- Учителю
- Математика Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар 6-сынып
Математика Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар 6-сынып
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№21 орта мектеп
Имамединова Ұлмекен
Математика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар.
Рационал сандар.
Сабақтың мақсаты: 1.Қарама-қарсы сандар түсінігін қалытастыру
2.Бүтін және рационал сандарға түсінік беру
3.Оқушылардың білімдерін дамыту
Үйге тапсырма: №315, 316, №321(2,4,6)
Көрнекілік: Интерактиті тақта, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
II.Үйтапсырмасынексеру
IІІ.Жаңасабақ
ІV.Оқулықпенжұмыс
V.Қорытынды
VІ.Бағалау
VІІ.Үйге тапсырма
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрақтар:
1.Теріс сандар қандай таңбамен жазылады?
2.Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
3.Координаталық түзу дегеніміз не?
ә) Үй жұмысы №302, №303
№302 Бірлік кесінді ретінде дәптердің 5 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан: F(-1,4), K(-2),N(0,2) P(-0,8),T(1,6) нүктелерін белгілеңдер.
№303. Координаталық түзуді ( бірлік кесінді ретінде дәптердің бір тор көзінің ұзындығын алып)сызып, оның бойынан мына нүктелерді белгілеңдер:
E(5), P(-4) ,O(o), T(9), П(-7), H(7), Ц. Егер нүктелерді дұрыс орналастырсаңдар, «жүзден
бірдің » математикалық атауын оқисыңдар.
Оқушылар есептерді орындады.Ережелер сұралды
ІІІ.Жаңа сабақ
І. А(6),В(-6),С(4),Д(-4)нүктелерді координаталық түзуде белгіле
Осы нүктелерді координаталық түзу сызып,белгілеуді оқушылар орындайды.Қарама-қарсы сандар туралы түсінік енгізіледі.
1.Оң санға қарама-қарсы сан...
2.Теріс санға...
3.О саны...
Әрбір санға бір ғана қарама- қарсы сан бар.
ІІ. N сандар, оған қарама- қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды.
Z={...-3-2,-1,0,1,2,3,...}
Бүтін сандар жиыны -шектеусіз жиын.
ІІІ.Рационал сандар жиыны.
m/n m € Z , n € N
Рационал сандар жиынына бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер енеді.
Мысалы:-9; 8; -2/5; 0,5; -0,17 - рационал сандар.
Оларды 8= 8/1; 0,5=5/10=1/2; -0,17=-17/100 түрінде жазуға болады.
Кез келген рационал санды бүтін санның натурал санға қатынасы түрінде жазуға болады.
Рационал сандарды Q әрпімен белгілейді.
Натурал сандар жиыны (N) - бүтін сандар жиынының ішкі жиыны.
Бүтін сандар жиыны- рационал сандар жиынының (Q) ішкі жиыны . N Z Q
IV. Оқулықпен жұмыс:
А деңгей: №317, №318,№321(1,3,5) В деңгей: №324, №325
№317 Координаталық түзуде берілген сандардың арасындағы бүтін сандарды жазыңдар.
№318 Координаталық түзу бойында қандай сандар бүтін сандардың арасында орналасқан?
№321 Теңдеуді шеш:
1) -x =15 3)-x = - 4 5) -x = -7,2
№324 -30; 5; -1/3; 9; -27; 13;-9;4; -0,2; 0; 27;-13 рационал сандарынан:
1)бүтін оң сандарды;
2)қарама- қарсы сандарды;
3) бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар.
№325 Координаталық түзуде А(-5) ;В(-3); С(2) ;Д(4) нүктелері берілген. Координаталары осы нүктелердің коодинаталарына қарама- қарсы сан болатын Е,F,K,L
нүктелерін белгілеңдер.
V.Қорытынды.
Тест тапсырмасы
1. 5 санына қарама-қарсы сан
А) 0 В) -5 С)
2.Теріс санына қарама-қарсы сан
А) натурал сан В) оң сан С) бүтін сан
3. 0 санына қарама-қарсы сан
А) теріс сан В) оң сан С) 0
4. Есепте: -(-4)
А) 4 В) -4 С) 05. Есепте: -(+5,2)
А) 5,2 В) -5,2 С)0
6. -( -b)
А) b В) -b С)0
VII.Бағалау
Үйге тапсырма:
А деңгей
№315, №316, №321(2,4,6)