- Учителю
- Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Теңге'
Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Теңге'
Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы №6 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Макишева Алтынай Ахмедиевна
Сабақтың тақырыбы: «Теңге».
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру
Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. «Теңге» ұғымын қалыптастыру.
Теңгедегі бабалар өмірінен мағлұмат беру.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту.
-
Ауызша есептеу.
Мультфильмдегі қасқыр мен қоянның киімдерін бояу.
(берілген амалдарды орындау)
-
Өткен тақырыпты қайталау.
-
Пішіндерді атау
-
Дидактикалық ойын «Мысықтың үйін тап».
Жаңа сабақ.
-
Мұғалімнің түсіндіруі: (слайдтар арқылы)
Теңге - ұлттық ақшаның атауы.
Түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болады, 1,2,3,5,10.
Ірілене береді, ірі болған сайын құны артады, ұсақталған сайын құны кемиді.
-
Ірі теңгелердегі ұлы адамдар бейнесі Әл-Фараби, Абай Құнанбаев туралы қысқаша мағлұмат беру. (Слайдта көрсетіліп отырылады).
-
Теңгелерді көрсете отырып, таныстыру. (Суреттер арқылы, слайдтар арқылы)
-
Әр ұлттың өз ақшасы бар.
Қырғызда - сом, өзбекте - сум, орыста - рубль, немісте - марка, қытайда - юань, америкада - доллар.
Сергіту сәті.
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Болады екен он саусақ.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 (саусақтарын жұмып отырып, тура санайды)
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 (саусақтарын ашып отырып, кері санайды)
-
3,5,10 теңгеліктердің құрамы.
Тақтада түсіндіріліп отырып, орындалады.
-
Дәптерлерінде жұмыс.
1+3=4
1+1=
3+3=
3+5=
5+3=
5+1=
3+3+1=
5+5=
5+3+1=
-
Оқулықтағы суреттер мен белгілерге қарап есеп құрастыру.
-
Бір стақан шай 5 теңге, бір күлше де 5 теңге тұрады. Барлығына қанша ақша бересің?
5+5=10 (тг)
Сабақтың соңы.
-
«Дүкен» ойыны.
-
«Ұқсастығын» және «Айырмашылығын» табу.
-
Мадақтау.
Сабақ қалай өтті. (балалардың ой- пікірлерін сұрау)
Көкшетау қ. №6 орта мектеп
Бастауыш сыныптарының онкүндігінде өткізілген ашық сабақ жоспары.
Тақырыбы: «Теңге»
0 «В» сынып
Мұғалімі: Макишева А.А.
2010-2011 оқу жылы