қара жорға» - биі


5. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» аялдамасы қосымшамен жұмыс:

Сызықтық функция

y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l - нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.


у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.

Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.

Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.

Сызықтық функцияның графигі

У = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.

Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.

х

-3

-2

-1

0

1

2

3

у

-6,5

-5

-3,5

-2

-0,5

1

2,5

Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.

Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.

Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.

Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін (;0) нүктесінде қияды.

Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі

l=0 және k 0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық.

у=kx функциясының формуласынндағы х=0 болғанда у=0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді.

у=kx (мұндағы k 0) функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу.

у=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0;0) нүктесін алу керек.

Ізделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у-тін мәнін табу керек.

Мысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2;4) нүктесін алу керек. Табылған О(0;0) және А(2;4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі.

у=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx функциясында, егер х=1 болса у=k.

у=kx функциясының графигі -О(0;0) және (1;к) нүктелері арқылы өтетін түзу.

Егер к 0 болса, у=kx функциясының графигі I және IIIкоординаталық ширектерде, ал k 0 болса, II және IV координаталық ширектерде орналасады.

у=kx функциясының графигі мен у=kx+l функциясының графигі k-ның бірдей мәнінде өзара параллель түзулер. х-тің кез келген мәні үшін у = kx+ l функциясының мәні у=kx функциясының мәнінен l-ге артық.

у = kx+l функциясындағы к=0 болса, функция у=l формуласы-мен жазылады. у=l формуласының графигі абциссалар осіне параллель, абциссасы 0; ординаталары l болатын түзу.

IV - «Қарлы кесек» ойыны. Деңгейлік тапсырмалар.Ұяшықты таңдау арқылы шығарады.

V. Жедел тест берілді.

VI. Қорытындылау

«Рефлексия» Қорытынды:

  • Балалар, біз қандай тақырыпты қорытындыладық?

Қандай есептер шығардық?

Ойынның қандай түрлерін білдік? Үйге тапсырма: реферат.










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал