- Учителю
- Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Математика
Күні: 19.11.13
Сынып: 6 «а»
Cабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды азайту ережелерін есептеулерде пайдалана білуге үйрету;Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: ойын - сабақ
Оқыту тәсілдері: Сұрақ - жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: табиғатпен байланыс
Сабақтың құрал - жабдықтары: ИТ, тест, слайд.
Сабақ жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
2. «Топтастыру стратегиясы»
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
ІV. «Білімің - ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
V. Табиғатпен байланыс "Ойлан, тап!" ойыны
VI. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
VII. «Шешуші сәт.» Тест
VIIІ. Қорытындылау; Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:
І-кезең. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
2. «Топтастыру стратегиясы»
ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
ІІІ-кезең. «Білімің - ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
ІV-кезең. Табиғатпен байланыс "Ойлан, тап!" ойыны
V-кезең «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары)
І кезең. 1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
-
- 12 + ( - 24 ) - 36
-
Кез-келген теріс сан оң саннан кіші
-
а кез - келген теріс сан нөльден a < 0
-
Қарама - қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең
-
Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің Сол жағында
2. «Топтастыру стратегиясы»
Натурал сандар
Қарама-қарсы сандар
Оң сандар
Сандардың түрлері
Бүтін сандар
Теріс сандар
Рационал сандар
ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
1. Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:
1-мысал
-18-14=-18+(-14)=-32
2-мысал
4,9- (+6,2) = 4,9+(-6,2)=-1,3
3-мысал
(-5) - (-2 )=-5+2 = - 2
4-мысал
2. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек:
Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?
9-(-5) = 9+5= 14
IІІ-кезең. «Білімің - ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
№490 (2)
Айырманы табыңдар
(-5,6)-(-5,6)=-5,6+5,6=0
(-2,9)-(-4,3)=-2,9+4,3=1,4
(-9,2)-(-5,3)=-9,2+5,3=-3,9
№496 (2)
Координаталық түзудегі АВ, СD, EF, KL кесіндісінің ұзындығын табыңдар:
-
А(-7); B(2) б)E(-6); F(-2)
AB= 2-(-7)=2+7=9 EF= -2-(-6)=-2+6=4
ә) C(-5); D(1) в)K(-4); L(0)
CD= 1-(-5)=1+5=6 KL= 0-(-4)=0+4=4
ІV-кезең. Табиғатпен байланыс "Ойлан, тап!" ойыны
1. Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар