7


Математика 2 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: математика 2 сынып

Сабақтың тақырыбы:Қайталау. Сынық сызықтың ұзындығын табу.

Мақсаты:

1.Өткен материалдар бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

2.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ақыл- ойын, ой- өрісін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3.Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық карта, кесте, сызба, математикалық диктант, ойын.

Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау, ойын түрінде.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Психологиялық дайындық.

Балалар, көңіл-күйімізді көтеріп, келген қонақтармен амандасайық. Күн, ауа, жер, су, аспан

Маған, саған, біздерге

Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.

-Біз бүгін математика сабағында «Геометриялар елі» деп аталатын фигуралардың сиқырлы патшалығы «Жұмылған көзіңмен тап» ойыны. Мұғалім оқу құралдарын атап оларды көрсетулерін сұрайды. Оқушылар көздерін жұмған күйі аталған затты тауып, оны көрсетеді.

III Үй тапсырмасын тексеру.



Теңдеудің шешімі нешеге тең болды?

Балапанға қалай көмектестіңдер?

IV. Жаңа білімді меңгертуге дайындық.

Балалар , бүгін бізде өте қызықты сабақ болмақ, ал оның қандай сабақ екенін білу үшін сендерге мына тапсырманы орындау керек. Әріптерді сызбадағы сандарға сәйкес тұсқа орналастыру.

76-70 А 80+10 Қ 76-6 Т 30+70 А

7-2 А 6+1 Л 10-6 У

Жауабы: Қайталау

Дұрыс, жарайсыңдар балалар.

Балалар, біздің сабақ оқудағы ұранымыз қандай еді?

Мақсатымыз- білім алу.

Міндетіміз -еңбектену.

Өте жақсы, балалар.

V. Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Балалар, сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

-Сынық сызықтың ұзындығын өлшеу үшін не істейміз? (Қосамыз)

-Қандай қорытынды жасаймыз?

Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керек.

2см+1см+2см+1см=6см т.с.с.

Дұрыс айтасыңдар.

Қазір геометриялық фигураларға байланысты «Семантикалық картамен » жұмыс жүргіземіз

(Музыка ойнап тұрады. Оқушыларға карта таратылып беріледі.)

Сергіту сәті.

Қолды алға созайық,

Қағаз кеспек болайық.

1 2 3 4

Енді еркін тыныстап,

Дем алайық дұрыстап.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы №1 тапсырманы орындату.

Тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындықтарының қосындысын табыңдар.

(Оқушыларды тексеріп шығу.)

Енді балалар «Қызықты теңдеу» ойынын ойнайық.

Х + 8 = 17 17 - х = 8 х - 8 = 9

Х = 17 - 8 х = 17 - 8 х = 9 + 8

Х = 9 х = 9 х = 17

Енді

№ 3

Жолбарыс - 8

Арыстан - 9 28 жыртқыш аң

Қабылан - ?

1.8+9 = 17 (аң)

28 - 17 = 11 (қабылан)

2. 28 - (8 + 9) = 11 (қабылан)

Жауабы: 11 қабылан бар.

Оқулықтағы №4 тапсырманы орындату.

Уақыт өлшем бірліктеріне байланысты салыстыру.

1сағ 45мин < 2 сағ45мин 2 тәул.7сағ > 2 тәул.6 сағ

1 сағ 45 мин > 1 сағ 40 мин 2 тәул. 7 сағ< 3 тәул. 7 сағ

Математикалық диктант

3 ондық 5бірлік пен 4 ондықтың қосындысы= 35+40= 75

8 ондық 2 бірлік пен 5 ондықтың айырмасы = 82-50=32

2 онд. 5 бірл. пен 4 бірл. қосындысы = 25+4=29

5 ондық 3 бірлік пен 8 бірліктің айырмасы = 53-8=45

7 бірл. пен 5 бірл. айырмасы =7 - 5 = 2

Ойын: «Аққалаға қалпақ кигіз».

Ойынның шарты: Аққаланың қалпақтары ауысып кеткен . Әрқайсысының өз қалпақтарын кигізу үшін тапсырмаларды орындау керек.

Тапсырмалар орындалады.

VІ. Сабақты бекіту.

Логикалық есептер.

1.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? 2 сағат

2.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір -бірлеп алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай? Ол дорбасымен алды.

Рефлексия кезеңі:

Балалар, бүгін сабақта не білдік?, не үйрендік?

- Нені үйрендік?

- Қандай жұмыстар атқардыңдар?

- Сабақ ұнады ма?

-Сонымен сынық сызықты қалай табуға болады екен?

Кім қандай қиындыққа кездесті?

Оқушыларды бағалау.

VІ І. Үйге тапсырма №2,7 132 -133бет

















































Аққалаға қалпақ кигіз.





























Аққалаға қалпақ кигіз.

























Аққалаға қалпақ кигіз.



























































































































































Қайталау. Сынық сызықтың ұзындығын табу.





2 «Ә» - сынып























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал