7


  • Учителю
  • Математик 4 сынып. Артынан қуып жету қозғалысы...

Математик 4 сынып. Артынан қуып жету қозғалысы...

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 4-сынып Сабақтың тақырыбы : Артынан қуып жету қозғалысына берілген есептер. Сабақтың мақсаты : 1. Балаларды қуып жету қозғалысына берілген есептің жаңа түрімен таныстыру. 2.Қозғалысқа берілген есептерді шапшаң , дұрыс орындау, есте сақтау, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттерін дамыту. 3.Сыныптастарын сыйлау, өзгенің пікірін тыңдай отырып, дұрыс тұжырым жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: «Сын Тұрғысынан Ойлау»стратегиясы ББҰ сызба әдісі Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі : Интер тақта, слайдталған толық сабақ жүрісі, суреттер, сызбалар. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. ІІ. Ұйымдастыру кезеңі : Психологиялық дайындық. ІІІ. Үй тапсырмасы: Талдау ,тексеру Қайталау . ІҮ. Мағынаны ашу Жаңа сабақ. Сызба ,жылжытын нысандар арқылы есептің жаңа түрін шығару жолын түсіндіру.

Жүк көлігі V1-60км/сағ Жеңіл машина V2-90км/сағ90-60 = 30 (км/сағ) -машиналардың жақындау жылдамдығы.

180 : 30= 6(сағ)жүк көлігін қуып жету үшін жеңіл машинаға осынша уақыт қажет.

Бастапқы бекіту. Баяндау әдісі бойынша № 1 Есепті талдай отырып бүкіл сынып орындайды. Әжей U 1= 60м/мин Оқушы U 2= 110 м/мин Екеуінің арақашықтығы- 200м t -?мин қуып жетеді Шешу жоспары: Екеуінің жақындау жылдамдығын табу. Қуып жету үшін екеуінің арасындағы бастапқы қашықтықты жүріп өтетін уақытты табу. * 1. 110-60= 50( м/мин) -екеуінің жақындау жылдамдығы. *2. 200:50 =4 (мин) -- оқушы әжейді 4минутта қуып жетеді.

Ү.Сергіту сәті. ҮІ. Топпен жұмыс Әр топқа өзіне ұнаған суреттерді нысан ретінде қолданып есеп құрастыру және оны шығару тапсырылады. І топ аю және араның суреті ІІ топ 2 шаңғышының суреті ІІІ топ қоян мен түлкінің суреті

І топ аю- 10м/мин ара- 15м/мин арақашықтық- 20 м Шешуі: 15-10= 5(м/мин) 20:5= 4(мин) -- аюды ара қуып жетеді.

ІІ топ 1-ші ш-8 км/сағ 2-ші ш-14 км/сағ арақашықтық-30 км Шешуі: 14-8= 6(км/сағ) 30:6= 5(сағ) -2-ші шаңғышы 1-шіні қуып жетеді.

ІІІ топ қоян- 12м/с түлкі-20м/с арақашықтық-160м Шешуі: 20-12= 8м/с 160:8= 20 (мин)- түлкі қоянды қуып жетеді. № 5-8 тапсырмалар өздік жұмыс ретінде оқушының таңдауы бойынша орындату.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. /ББҰ/ 1.Бүгінгі есепті шығаруда басты назарда нені көздедіңдер? Артта келе жатқан нысанның жылдамдығы алдағы нысанның жылдамдығынан жоғары болу керектігін білдік. 2.Ал егер берілген есепте алда келе жатқан нысанның жылдамдығы артта келе жатқан нысанның жылдамдығынан жоғары болса ше ,қандай қорытынды шығарар едіңдер ? /Оқушылар бір ауыздан қуып жете алмайды деген қорытынды жасады./ Жарайсыңдар ...!

ҮІІІ.Үйге тапсырма № 3 Бағалау.

















Сактаганова Н.Ы « Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта мектебі»мектебі»бастауыш сынып мұғалімі Ақтау қаласы---2016 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал