- Учителю
- Есептің мәнді белгісі
Есептің мәнді белгісі
Тақырыбы: Есептің мәнді белгісі. («Артық» және «кем» ұғымдарымен байланысты мәтіндерді салыстыру, оның біреуі есеп)
Мақсаты: 1. Бірнеше бірлікке кем және артық санды табуға арналған есеп
жайлы оқушылардың білімін жетілдіру. Есептеу дағдыларын тиянақтау.
2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.
Көрнекілік: Дымбілместің суреті, лабиринт т.с.с.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық дайындық
-Үй жұмысын тексеру
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Ауызша санау: Ойын: «Адасқан сандар»
0 ден 10-ға дейін сандар тақтада орындары ауыстырылып ілінеді.
-Балалар, мына сандар адасып қалыпты. Қане бұларды өз орындарына қояйық. Ол үшін 10 бала керек. Әр бала бір сан алып өз орынын табу керек.
0, 1, 2, 3..... 10.
- 10 санын таңбалау үшін неше цифр керек? (екеу)
- Оны қалай атаймыз? (екі таңбалы сан )
-Ал, 1, 2, 5 сандарын қалай атауға болады? (бір таңбалы сан)
2. Дәптермен жұмыс:
а) бүгінгі күнді жазу.
ә) көркем жазу минуты.
3. Ойындық ситуация:
-Бүгін бізге қонаққа Дымбілмес келді. Ол сендерден көмек сұрауға келіпті. Көмектесеміз ба?
-Дымбілмес мектепке барғысы келеді. Бірақ жол бойы бірнеше кедергі бар екен. Біз бұларды өтуге көмектесейік. Солай ма?
Тақтада лабиринт ілініп тұр. Бір баланы шығарып маркермен бірінші кедергіге дейін сызады.
1 тапсырма: Есепте:
6+2; 5+4; 6+4; 7-2; 5+1;
8-5; 7-4; 6+3; 2+5; 10-5;
1-2 баланы тақтаға шығарып, есептету.
2 тапсырма: 76 бет, № 1 шығару.
-Бірден екі есеп оқылады. Есептерді салыстыру:
-Айырмашылығы неде? Қайсысы есеп? Неліктен? (Сол жақтағы есеп емес, себебі онда сұрақ жоқ) Оң жақтағы есепті шығару:
Қой - 10
Ешкі - ? 4-еуі кем
Ш: 10-4=6 (е.)
Ж: Қорада 6 ешкі бар.
4. Серігіту сәті
Алдымнан жел еседі,
Ағаштар тербеледі,
Кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
5.Ойынды жалғастыру.
3. тапсырма: 3 қатарды жарыстыру. Тақтаға 3 дөңгелек ілу. Оның ішінде 0-10 дейін сандар жазылған. Фломастармен сандарды өсу ретімен жалғастыру. Қай қатар бірінші бітіреді.
4 тапсырма:Есеп шығар:
Арманда 6 кітап бар. Әлияда 3 кітап бар. Барлығы қанша кітап бар? (Бір баланы тақтаға шығарамын)
Арманда - 6 к.
Әлияда - 3 к.
Барлығы - ?
Ш: 6+3=9 (к.)
Ж: Барлығы 9 кітап.
- Өте жақсы. Біз ақырғы кедергіден өттік. Енді Дымбілмес мектепте оқитын болды. Ол сендерге көп рахмет айтып тұр.
ІІІ. Қорытынды.
-Біз бүгін сабақта не істедік?
-Сендерге не ұнады?
-Қай тапсырма қиын болды?
-Үйге 76 бет № 2
-Бағалау.