7


  • Учителю
  • 'Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері' жаңа сабақ

'Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері' жаңа сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Геометрия, 7 сынып

Реті:35

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін білу

Дамытушылық: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін есептеукезінде дұрыс қолдана білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

3.Жаңа тақырып:

Егер үшбұрыштың бір бұрышы 900-қа тең болса, онда мұндай үшбұрышты тік бұрышты үшбұрыш деп атаймыз.Тік бұрышқа а қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп, ал қалған екі қабырға катеттер деп аталады. Тік бұрышты үшбұрыштардың бір ортақ элементі бар - ол тік бұрышы. Сондықтан тік бұрышты үшбұрыштар үшін теңдік белгілерін былай айтуға болады.

І белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың екі катеті екінші тік бұрышты үшбұрыштың екі катетіне тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.

ІІ белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен оған іргелес сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен оған іргелес сүйір бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

ІІІ белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен сүйір бұрышына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.

IVбелгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.

Практикалық бөлім:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№171, 172,173,182

Үйге тапсырма беру:

Қорытындылау, бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал